г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Бүгін, аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шоновтың төрағалығымен облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындысы және жер қатынастары саласындағы өзге де мәселелер бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы Әсет Қасымжанов шартты жер үлестерінің иегерлерімен байланысты мәселе бойынша, Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жер және жерге орналастыру есебінің басшысы Жұмажан Бейсенбаева халықтың мал жаюы үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесі бойынша, Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Кеңес Әлімжанов жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар баяндамашыларға жер қатынастары саласына қатысты сұрақтарын қоя алды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! 23 маусым-Қазақстан полициясының тарихындағы ерекше күн. Учаскелік инспекторлар, тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер, басқа да офицерлер мен қатардағы жауынгерлер және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер, ішкі істер органдарының ардагерлері - таңдаған ісіне адал адамдардың барлығын мерекемен құттықтаймын. Ең алдымен, Сіздерге ауыр қызметте табыс, оптимизм, амандық, отбасылық бақыт және мықты денсаулық тілеймін!

Полиция қызметкері болу иық белдіктерін кию және барлық заңдарды білу дегенді білдірмейді. Нағыз полицейге ең бастысы - бұл мейірімді жүрек пен абырой, адамгершілік және адам өмірінің құндылығын түсіну. Бірақ, полицейлердің өмірінде ол қорғауға ант берген халықтың көзіне мақтанышпен қарауы үшін әрқашанда ісіне адал болуы керек.

Құрметті әріптестер сіздерді еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін және еркіндігін жанқиярлықпен қорғауға шақырамын.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы табысты мемлекеттің тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде ғана құрыла алатынын растайды. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметшілердің еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға қосқан елеулі үлесімен мақтануға болады. Ал алда - жаңа мақсаттар мен міндеттер тұр.

Халық Сіздерден, мемлекеттік қызметшілерден кәсібилікті, адамгершіліктің жоғары деңгейін, патриотизмді және заңдылықты сөзсіз сақтауды күтетінін әрдайым есте ұстауыңыз керек.

Жыл сайын Сіз өзіңіздің кәсіби мерекеңізді атап өткен сайын, алдымызда тұрған міндеттерді орындағаныңызды және біздің ауданымыз өз дамуында тағы бір сатыға жоғарылады деп мақтанышпен айта аласыз.

Жарқайың ауданы ПБ бастығының м.у.а. полиция майоры С.Ғ. Жаркенов.

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа Қазақстанға аяқ басқан кезеңде, сіздердің алдарыңызда әрине маңызды міндеттер тұр, ел, қоғам болып сіздерге үлкен сенім жүктеп, биік талаптар қойып отыр. Сондықтан, атқарған жұмыстарыңыздың жемісін көріп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Халықпен бірігіп, бірлесе жұмыс атқарып, елдің ортасында жүріп, қарапайым көпшілікке қолдау көрсету- сіздердің басты мақсаттарыңыз болып, халықтың әл- ауқаты, әлеуметтік жағдайы көтерілгенде- сіздердің атқарған істеріңіздің үлкен нәтижесі шығады! Сәттілік тілеймін! Ауданның полиция қызметкерлері- елді қорғауда, ұрпағымыздың тыныштығы үшін аянбай жұмыс істеп жатыр, полицияға қызмет е у үшін барған азаматтар- рухы биік азаматтар болуға тиіс! Сондықтан, жерлестердің көңілінен шығып, әрқашан елдің ыстық ықыласына, үлкен ризашылығына бөлене беріңдер! Баршаңызға зор денсаулық, отбасында бақыт тілеймін! Әрдайым алғыс пен құрметке ие бола беріңдер! Ауданымызды көркейту жолында, толағай табыстар тілеймін!

Жарқайың ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұ. Ахметова.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Судья мен сот қызметкерінің күнімен құттықтаймын! Сот жүйесі әрқашан Мемлекеттік қызметтің маңызды бағыты, оның басты міндеті - азаматтардың сот арқылы қорғалуға заңды құқықтарын іске асыру болып табылады.

Жарқайың аудандық соты  қызмет атқарып келген жылдарда аудан аумағында отандық сот төрелігі жүйесін дамытып және жетілдіре отырып, уақытпен қатар қадам басып келеді.

Бүгінгі таңда Жарқайың аудандық сотында өз міндеттерін орындауға адал, білікті мамандар жұмыс істейді. Сіздердің еңбектеріңіз-бұл біздің ауданда сот төрелігін нығайту мәселелері табысты шешілуінің кепілі, ал біздің тұрғындар әрқашан заңның қорғауында болады. Аудандық сот судьялары мен қызметкерлерінің әрқайсысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосуда, соның арқасында халықтың сот жүйесіне деген сенімі жылдан жылға артып келеді.

Жарқайың аудандық сотының қызметкерлеріне шын жүректен зор денсаулық, мықты рух, бейбітшілік,  жақсылық және амандық тілеймін! Ертеңгі күнге деген сенімділік және аудан игілігі үшін күнделікті қызметіңізде сәттілік тілеймін!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Вторник, 28 июня 2022 06:12

Құрметті сот қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Сот және сот қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Соттардың қызметі Қазақстанды егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде құру, құқық үстемдігі мен заңдылық қағидатын бекіту үшін аса маңызды мәнге ие. Өйткені, сот-қақтығыстарды шешудің және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың демократиялық тетігі.

Осы мереке күні Сіздерге жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны, кәсібилігі, құқық пен әділеттілік идеалдарына адалдығы үшін алғысымды білдіремін. Сіздің табандылығыңыздан, жоғары кәсіби деңгейіңізден, міндеттерді адал атқаруыңыздан және адамдарға деген құрметіңізден азаматтардың сот билігіне деген сенімі, қоғамның құқықтық санасының деңгейі тәуелді болады.

Сіздің салаңыз сот ісін жүргізудің демократиялық негіздерін нығайтуға, заңды және әділ шешімдер қабылдауға одан әрі барынша күш-жігер жұмсайтынына сенімдімін.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық бақыт, бақ-береке және жауапты да игілікті қызметте жаңа жетістіктер тілеймін!

Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитов.

Телефоныңызды қаржы алаяқтарынан қалай қорғауға болады?

  Гаджеттерге алаяқтық шабуылдар күн сайын жасалып тұрады. Тек 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында, «Касперский зертханасының» деректері бойынша, Қазақстанда фишингтік сайттарға 890 мыңнан астам және түрлі акциялар мен конкурстар жүргізілетін алаяқтық ресурстарға 335 мыңнан астам кіру әрекеттері бұғатталды. Біздің еліміздің пошта трафигіндегі спамның үлесі 49%-ды құрады. Сондай-ақ алаяқтар пайдаланушылардың есептік деректерін және телефондардан басқа да жеке ақпаратты ұрлауға маманданған зиянды трояндарды белсенді түрде таратқан.

Өзіңізді және телефоныңызда сақталған құпия ақпаратты қалай қорғауға болатынын Fingramota.kz айтып береді.

       

 

         Алаяқтар қандай деректерді алғысы келеді

      Сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет: жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік коды, мысалы, VISA карталарына арналған CVV коды немесе MasterCard карталары үшін CVC-код. Сондай-ақ олар сіздің телефоныңызға SMS, логин, онлайн-банкингтен пароль, мобильді банктік қосымшадағы жеке кабинеттер түрінде келіп түсетін банктің кодтары мен хабарламаларын білуі қажет. Сонда ғана олар сіздің шотыңыз бойынша кез келген операцияларды кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін барлық төлем ақпаратына ие болады.

Әлеуметтік инженерия мен фишингті қолдана отырып, алаяқтар сіздің гаджеттеріңізге, атап айтқанда ұялы телефонға қашықтан қол жеткізу және осылайша құпия ақпаратты ұрлау мақсатында конфиденциалды деректерді білуге тырысады.

Егер сіз алаяқтарға бұл ақпаратты өзіңіз берсеңіз, онда бұл тек сіздің кінәңіз болады. Бұл жағдайда банк ұрланған ақша қаражаты үшін жауап бермейді және өтемейді.

 

           Гаджетіңізді кибершабуылдардан қалай қорғау керек

          Әрине, ешкім де маңызды қаржылық ақпаратты алаяқтарға өз еркімен бергісі келмейді. Онда қаскөйлер түрлі бағдарламалық қамтылымдарды  (БҚ) пайдаланады. Мысалы, трояндарды іске қосады,  трояндар - рұқсат берілген БҚ түрінде бүркемеленген зиянкес бағдарлама. Олар пайдаланушылардың жүйелеріне рұқсатсыз қол жеткізуге көмектеседі және қажетті қаражатты ұрлайды. Көп жағдайда трояндар мобильді қосымшалар мен мессенджерлерге шабуыл жасайды, себебі адамдар үнемі өз телефонын банктік қосымшалар орнатылған, парольдер мен басқа да маңызды ақпараттар сақталатын сенімді құрылғы ретінде қолданады. Сонда-ақ, шабуылдар кезінде электрондық хаттар, SMS немесе MMS қолданылады.

          Мұндай шабуылдардан қорғану үшін тексерілген вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалану қажет. Оларды өзіңіз қолданатын барлық құрылғыларға орнатып алыңыз, және оларды жиі-жиі жаңартып отыруды ұмытпаңыз, себебі алаяқтар үнемі БҚ мен қосымшалардағы кемшіліктер мен осалдықтарды іздеп отырады.

         Сіздің поштаңызға келетін сілтемелерге назар аударыңыз, егер де домен күдік туғызатын болса, сілтемені ашпаңыз, бұл жерде бұзып кіру қауіпі бар. Спамдарды бұғаттаңыз және оны корзинаға жөнелтіңіз.  Операциялық жүйені жаңартып отырыңыз және барлық қосымшаларға, пошта жәшіктеріне, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға сенімді және әртүрлі құпия сөздерді орнатыңыз. Қосымшалардың және басқа да маңызды сервистердің  парольдерін/кіру кодтарын телефонда сақтамаңыз. Құрылғының жадында   электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) кілтін сақтамаңыз. Құрылғылардың жадында банк карталарының фотосуреттерін, сондай-ақ парольдің жазылуы мен дербес/құпия деректердің ұрлануына әкелуі мүмкін басқа да ақпаратты бейнелейтін фотосуреттерді сақтамаңыз және мессенджерлерде жібермеңіз.

 

                Тексерілген ақпарат көздеріне ғана сеніңіз …

 Айфон иелері қосымшаларды AppStore-ден ғана, ал Android базасындағы телефондар – Google Play-ден алуға қажет. Қосымшаны жүктемес бұрын пайдаланушылардың түсіндірмелерімен мұқият танысыңыз және әзірлеушілердің қосымшаны кезеңмен жаңартып отыруына (ресми дүкендерде міндетті тәртіппен соңғы жаңартулардың күні көрсетілген) көз жеткізіңіз. Уақыт өткен сайын орнатылған қосымшалардың тізімін тексеріңіз. Керек емесін, егер оларды жиі пайдаланбасаңыз, әсіресе, егер олар ресми дереккөздеріне болмаса және соңғы рет қашан жаңартылған белгісіз болса алып тастаңыз. Сіз құрылғынызды бұзу әрекетіне осылайша жол бермейсіз. Банк картасын қосымшалардың ақылы сервистарына байланыстырмаңыз.

 

          …және белгісіз адамдарға сенбеңіз

 Сіз зиянды бағдарламалар ғана қауіп төндірмейтіндігін түсінуге тиіссіз. Алаяқтар сіздің ақшаңызды алу және гаджетіңізді басқару үшін қашықтан қолжетімділіктің жария бағдарламаларын жиі пайдаланады. Осы бағдарламалардың көмегімен қылмыскерлер мыналарды: банктен келетін пароль мен кодтары бар SMS-ты оқи алады, сіздің мобильдік  банктік қосымшаға кіре алады, сіздің атыңыздан ақша аударады немесе кредит алады. Мұның бәрі, егер сіз өзіңіздің мобильді телефонға «шпиондық» қосымшаны көшіріп алған болсаңыз іске асады. Сондықтан сізден түрлі себептер бойынша қандай да бір бағдарламаны немесе қосымшаны көшіріп алуды сұрайтын адамдарға сенудің қажеті жоқ. Мысалы, сізге телефонға банктің немесе өзге де қаржы ұйымдарының қызметкерлері болып қоңырау шалады және сіздің шотыңызға алаяқтық шабуылдарға байланысты қосымшаны көшіріп алуды сұрайды.

 

 Конфиденциалдылық теңшеуін мұқият бақылаңыз

  Қосымшалар орнатқан жағдайда, бағдарламаға деректерді бақылауға, геолокацияға және байланыс телефондар тізіміне кіруге рұқсат беру-бермеу керектігін ойланыңыз. Мұны қажет болған жағдайда ғана жасауға болады, мысалы: такси қосымшасына сіздің орналасқан жеріңізді білуге немесе коллаж жасау үшін галереяңызға кіруге мүмкіндік беріңіз. Егер талаптардан күдіктенсеңіз, бас тартуға және басқа, неғұрлым сенімді қосымшаны таңдауға құқығыңыз бар. Пайдаланушы келісімін жаңартқан кезде онымен мұқият танысып, барлық шарттарды зерделеуді ұсынамыз.

 

Қосымшаларыңызға бірдей парольдер қоймаңыз

    Пароль қою кезінде ол кемінде сегіз таңбадан тұруы керек екенін ұмытпаңыз: цифрлар, бас әріптер және басқа да белгілер. Танымал сөздерді, туған-туыстар мен достардың туған күнін, аты-жөндерін пайдалану ұсынылмайды. Әрбір аккаунтқа немесе қосымшаға әртүрлі парольдер қоюға ерінбеңіз. Телефон сізге парольді автоматты түрде сақтауды ұсына ма? Бас тартыңыз. Әр уақытта парольді қайта енгізуге тырысыңыз. Екі факторлы бірдейлендіруді теңшеңіз, содан кейін жүйе SMS-хабарлама немесе электрондық мекенжайға хабарлама түрінде дереу келетін кодты растауды сұрайды.

 

    Телефонды жоғалтып алған жағдайда деректердің қауіпсіздігін қалай сақтау қажет?

 Байланыссыз төлем жасау үшін гаджеттерін пайдаланатын телефон иелеріне екі есе мұқият болу қажет. Телефонды жоғалтып алуға болады немесе оны ұрлап кетуі мүмкін. Осындай ықтималдылықты ескере отырып, бұл туралы алдын ала ойланып, смартфон қаскөйлердің қолына түскен жағдайда өзіңізді қауіптен сақтау қажет.

 

Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?

 

  1. Бұғаттауды пайдаланыңыз

Телефонның теңшеулерінде экранның автоматты бұғатталуын қосыңыз, саусақ ізінің немесе Face ID көмегі арқылы биометрикалық құпиясөзді қолданыңыз.

 

  1. Қадағалау теңшеуін орнатыңыз

Құрылғының орналасқан орнын қашықтан қадағалауға мүмкіндік беретін бағдарламаны пайдаланыңыз. Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда сіз өзіңіздің гаджетіңіздің қай жерде екенін қадағалап, оған қосылып, өзіңіздің барлық деректеріңізді өшіре аласыз.

Мысалы, Android базасындағы құрылғыларда Google Find My Device  телефонды іздеу функциясы бар, Samsung девайстарында – Samsung Find My Mobile ұқсас опциясы, iOS алаңында – Find My iPhone опциясы бар. Оларды гаджеттің теңшеуінде міндетті түрде алдын ала іске қосыңыз.

 

  1. Резервтік көшірмелер жасаңыз

Міндетті түрде деректеріңіздің резервтік көшірмелерін жасаңыз. Бұл опция теңшеу конфигурациясын, барлық қосымшаларды және жеке ақпаратты сақтау үшін ойлап табылған. Берілген функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және оларды жаңа құрылғыға көшіруге көмектеседі.

 

      Егер сіздің телефоныңыз ұрланған болса, қандай әрекеттер жасау керек?

    Сіздің банктік картаңызға тікелей байланысты нөмірі бар телефон жоғалған жағдайда, сізге қызмет көрсететін банкке шұғыл түрде хабарласуға кеңес береміз. Барлық карталарды бұғаттауды сұраңыз. Оларды кейін қайта шығаруға тура келеді. Басқа құрылғылардан пошта жәшіктеріне, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға құпия сөздерді шұғыл түрде өзгертіңіз.

 Егер сіз телефоныңыз ұрланғанына сенімді болсаңыз, ұрлық туралы құқық қорғау органдарына өтініш жазуды ұсынамыз, тіркелген көшірмені өзіңізде сақтаңыз. Сіздің шотыңыз бойынша операциялар соңғы рет қашан жасалғанын банктен нақтылаңыз. Егер алаяқтар сіздің картаңыздан қаражат алып үлгерсе, онда банкке өтініш жазып, ішкі тергеу жүргізуді сұраңыз. Сіз барлық сақтық шараларын сақтадыңыз деп талап етіңіз. Осы өтінішке телефонды ұрлау туралы өтініштің көшірмесін қоса беріңіз.

Кредиттік тарихыңызды міндетті түрде кредиттік бюродан сұраңыз, Қазақстанда олар екеу: Мемлекеттік кредиттік бюро және Бірінші кредиттік бюро, сондай-ақ портал арқылы egov.kz немесе тұрғылықты жері бойынша ХҚКО. Мұны жасау қажет, өйткені қаскүнемдер сіздің атыңызға кредит алуға тырысуы мүмкін. Fingramota.kz бұл жағдайда не істеу керектігі туралы жазған.

 Мұндай жағдайларды болдырмауға тырысыңыз, ең жақсы шара – алдын-алу шарасы, телефонды, құпия деректеріңізді сақтаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz!-пен арттырыңыз! Бізге әлеуметтік желілерде жазылыңыз!

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, оған, әсіресе, аға буын өкілдері  бой алдырып жатады. Қарт адамдарды алаяқтардың арбауынан қалайша қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz айтып береді.

Алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру сервистерін белсенді пайдаланады, сондықтан олар үшін кез келген банктің колл- орталығының 4 таңбалы нөмірін басқа нөмірге ауыстыру түкке тұрмайды. Қарт адамдардың тап болулары мүмкін түрлі оқиғаларды қарастырайық.

 «Қауіпсіз» шот

Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, олардың карточкаларынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағандары жөнінде айтады. Ол үшін клиент өз қаражатын дереу қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше қарияның интернет немесе мобильді банкингті қолдана алу, алмауын нақтылайды. Содан кейін өзінің зейнетақылық ақшасын қашықтан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді, телефонына қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді.

Кеңес

Телефон алаяқтары қарт адамдардың сеніміне кіру үшін барлық айла-шарғыларды қолданады. Мұндай жағдайда ең бірінші – мұндай әңгімені тоқтатып,  сізге қызмет көрсететін банкке телефон соғу қажет. Банктің байланыс нөмірі карточканың артқы бетінде жазылып тұрады.

Ешқашан қоңырау шалушылардың қандай да бір нұсқауларын орындамаңыз: ақша аудармаңыз, күмәнді қосымшалар орнатпаңыз және қаржы ұйымдарының жалған қызметкерлерінің талаптары бойынша SMS-хабарламалардан сілтемелер бойынша өтпеңіз.

Өзіңіздің дербес деректеріңізді, карточканың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз: CVC/CVV-код (картаның сыртқы жағында көрсетілген үш таңбалы код), растау кодтары, ПИН-кодтар. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары бұл ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды.

  Жалған кредит ресімдеу

Сізге банктің атынан хабарласып тұрмыз деп қоңырау шалып,  N сомаға кредит ресімдеуге өтінім берген- бермегеніңізді нақтылайды. Егер сіз шын мәнінде өтінім бермеген болсаңыз, онда алаяқтардың сіздің атыңыздан кредит алмақ ойлары бар. Алаяқтар алдыңғы схемамен жұмыс істейді: сізге шұғыл шаралар қабылдау және олардың нұсқауларын орындау қажеттігін айтады. Бұл үшін олар сізге ұялы телефоныңызға орнататын және деректеріңіз қорғалатын қосымшаға сілтеме жібереді. Бағдарламаны жүктегеннен кейін сіздің телефоныңызға SMS-хабарлама немесе электрондық пошта арқылы хабарлама келеді, содан кейін банктің жалған қызметкері кодты атауды сұрайды және өкінішке орай, кредитті беріп үлгергенін, бірақ алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмағанын хабарлайды. Содан кейін  алаяқ өзі айтқан басқа шотқа осы ақшаны аудару арқылы ақшаның өзіңізде қалатындығына сендіреді.     

Кеңес

Кредит «ресімделді» деген банктің филиалына қоңырау шалыңыз немесе барыңыз және жағдайды шешу үшін мүмкіндігінше жедел түрде ресми өтініш жазыңыз. Өтініштің кіріс нөмірі бар көшірмесін міндетті түрде алыңыз.

Сізге қоңырау шалынған нөмірді банктің қауіпсіздік қызметіне хабарлауды, сондай-ақ құқық қорғау органдарына өтініш жазуды қоса ұсынамыз.

«Фейк» аударма

Сізге банк картаңызға белгілі бір ақша сомасының аударылғаны туралы SMS келді. Ізінше олар сізге белгісіз нөмірден қоңырау шалып, ақшаның қате аударылғанын айтып, сізден кері аударуды сұрайды. Алаяқтар сіздің көңіліңізді «жібітіп», өздері туралы көптеген мәліметтерді,  яғни бұл олардың соңғы ақшасы екендігін, олар жұмысынан айрылғандықтары, қаражат емделуге қажет екендігі сияқты бір сарынды ақпарат. Бұл сізді алдарқатуға тырысатын белгі. Кейде қоңырау шалушылар сізге  «мазалағандары үшін» бонус деп қаражаттың аз бөлігін өзіңізге қалдыруды ұсынады.

Кеңес

Мүмкін алаяқтар сауда алаңында тауарды сатқаны үшін ақы алу үшін сіздің шотыңызды көрсетуі мүмкін. Егер сіз оларға сеніп, аударым жасасаңыз, онда сіз ақшасыз ғана емес, сонымен қатар өзіңізге қосымша қиындықтар туғызасыз. Өйткені, әлеуетті сатып алушы тауарды алмай, құқық қорғау органдарына жүгінуі мүмкін. Сіз ақша алушы ретінде алғашқы күдікті боласыз.

Сондықтан, егер белгісіз біреулер Сіздің шотыңызға белгілі бір соманы аударса, онда ешқандай жағдайда оны қайта аудармаңыз және шешіп алмаңыз. Өз банкіңізге хабарласыңыз, онда Сізге осы қате аударыммен не істеуге болатынын түсіндіреді.

 Құқық қорғау органдарынан түсетін «қоңыраулар» 

Алаяқтар өздерін құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырып, Сіздің танысыңыз, досыңыз немесе туысыңыздың келеңсіз жағдайға тап болғанын хабарлауы мүмкін. Мысалы, адамды қағып кеткені, ауруханада жатқаны немесе терактіге қатысқаны. Кез келген жағдайда қылмыс қорқынышты, ал салдары қайтымсыз көрінуі керек. Мәселені қандай да бір сома шеше алады. Бір жағынан, айтқандары айтарлықтай әсер қалдырды, екінші жағынан – сұрап отырған сома тез төлей алмайтындай көп те емес. Негізінен, мұндай алдаудың құрбандары – жақын адамыңызға көмектесу үшін соңғы ақшасын беруге дайын қарт адамдар. Қосымша стресс факторы, әдетте, абоненттің қоңырауларға қол жетімсіздігі болып табылады – алаяқтар мұны да біліп алады.

Кеңес

Ең дұрысы, мұндай сәтте сұрақ қоя бастау. Күдікті қай полиция бөлімшесінде? Ол қандай баппен айыпталып отыр? Әрекет қашан орын алған? Адвокаттың көмегі ұсынылды ма, адвокаттың аты-жөні кім? Сонымен қатар, ҚР ІІМ жедел желісіне және аудандық полиция бөлімшесіне қоңырау шалу керек. Ешбір  жағдайда үрейге бой алдырмаңыз, бейтаныс адамдарға ақша беріп, шотына ақша аудармаңыз.

 Қарт адамдарды алаяқтардан қалай қорғауға болады?

  • Қарт адамдарға бейтаныс адамдарға сөзсіз сенудің қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз, тіпті олар өздерін банк, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып таныстырса да;
  • Егер қоңырау шалушылар сізге аты - жөніңіз бойынша жүгінсе және сіздің мекенжайыңызды білсе, бұл адамдар ресми адамдар дегенді білдірмейді. Бұл деректерді көптеген жолдармен алуға болады, олар тіпті интернетте жалпыға қол жетімді;
  • Қызметкердің аты-жөні мен лауазымын  міндетті түрде сұраңыз және олар өкілі болып қоңырау шалып отырған ұйымның  жедел желісіне немесе колл-орталығына қоңырау шалу арқылы қайта тексеріңіз;
  • Егер жақын адам бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, қиыншылыққа тап болғанын айтса, оған ақша аударуды сұраса, сөйлесуді аяқтап, оған қайта қоңырау шалыңыз;
  •  Өзіңіздің жеке деректеріңізді, банктік картаңыздың деректемелерін, картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV-кодты, құпия сөзін және ақша қалдығын ешқашан және ешкімге айтпаңыз;
  • Банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Бұл конфиденциалды мәліметтер тек алаяқтарға қажет.

 Өзіңізді, жақындарыңызды сақтаңыз және қаржылық сауаттылықты Fingramota.kz-пен арттырыңыз!

Алаяқтар көбінесе жаңалықтар себептерін өз пайдасына пайдаланады. Олар қандай күмәнді схемаларды ойлап табады және оларға қалай қарсы тұруға болады, Fingramota.kz айтып береді.

Дабыл қоңырауы
Азаматтардан ақша ұрлау схемаларының бірі банктерді SWIFT халықаралық аударымдар жүйесінен ажыратумен байланысты. Өздеріңіз білетіндей, Еуроодақ елдері, АҚШ, Канада және Ұлыбритания жақында Ресейдің кейбір банктерін осы халықаралық банк жүйесінен ажыратуға келісті. Сондай-ақ, осы жүйені аттас SWIFT халықаралық ұйымы бақылайды. Тек банкаралық деңгейде қолданылатын және бүкіл әлемде жұмыс істейтін барлық жүйелердің ішінде SWIFT жаппай қолданылатын жүйе болып табылады және арнайы желі арқылы қаражат аударымдары, төлемдер және бағалы қағаздармен алмасу туралы ақпарат берудің қорғалған арнасын білдіреді.
Телефон алаяқтары өздерін Қазақстан банктерінің қауіпсіздік қызметтері ретінде таныстыра алады және жинақтарды сақтап қалу үшін клиентті «қауіпсіз» шоттарға ақша аударуға банк SWIFT жүйесінен ажыратылуы мүмкін деген сылтаумен көндіре алады.
Ол үшін клиент ақша қаражаттарын аударуға көмектесетін қандай да бір қосымшаны жүктеп алуы немесе картаның арт жағындағы үш таңбалы кодты, оның қолданыс мерзімін, сондай-ақ SMS арқылы келетін растау кодын қоса алғанда, банк карточкасының деректемелерін хабарлауы қажет.
Қажетті ақпарат алаяқтардан шыққаннан кейін, олар сөйлесуді аяқтап, сіздің банктік шотыңызды бірден босатады, тіпті сізді хабардар етпей жалған кредиттер бере алады.

Не істеу керек?

1. Сізге қоңырау шалушы ақша және оны «жоғалтып алмау» туралы әңгіме қозғай бастаса, бірден сөйлесуді үзіп жіберіңіз!
Банк қызметкері сіздің құпия деректеріңізді ешқашан сұрамайды және бірінші болып қоңырау шалмайды. Егер олар операцияны күдікті деп санаса, онда олар сіздің шотыңызды бірден бұғаттап, кейіннен оның анық-қанығына жетеді.
Сізбен қаржы алаяқтарының хабарласқанына көз жеткізу үшін, бірден өзіңізге қызмет көрсетілетін банкке жедел желі нөмірі арқылы хабарласыңыз. Ешқашанда телефон қоңырауы келіп түскен нөмірге қайта хабарласпаңыз. Алаяқтар кез келген тіпті төрт таңбалы телефон нөмірлерін де заманауи технологиялардың көмегімен ауыстыруды үйреніп алған.

2. Бірінші болып қоңырау шалған адамға өз деректеріңізді беруге асықпаңыз, банкте деректеріңіздің онсыз да бар екенін ұмытпаңыз!
Шын мәнінде банкте жұмыс істейтін банк менеджері сізге хабарласып, тегіңізді; паспорт деректеріңізді; қандай картаның ресімделгені, онда неше ақша қалғанын нақтыламайды. Банкте сіздің толық қаржылық досьеңіз – кредиттік тарихыңыз бар. Сондықтан да банктің қызметкерлері ешқашан телефон арқылы осы мәселелер бойынша хабарласпайды. Бұл ақпарат тек алаяқтар үшін ғана маңызды болып келеді.
Есіңізде болсын, банктер клиенттерден: карточканың толық нөмірін; оның жарамдылық мерзімін; CVC/CVV; интернет-банкингтің логині мен паролін; код сөзін, SMS-хабарламаның кодын телефон арқылы сұрау үшін ешқашан қоңырау шалмайды. Банк бұл деректерді сіз өзіңіз қандай да бір мәселені шешу үшін сол жерге қоңырау шалған жағдайда ғана сұрата алады. Мысалы, шетелге барған кезде картаны бұғаттан шығару үшін, қайта шығарылған картаны қайдан алуға болатындығын нақтылау және т.с.с. Егер олар сізге қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, осындай ақпаратты сұраса, тіпті автоматты жауап бергішке айту керек болса да, күмән жоқ – бұл алаяқтар.

3. Егер телефон алаяқтары сізді қорқытуға тырысса, үрейленбеңіз!
Сіздің картаңызбен күрделі мәселе бар деген үрей тудыратын мәлімдемеге ең жақсы жауап: «Мен қазір тексеру үшін банкке қоңырау шаламын немесе өзім барамын». Қоңырау шалушы бірден телефонды өшіретініне сенімді болыңыз.

Аяушылық ойыны

Басқа алаяқтық схемасы қайырымдылық тақырыбымен байланысты. Мысалы, әлеуметтік желілерде сізді мұқтаж жандарға, жануарларға көмектесуге шақыруы мүмкін немесе көшеде қолдарында балалардың, мысықтардың немесе иттердің суреттері жабыстырылған мөлдір қораптары бар жастар келіп көмек сұрауы мүмкін.
Олар өздерін еріктілер ретінде таныстырып, қайырымдылық үшін ақша жинап жатқандығын айтады. Бұл ретте олар елдегі және әлемдегі болып жатқан соңғы оқиғаларға сілтей отырып, кез келген ұран айтуы мүмкін. Олардың басты мақсаты – сіздің аяушылық сезіміңізді ояту арқылы сізден неғұрлым көп қаражат алу. Егер сіз оларға сеніп, онлайн режимде олармен байланыс орнататын болсаңыз, онда қаскөйлер сізді фишингтік сайтқа өтіп, өз төлем деректеріңізді сонда қалдыруға мәжбүр етуі мүмкін. Немесе кибералаяқтарға сіз және сіздің шоттарыңыз туралы маңызды ақпаратты беретін шпиондық софт жүктеуге мәжбүрлеуі мүмкін.

Не істеу қажет?

1. Сыни тұрғыдан пайымдаңыз!
Адал қайырымдылық қорлары қолма-қол ақша түріндегі садақа жинау үшін өз волонтерларын көшеге, метроға, жерасты өтпе жолдарына жібермейді. Адал қайырымдылық қорлары қаражатты негізінен өздерінің ресми интернет-ресурстары мен аккаунттарында онлайн түрде немесе қайырымдылық фестивальдерінің шеңберінде, әртүрлі жәрмеңкелерде жинайды. Ол жерде міндетті түрде олардың стендтері, мөр басылған боксы болады, оның жанында қордың өкілі тұрады. Сондай-ақ, осындай боксты ірі супермаркеттердің сөрелеріне, дәріханаларға қоюға болады және бокста міндетті түрде оның кімге арналғандығы туралы ақпарат және қайырымдылық ұйымының байланыс деректері көрсетілуге тиіс.

2. Сұрақтар қойыңыз!
Жалған волонтерлар жиі жағдайда қарапайым сұрақтарға, атап айтқанда өздерінің қай ұйымға көмектесетіндігі, нақты немен айналысатындығы, сайттары қандай екендігі, нақты мекенжайы, аккаунттарының болуы және қандай әлеуметтік желілерде екендігі туралы және көптеген басқа да сұрақтарға жауап бере алмай жатады. Және, әдеттегідей, сіз оларды камераға түсіріп алғыңыз келетін жағдайда, олар қатты сасқалақтайды, дөрекілік танытады, телефонды алып алуға тырысады немесе қашып кетеді.

3. Кибергигиенаны сақтаңыз!
Интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде, әлде біреуге көмек көрсету туралы хабарламаларға мұқият болыңыз. Алаяқтар көбінесе «шұғыл» деген сөзді қолданады: дәрі-дәрмекке шұғыл көмек қажет, жарылыстан зардап шеккендердің тамақтарына жинау керек, итке шұғыл операция қажет және т.б. Ешбір жағдайда репост жасамаңыз. Сіздің парақшаңыздағы ақпаратты көріп досыңыз алаяқтарға сеніп қалуы мүмкін. Сіз, өзіңіз білмей, қаржылық алаяқтардың сыбайласы боласыз.
Сондай-ақ, жалған волонтерлер, әдетте, ұйымдардың емес, жеке тұлғалардың деректемелерін немесе мұқтаж адамдарға ақша аударуға болатын сілтемені қалдырады. Егер сіз көмектескіңіз келсе, қайырымдылық қорына олардың ресми сайтында көрсетілген байланыс телефондары арқылы қоңырау шалып, кімге және қандай көмек қажет екенін анықтаған дұрыс.

Fingramota.kz азаматтарды қырағы болуға және әртүрлі сылтаулармен, соның ішінде қайырымдылық мақсаттарымен сіздің жеке және төлем деректеріңізді білуге тырысатын бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.
Бізбен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз және бізге әлеуметтік желілерде жазылыңыз! 

Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:

1) есi дұрыс емес күйде баптарында көзделген іс-әрекеттердi жасаған;

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтындай бұзылған;

3) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;

4) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған;

5) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған он сегіз жастан асқан адамдарға тағайындауы мүмкiн.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалады.

Осы өзiнiң психикалық жай-күйі бойынша қауiп төндірмейтін адамдарға қатысты сот осы адамдарды емдеу немесе оларды психоневрологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.

Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мынадай түрлерiн:

1) амбулаториялық мәжбүрлеп байқауды және психиатрда емдеуді;

2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;

3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;

4) интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;

5) химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеуді және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын емдеуді тағайындауы мүмкін.

Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн сотталған, бiрақ есiнің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға сот жаза мерзімін өтегеніне қарай бостандығынан айыру орындарынан босату кезінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселені шешеді.

Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастыруды қажет етпесе, көзделген негiздер болған кезде амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.

Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және байқаудың осындай шарттарын талап ететiн болса.

Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен байқауды қажет ететiн, бiрақ интенсивтi байқауды талап етпейтiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

Мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша тұрақты байқауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

Интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша өзiне немесе басқа да адамдарға айрықша қауiп төндіретін және ұдайы әрі интенсивтi байқауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот жүзеге асырады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалған адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзу үшiн негiздердiң бар екенi жөнiндегi мәселенi шешу үшiн кемiнде алты айда бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясында куәландырылып отыруға жатады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгi мәжбүрлеп емдеудi ұзарту үшiн сотқа қорытынды бередi. Мәжбүрлеп емдеудi бiрiншi ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейiн жүргiзiлуi мүмкiн, мәжбүрлеп емдеудi одан кейiн ұзарту жыл сайын жүргiзiледi.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйi өзгерiп, бұрын тағайындалған шараны қолдануда қажеттілік болмай қалған не медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындауда қажеттілік туындаған кезде сот жүзеге асырады.

Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған жағдайда, сот мәжбүрлеп емдеуде болған адамға қатысты қажеттi материалдарды оны емдеу немесе психоневрологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына беруi мүмкiн.

Бас маман сот мәжілісінің хатшысы Тимур Смаилов.

Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:

1) есi дұрыс емес күйде баптарында көзделген іс-әрекеттердi жасаған;

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтындай бұзылған;

3) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;

4) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған;

5) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған он сегіз жастан асқан адамдарға тағайындауы мүмкiн.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалады.

Осы өзiнiң психикалық жай-күйі бойынша қауiп төндірмейтін адамдарға қатысты сот осы адамдарды емдеу немесе оларды психоневрологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.

Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мынадай түрлерiн:

1) амбулаториялық мәжбүрлеп байқауды және психиатрда емдеуді;

2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;

3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;

4) интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;

5) химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеуді және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын емдеуді тағайындауы мүмкін.

Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн сотталған, бiрақ есiнің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға сот жаза мерзімін өтегеніне қарай бостандығынан айыру орындарынан босату кезінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселені шешеді.

Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастыруды қажет етпесе, көзделген негiздер болған кезде амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.

Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және байқаудың осындай шарттарын талап ететiн болса.

Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен байқауды қажет ететiн, бiрақ интенсивтi байқауды талап етпейтiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

Мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша тұрақты байқауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

Интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетiнiң сипаты бойынша өзiне немесе басқа да адамдарға айрықша қауiп төндіретін және ұдайы әрі интенсивтi байқауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот жүзеге асырады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалған адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзу үшiн негiздердiң бар екенi жөнiндегi мәселенi шешу үшiн кемiнде алты айда бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясында куәландырылып отыруға жатады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгi мәжбүрлеп емдеудi ұзарту үшiн сотқа қорытынды бередi. Мәжбүрлеп емдеудi бiрiншi ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейiн жүргiзiлуi мүмкiн, мәжбүрлеп емдеудi одан кейiн ұзарту жыл сайын жүргiзiледi.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйi өзгерiп, бұрын тағайындалған шараны қолдануда қажеттілік болмай қалған не медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындауда қажеттілік туындаған кезде сот жүзеге асырады.

Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған жағдайда, сот мәжбүрлеп емдеуде болған адамға қатысты қажеттi материалдарды оны емдеу немесе психоневрологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына беруi мүмкiн.

Бас маман сот мәжілісінің хатшысы Тимур Смаилов.

Страница 101 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…