Құрметті аудан мемлекеттік қызметшілері, аудандық полиция қызметкерлері және осы саладағы еңбек ардагерлері!
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа Қазақстанға аяқ басқан кезеңде, сіздердің алдарыңызда әрине маңызды міндеттер тұр, ел, қоғам болып сіздерге үлкен сенім жүктеп, биік талаптар қойып отыр. Сондықтан, атқарған жұмыстарыңыздың жемісін көріп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Халықпен бірігіп, бірлесе жұмыс атқарып, елдің ортасында жүріп, қарапайым көпшілікке қолдау көрсету- сіздердің басты мақсаттарыңыз болып, халықтың әл- ауқаты, әлеуметтік жағдайы көтерілгенде- сіздердің атқарған істеріңіздің үлкен нәтижесі шығады! Сәттілік тілеймін! Ауданның полиция қызметкерлері- елді қорғауда, ұрпағымыздың тыныштығы үшін аянбай жұмыс істеп жатыр, полицияға қызмет е у үшін барған азаматтар- рухы биік азаматтар болуға тиіс! Сондықтан, жерлестердің көңілінен шығып, әрқашан елдің ыстық ықыласына, үлкен ризашылығына бөлене беріңдер! Баршаңызға зор денсаулық, отбасында бақыт тілеймін! Әрдайым алғыс пен құрметке ие бола беріңдер! Ауданымызды көркейту жолында, толағай табыстар тілеймін!
Жарқайың ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұ. Ахметова.