Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары, мұсылман қауым!
Сіздерді мұсылман әлеміндегі ең қасиетті мейрамның бірі Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Бұл жақындарға қамқорлық көрсетуді және мұқтаждарға жанашырлықты бейнелейтін мұсылман маңызды мерекелерінің бірі. Ұлық мейрам – Құрбан айтта әрбір адам игі істер жасайды, жетімдерге, жалғызбасты қарияларға, аз қамтылған отбасыларға көмектеседі, адамдардың татулықта, бейбітшілік пен достықта болуына үндейді.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдегі жетекші мұмылман елдерімен достық қатынас орнатып, ислам әлемінде маңызды рольге ие болды.
Ауданымыздың мұсылман қауымы азаматтық қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысынан қалыптасуына, конфессияаралық диалог пен мемлекеттік ұйымдарының конструктивті қарым-қатынастың дамуына, өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге елеулі үлес қосып отыр. Осының бәрі татулық пен өзара келісімді нығайтуға қызмет етіп, біздің көпұлтты Отанымыздың көркеюіне септігін тигізеді.
Құдайдың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, қазан асылатын, мерекелік дастархан жайылып, ағайын-тумаға айттық беретін Құрбан айт мейрамы Сіздердің отбасыларыңызға да ырысы мен берекесін ала келсін деп тілеймін.
Құрметті жарқайыңдақтар! Еліміздің береке-бірлігін бекемдеп, халқымыздың ынтымағын арттыратын Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.