г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл

Аудандық мәдениет үйінде ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай Жарқайың аудандық ардагерлер Кеңесінің салтанатты пленумы өтті.

Жиынға аудан әкімі Жанболат Хамитов, ардагерлер кеңесінің алғашқы Төрағасы Қапар Сейіт ұлының ұрпақтары мен  кейінге төрағалардың жұбайлары, аудан маслихат хатшысы Асылхан Әлжанов, аудан құрметті азаматтары, және ауыл әкімдері, мемлететтік органдарының басшылары және қала мен ауылдық ардагерлер ұжымының төрағалары қатысты.

Салтанатты пленумда Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов құттықтау сөз сөйлеп, пленумның барлық қатысушыларын ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуымен құттықтап, қатысушыларға зор денсаулық, бақыт, отбасына амандық, бейбітшілік пен береке тіледі.

Аудан әкімі ардагерлер ұйымдарының өкілдеріне Жарқайың ауданының қоғамдық өміріне, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті.

Жиын барысында сөз Жарқайың аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметоваға берілді.

-Дана халқымыз "Қариясы бар елдің - қазынасы бар" деп, ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау керек екенін естен шығармаған халық, себебі ол кісілер айналысына шуағын шашып, шапағатын төгіп отырады.

Бүгінгі күні барша ардагерлердің мұң-мұқтажына құлақ асып, түйткілді түйіндердің шешілуіне себепші болушы- ардагерлердің ұжымдарының кұрылғанына - 35 жыл, сол себептен бүгін баршамыз жиналып отырмыз – деді, Ұ.Ахметова.

- Осыдан 35 жыл бұрын құрылған алғашқы ардагерлер кеңесі ардагерлерді шоғырландыру бойынша үлкен жұмыс атқарды, басты назар аудандық, қалалық, ауылдық бастауыш ұйымдарды құруға аударылды. Көптеген жылдар бойы жинақталған әлеуметтік мәселелерді шешу жүзеге асырылды, зейнеткерлер зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді талап етті, төрағаларға бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, даналық пен шыдамдылыққа шақыруға тура келді. Ол кезде аз қамтылған, өте мұқтаж зейнеткерлер көп болатын. Олар кеңеске көмек сұрап жиі жүгінді және ардагерлер кеңесі олардың өтініштерін қанағаттандыру үшін бәрін жасады- деп еске алады, ардагерлер кеңесінің төрайымы.

Сонымен қатар, салтанатты пленум барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлбосын Ахметова, Тассуат ауылының ардагерлер ұйымының төрайымы Сара Жаныспаева, аудандық білім беру бөлімінің ардагерлер ұйымының төрайымы Грабихина Анна сөз сөйледі.

Негізінен ауданымызда ардагерлер кеңесін алғаш құрған адам Қапар Сейітұлы болды. Ол еңбектегі жетістіктері үшін Ленин орденімен және басқа да наградалармен марапатталған.

Кейін бұл жауапты міндетті Ораз Нурмухамбетов қолына алып, кеңес жұмысын жалғастырды, өз ісінің үлкен энтузиасты болды, құрметті және жігерлі, қамқор адам. Сондай-ақ, ардагерлер ұйымы нығайып, толық күшінде жұмыс істеуі үшін көп күш пен қуатын сарп етті және ол ұзақ уақыт бойы осы орында отырды.

Ораз атадан кейін ардагерлер кеңесін басқарған ауданымызда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеп, үлкен тәжірибесі мен дағдылары бар, жерлестеріміз сыйлайтын, өмірде өшпестей ізін қалдырған тәжірибелі және дана басшы Марат Бейсенұлы Каиров болатын. 

Ал, соңғы 12 жылда ардагерлермен, әртүрлі санаттағы зейнеткерлермен жұмысты одан әрі дамытуға қомақты үлес қосқан ардагерлер ұйымының жұмысын жақсарту үшін Өзипа Маржанқызы Шұңғұлова көп еңбек сіңірді. Ол кісінің атқарған ісі аудандық  БАҚ беттерінде айқын көрініс тапты.

Бүгінде Өзипа Шұңғұлова өз еркімен тиісті демалысына кетті.

Ағымдағы жылы абыройлы міндетті бұрын аудан маслихатының хатшысы болып жұмыс атқарған, ал қазірде зейнеткер атанған Ұлболсын Асқарқызы қолына алып, ардагерлермен жұмыс жасауда.

Ауданда ауылдық округтерде 17 және қалада 9 алғашқы ардагерлер ұйымы  бар.

Ардагерлер ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында бар мәселелерді шешу және қарт адамдарды әлеуметтік қорғауды жақсарту үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, төралқалар мен пленумдар, бастауыш ұйымдардың төрағаларымен кездесулер өткізіледі.

Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша дәстүрлі айлықтар, бұған дейін барлық деңгейдегі әкімдіктер мен ардагерлер ұйымдарының үлкен ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл сайын өткізілген айлық шеңберінде - түрлі материалдық көмек түрлерімен қамту бірнеше миллион теңгені құрайды - онда бұқаралық іс-шаралар, кездесулер, ардагерлерге құрмет көрсету, мерекелік түскі астар мен концерттер бар.

Дойбы мен шахмат бойынша турнирлер, ардагерлердің көркем өнерпаздыққа, қызығушылық клубтарына, қолданбалы өнерге қатысуы дәстүрге айналды.

Ардагерлер кеңесінің жұмысында барлық санаттарға: тыл еңбеккерлеріне, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль АЭС қатысушыларына, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл бөлінеді.

2022 жылы Жарқайың ауданында жалғыз басты қарттарға үйінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін "Доброе сердце" қоғамдық қоры жұмыс істейді.

Аудан бойынша жалғыз басты қарттармен жұмыс істейтін 23 әлеуметтік қызметкер бар.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, "мейірімділік сәулесі" қоғамдық қоры демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын үйде болады, барлық санаттағы 12 зейнеткерге жәрдемдеседі, онда өмір сүру және белсенді қызмет үшін барлық жағдайлар жасалған.

Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығы арқылы волонтерлік қозғалыстар жүзеге асырылуда, ауланы қардан тазалау бойынша қарттарға барады, отын жинайды және көмір түсіреді.

Бүгінгі күні "саптағы ардагерлер" - бұл ардагерлер ұйымдарының ұраны, бұл аға буын адамдарының қоғамдағы лайықты жағдайының, олардың әлеуметтенуінің, өзін-өзі жүзеге асыруы мен белсенділігінің, егде жастағы адамдардың әлеуетін ашуға жәрдемдесудің, ұрпақтар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың үлгісі.

Басты мақсат-кезінде қоғамның гүлденуі үшін күш пен денсаулық берген адамдарды қолдау, оларға белсенді ұзақ өмір сүруге тиісті жағдай жасау.

Ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай Бибігүл Ибраева балалардың суреттерінен картиналар көрмесін ұйымдастырды.  Жарқайың аудандық ардагерлер Кеңесінің салтанатты пленумы шағын концерттік бағдарламамен, балабақша тәрбиеленушілері мен аудандық мәдениет үйі әртістерінің өнерлерімен аяқталды.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…