Қоғамдық кеңес
Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжановтың төрағалығымен Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ШЖҚ "Жарқайың РБ "МКК," ВИОЛА " дәріханасының провизорлары, аудан әкімінің мүмкіндігі шектеулі адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде "Жарқайың ауданының ветеринарлық станциясының жұмысы ", "диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ амбулаториялық және стационарлық емдеудегі азаматтар үшін дәрілік препараттардың қолжетімділігі", "мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар", "Жарқайың ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы "Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 08 ақпандағы шешімінің күші жойылды деп тану", "Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу" туралы мәселелер қаралды..
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, оларға түсініктемелер берілді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсынымдар жолданады.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі.