«Сыбайлас жемқорлықпен күресу - әрбір азаматтың міндеті»
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде бүгінде саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да бар, тек ауқымы бойынша ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестиция тарту процесін тежейді. Ол демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашақ дамуына үлкен қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленген.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы Әділет департаментінде тұрақты негізде «Әдеп жөніндегі уәкіл» жұмыс істейді. «Әдеп жөніндегі уәкілдің» негізгі қызметі жаңадан қабылданған қызметкерлермен әңгімелесу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, қызметкерлер арасында құқықтық және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру рухында тәрбиелеу.
Жаңа қызметкерлердің алған білімдері олардың өмірінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен байланыста болмауға көмектеседі деп сенгім келеді.
Өйткені, болашақ жас ұрпақтың еншісінде!
Ақмола обысы әділет департаментінің Есіл ауданаралық әділет басқармасы.