Құрметті аудандық сот қызметкерлері!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Судья мен сот қызметкерінің күнімен құттықтаймын! Сот жүйесі әрқашан Мемлекеттік қызметтің маңызды бағыты, оның басты міндеті - азаматтардың сот арқылы қорғалуға заңды құқықтарын іске асыру болып табылады.
Жарқайың аудандық соты қызмет атқарып келген жылдарда аудан аумағында отандық сот төрелігі жүйесін дамытып және жетілдіре отырып, уақытпен қатар қадам басып келеді.
Бүгінгі таңда Жарқайың аудандық сотында өз міндеттерін орындауға адал, білікті мамандар жұмыс істейді. Сіздердің еңбектеріңіз-бұл біздің ауданда сот төрелігін нығайту мәселелері табысты шешілуінің кепілі, ал біздің тұрғындар әрқашан заңның қорғауында болады. Аудандық сот судьялары мен қызметкерлерінің әрқайсысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосуда, соның арқасында халықтың сот жүйесіне деген сенімі жылдан жылға артып келеді.
Жарқайың аудандық сотының қызметкерлеріне шын жүректен зор денсаулық, мықты рух, бейбітшілік, жақсылық және амандық тілеймін! Ертеңгі күнге деген сенімділік және аудан игілігі үшін күнделікті қызметіңізде сәттілік тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.