Балаларды қорғау күні тойланды
Сәрсенбі күні аудан орталығында 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай. Шараға аудан әкімі Жанболат Хамитов қатысып, бүлдіршіндерге жарқын болашақ, бақытты балалық шақ тіледі. Бұл күні ауданымызда түрлі іс шаралар өтті. Аудан мәдениет үйінің алдында «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарлама қойылды, орталық алаңда «Дені сау бала» атты спорттық ойындармен эстафета ұйымдастырылды, Амфитеатрда «Балалар өмір гүлі» тақырыбында флеш-моб, театрландырылған қойылым, қол-өнер бұйымдары, картиналар көрмесі қойылды. Сонымен қатар, кешқұрым аудан мәдениет үйінің көрермендер залында мультфилм көрсетіліп, жалпы серуен ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, іс шараға бүлдіршіндер түрлі ертегі кейіпкерлердің үлгісіндегі киімдермен келген. Бұл күні барша балалар жоғары көңіл-күйде болды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі.