
zharkain
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ
Біздің мемлекетіміз, әлемнің басқа да көптеген елдері сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Қазақстан-сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған ТМД мемлекеттерінің алғашқыларының бірі.
Сыбайлас жемқорлық - бұл, әдетте, қоғамның мүдделеріне, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетін мемлекеттік функцияларды жеке мүдделерге пайдаланудан басқа ештеңе емес. Сыбайлас жемқорлық қоғамның салауатты даму жолында елеулі кедергі, араласуды және жоюды талап ететін әлеуметтік зұлымдық болып табылады. Бірақ бұл жағымсыз құбылыспен тиімді күрес оның мәнін, пайда болу шарттары мен салдарын толық және нақты білместен мүмкін емес. Қарапайым мағынада сыбайлас жемқорлық, ең алдымен, мемлекеттік қызметпен байланысты. Шынында да, мемлекеттік қызметшілер едәуір өкілеттіктерге ие және көбінесе бақылаусыз әрекет ете отырып, лауазымдық жағдайды өз мүдделеріне, демек, мемлекет мүдделеріне қайшы пайдалануға барлық мүмкіндіктерге ие. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс.
Сонымен қатар, егер қоғамның өзі, әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға батылдық танытпаса, ал мемлекеттік басқару құзыретті және тиімді болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмайды. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі сипатқа ие болды және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының күнделікті қызметінің басым бағыттарының біріне айналды. Сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылданды. Мемлекеттік қызметшілердің жеке және заңды тұлғалармен байланыстарын барынша азайтуға бағытталған өз қызметінде біз мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайлар ғана емес, себептер де болмауына ұмтыламыз, осылайша рұқсат беру құжаттарын беру "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында "Жарқайың аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" АММ ғимаратында бейнебақылау камералары, сондай-ақ Басқарманың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне азаматтардың өтініштері мен арыздары үшін жәшік орнатылды. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы ресми ескертулерге қол қойды, лауазымдық нұсқаулықтарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы тармақ енгізілді; "сенім телефоны" ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ғимараттың фойесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау үшін жәшіктер орнатылған, азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген, қолжетімді орындарда стендтер орналастырылған.
Жариялылық және ашықтық қағидатын іске асыру мақсатында басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша тұрақты сабақтар өткізілетін семинарлар, дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
"Жарқайың аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" АММ басшысы, Ж.АХМЕТОВА.
Астана күні туралы не білеміз?
Астана қалай құрылды
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елдің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатында республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқаның ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екенін көрсетті. Бұл туралы Елбасы өзінің "Еуразия жүрегінде" атты кітабында былай деп еске алады.
"Ақмола Қазақстанның географиялық орталығы деуге болатын, Қазақстан экономикасының өрлеуінде жетекші де өскелең нүктелері болып отырған маңызды шаруашылық өңірлерге жақын орналасқан. Қала ірі көліктік арналардың қиылысында, тоғыз жолдың торабында тұр. Бұдан басқа, қала Қазақстан үшін көптеген шет елге шығудың мейлінше төте жолы – трансеуроазия арналарына таяу қоныстанған", - деп жазған еді Назарбаев.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені баршаға аян. Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Назарбаевтың ұсынысымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда Елбасы астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қояды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап иеленді. Деректерге сүйенсек, елорданы ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде, Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) халқының саны 290 мыңдай ғана болған екен.
Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде мерекеленіп келді.
Кейінірек парламент депутаттары заңға тиісті түзетулер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды. Айта кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні елорда күнімен тұспа-тұс келеді.
Астана атауы қанша рет өзгерді
Алғаш қала 1832 жылы Есіл өзенінің жағасындағы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі негізделгенде пайда болды. 1863 жылы Ақмола ресми түрде округтік қала ретінде жарияланып, 1960 жылы еліміздің солтүстік облыстары кіретін тың өлкесінің орталығы болды. 1961 жылға дейін ол Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, ал 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Ақмола аталып келді.
1998 жылы 6 мамырда президент жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Сол жылдары елорда атауына қатысты түрлі ұсыныстар айтылған еді.
"Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз астана! Қазақша әдемі естіледі. Қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық реңк бар. Астана! Біздің жалпы көңіл ауанымызды және астананы көшіруден күтерімізді бейнелейтін өте ауқымды әрі қысқа ұран сияқты. Бірақ бұл атауды қазақша пайдаланудың жаңылтпаш сияқты өзіндік ерекшелігі болғалы тұр. Мысалы, астанамыз Астана! Бірақ, әлемдік тәжірибеде мұндай да мысалдар жетіп артылады. Мысалы, Бразилияның астанасы Бразилиа. Міне, осылай! Сөйтіп, түн ортасында келген ой – Қазақстан астанасының жаңа атауы Астана көкейге біржолата ұялады", - деп жазды Назарбаев "Еуразия жүрегінде" атты кітабында.
Дәл сол күні Астана қаласында Сарыарқа және Алматы аудандарын құру туралы жарлық шықты.
2019 жылдың көктемінде елорда атауы тағы өзгерді. Қазақстанның екінші президенті 2019 жылы 20 наурызда ұлықтау рәсімінде ел астанасын республиканың тұңғыш президентінің құрметіне Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды.
Тоқаевтың бұл ұсынысын парламент пен қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Осылайша 23 наурызда мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
Елорданың жаңа атауы – Нұр-Сұлтан дефис арқылы жазылатын болды. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған, "нұрдың сұлтаны" деген мағына береді.
Астана күні қалай тойланады
Астана күні бүгінде жалпыхалықтық мейрамға айналды. Бұл мерекені еліміздің әр өңірі ерекше атап өтеді. Мерекелік концерттер, көрмелер, халықтық серуендер ұйымдастырылады. Бұған қоса, 6 шілде күні қазақстандықтарға бір күн демалыс беріледі.
Нұр-Сұлтанда мейрам қарсаңында басталатын шаралар айдың соңына дейін жалғасады. Мереке күндері алыс-жақын өңірлерден қонақтар ағылады.
Бұл күндері түрлі концерттер, спорттық сайыстар, халықтық серуендер, фестивальдер өтеді, жас жұбайлар некесін қидырады.
Мереке соңы дәстүрлі отшашумен аяқталады.
Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа құқықтық ақпарат беру бойынша тәулік бойы (үзіліссіз және демалыссыз) тегін анықтамалық, консультациялық қызметтер көрсетуді, құқықтық мәселелер және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша консультация беруді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының ережелерін түсіндіруді жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік органдар туралы байланыс мәліметтерін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының деректерін ұсынады.
Консультативтік қызмет көрсету:
Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмірі: 119;
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін: 8(7172)58-00-58 (желі операторының тарифына сәйкес);
WhatsApp мессенджері арқылы (+7708-693-56-31);
«Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде «виртуалды кеңесші» виджетінің чат-бот модуляциясы арқылы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдарлары арқылы жүзеге асырылады.
Ақмола облысы Әділет департаменті.
Домбыраның шығу тарихы және түрлері
Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап. Ендеше назарларыңызға домбыраның шығу тарихы мен түрлері жайында кеңінен ақпарат ұсынамыз.
Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан. Бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері болды. Олардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түсті. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.
Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сонымен қатар шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.
Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12—14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7—8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.
Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б.
Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде:
- Ән мен күй домбырасы
- Торсық
- Тұмар
- Кең шанақты (екі нұсқасы)
- Балдырған
- Балашық
- Шіңкілдек
- Аша
- Үш ішекті
- Қуыс мойын
- Шертер
Оркестр домбыралары:
- Қоңыр дауысты (альт)
- Жіңішке дауысты (прима)
- Ащы дауысты (секунда)
- Бас домбыралар (екі нұсқасы)
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сонымен қатар оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.
Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз.
Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:
1932 – 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, ағайынды И. және Б.Романенколар, Қ.Оңалбаев, т.б. еңбек етсе, оны 1960 – 1970 жылдары Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы жалғастырды.
1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің (Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор, бас, контрабас сияқты түрлері дүниеге келді.
1990 – 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt-dastur/53033/
Туберкулездің алдын алу
Туберкулез-адам ағзасына Кох таяқшаларының енуінен пайда болатын жұқпалы ауру. Ауру қауіпті, себебі ол тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Сирек сүйек, тері, лимфа, жүйке, лимфа жүйесі, сондай-ақ басқа органдар мен жүйелер туберкулезге бейім.
Туберкулез түрлері: ашық және жабық түрі. Туберкулездің алғашқы белгілері: жөтел-туберкулез белгілерінің бірі. Ерте кезеңдерде ауру дерлік асимптоматикалық болып табылады. Ол дамыған сайын науқастың жағдайы нашарлайды, бірақ нақты белгілер байқалмайды. Шаршау, әлсіздік, айқын себептерсіз салмақтың күрт төмендеуі, температура 37-38 °c, ұзақ уақыт бойы төмендемейді, түнгі терлеу пайда болады. Балаларда ауру ересектерге қарағанда тезірек дамиды. Туберкулездің өкпе формасы жөтелмен бірге жүреді. Алдымен жеңіл, уақыт өте келе дами бастайды. Егер жөтел үш аптадан астам уақытқа созылса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Жөтел бастапқыда құрғақ, әсіресе түнде және таңертең. Кейінірек сары-жасыл қақырық шыға бастайды.
Ересек жастағы туберкулездің алдын алу жыл сайын диспансерлік бақылау және ауруды ерте сатысында анықтау болып табылады. Туберкулезді ерте кезеңде анықтау мақсатында ересектер емханада жылына кемінде 1 рет флюорографиялық тексеруден өтуі қажет (мамандығына, денсаулық жағдайына және әртүрлі қауіп топтарына жататындығына байланысты). Бұл қауіпті аурудың алдын алу үшін дененің қарсылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану керек, оған дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден бас тарту, дене шынықтыру, спорт, денеңізді қатайту кіреді.
Жарқайың аудандық санитарлық-эпидимиологиялық бақылау басқармасы.
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Ауа температурасының жоғарылауына байланысты, Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сізді су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтамауы, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған жерлерде шомылуы қайғылы жағдайларға және адамдардың қаза болуына әкеп соқтыратыны туралы ескертеді.
Суға шомылу алдында шомылу орындарын дурыс тандап суға түсу ережелерін қатан түрде сақтаныз.
- Су айдындарында болғанда және демалғанда сақ болыңыз;
- дұрыс жазғы демалыс орынын тандау, суға шомылуға жарамсыз жерлерден, тиым жасалған жерлерден абай болыңыз (қатты ағыс, терен жерлер, су асты мүк өскен)
- суға түсу уақытында алкогольді ішімдіктерді ішпеңіз;
- кішкентай баларды қараусыз қалдырманыз;
Абай болыңыздар! Сіздердін демалысыныз Сіздердін жақындарыңызға қайғылы жағдай алып келмесін.
Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
Хабарлау кезінде әрекет ету
Халықты қорғаудың басты шараларының бірі-қандай да бір қауіп немесе аппатар туындау қаупі туралы ақпараттандыру және хабардар ету болып табылады. Қауіп туралы уақытында хабардар ету және осы жағдайға сәйкес әрекет ету туралы халықты хабардар ету.
Халықты хабардар ету бірыңғай ескерту дабылы «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!» болып табылады
Егер ұзақ дабыл естісеңіздер бұл «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!» ескерту дабылы екенін білуіңіз қажет. Ары қарай хабарлама:
«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!» ескерту дабылын естіген жағдайда:
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- Жергілікті радио және теледидар арналарын қосу;
- Болып жатқан жағдай туралы шұғыл ақпаратты мұқият тыңдау және соған орай әрекет ету;
- Дулей зілзала немесе апаттарды жою кезінде осы барлық ақпарат құралдарын қосып қою.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
- Даладық дабылдағыштар және жылжымалы хабарландыру құралдарынан беріп жатқан шұғыл ақпаратты мұқият тыңдау немесе оқу;
- Адам көп жиналатын жерлердегі плазмалық панельдерде орналасқан және далалаық жарықдиодты экрандардағы ақпаратты оқу;
- Хабарламаға сәйкес әрекет ету.
Сондай-ақ халықты хабардар ету жіберілген СМС хабарламалар арқылы,өнірлік ұялы байланыс операторлары арқылы жузеге асырыпады. Құрметті аудан тұрғындары және келген қонақтар! Осы аймақтағы жоспарланған іс-шараларға сәйкес айдың әрбір екінші сейсенбісінде барлық командалар шығарылған ескерту жүйесіндегі (дыбыстық сигналдар электр сиренасы) тексерулер жүргізіледі. Осыған байланысты, аталған сигналдарды естігенде, қобалжымауларынызды сұраймыз.
Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
Хабарлау кезінде әрекет ету
Халықты қорғаудың басты шараларының бірі-қандай да бір қауіп немесе аппатар туындау қаупі туралы ақпараттандыру және хабардар ету болып табылады. Қауіп туралы уақытында хабардар ету және осы жағдайға сәйкес әрекет ету туралы халықты хабардар ету.
Халықты хабардар ету бірыңғай ескерту дабылы «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!» болып табылады
Егер ұзақ дабыл естісеңіздер бұл «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!» ескерту дабылы екенін білуіңіз қажет. Ары қарай хабарлама:
«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!» ескерту дабылын естіген жағдайда:
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- Жергілікті радио және теледидар арналарын қосу;
- Болып жатқан жағдай туралы шұғыл ақпаратты мұқият тыңдау және соған орай әрекет ету;
- Дулей зілзала немесе апаттарды жою кезінде осы барлық ақпарат құралдарын қосып қою.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
- Даладық дабылдағыштар және жылжымалы хабарландыру құралдарынан беріп жатқан шұғыл ақпаратты мұқият тыңдау немесе оқу;
- Адам көп жиналатын жерлердегі плазмалық панельдерде орналасқан және далалаық жарықдиодты экрандардағы ақпаратты оқу;
- Хабарламаға сәйкес әрекет ету.
Сондай-ақ халықты хабардар ету жіберілген СМС хабарламалар арқылы,өнірлік ұялы байланыс операторлары арқылы жузеге асырыпады. Құрметті аудан тұрғындары және келген қонақтар! Осы аймақтағы жоспарланған іс-шараларға сәйкес айдың әрбір екінші сейсенбісінде барлық командалар шығарылған ескерту жүйесіндегі (дыбыстық сигналдар электр сиренасы) тексерулер жүргізіледі. Осыған байланысты, аталған сигналдарды естігенде, қобалжымауларынызды сұраймыз.
Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
Велосипед ұрлығынан сақ болыңыздар!
Жыл сайын велосипедшілер саны артып келеді. Өкінішке орай, велосипед ұрлығы жиі кездеседі. Сізге қатысты қылмыстық әрекеттерді жасау мүмкіндігін азайтатын бірнеше ережелер бар:
📌Велосипедті қараусыз қалдырмаңыз;
📌Велосипедті кездейсоқ немесе бейтаныс адамдарға қарауға сенбеңіз;
📌Егер бар болса, велосипедті бейнебақылау камераларының назарына қалдырған жөн;
📌Велосипедті қоршауға бекіту кезінде оның сенімділігіне көз жеткізіңіз;
📌Велосипедтің барлық тез алынатын жабдықтарына назар аударыңыз.
Сақ болыңыз және мүліктеріңізді сақтау үшін қажетті шараларды сақтаңыз!
Жарқайың ауданының полиция бөлімі.
Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 32 сессиясы өтті
2022 жылғы 24 маусымда жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 32 сессиясы өтті.
Сессияға Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжанов төрағалық етті.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 08 ақпандағы № 7С-3/1 «Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы».
- «Жарқайың ауданы әкімінің жеке құрамын келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
- «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С-18/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы.
Қаралған мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жарқайың аудандық мәслихаттың баспасөз қызметі.