
zharkain
Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 27 шілдесінен 3 тамызы аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
- Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Сәуле Жульмухаметова аудан жастарының арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы әңгімелесу өткізді.
- Жарқайың ауданы жастарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының директоры Державин қаласының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемалар және олардың алдын алу әдістеру туралы жастардың арасында әңгімелесу өткізді.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 3 тамызында жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Далабай ауылының кітапханасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 27 шілдесінде мектеп әкімшілігімен әңгімелесу өткізді. Тақырыбы: "Сыбайлас жемқорлық". Сыбайлас жемқорлық – әдетте лауазымды тұлғаның өзіне сеніп тапсырылған өкілеттіктері мен құқықтарын, сондай-ақ осы лауазымдық мәртебеге байланысты өкілеттіктерді, мүмкіндіктер мен байланыстарды заң мен моральдық принциптерге қайшы келетін жеке бас пайдасы үшін пайдалануын білдіретін термин.
- «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 2-3 тамызында Державин қаласы әкімінің орынбасары Т.Б.Өмірзақовтың және «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы Н.Төлегенованың қатысуымен «2022 жылға қаланы абаттандыру жөнінде жүргізілген жұмыстар және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы» және «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
- «Жарқайың ауданы Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Кен ауылының кітапханасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 27 шілдесінде оқушылармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» ақпараттық сағатынақпараттық буклеттер таратылды.
Жарқайың ауданының әкімдігі.
Жарқайың ауданы бойынша ауыл әкімдерінің бірінші жартыжылдығының есептері басталды
2022 жылдың 8 тамызында аудан әкімі Жанболат Хамитов Үшқарасу, Пятигор ауылы және Костычев ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Халықпен кездесу барысында ауыл әкімдерінің бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар және екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер мен жоспарлар туралы есептері тыңдалды.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ұйым басшылары, аурухана мен полиция өкілдері қатысты.
Ауыл тұрғындары ауылдарда медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, мектептерді жөндеу және басқа да мәселелерді көтерді.
Тұрғындармен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, сапар барысында аудан әкімі ауыл мектептерін аралап, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті, жаңа оқу жылына дайындық және алдағы егін жинау барысымен танысты.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрметті шекарашылар және шекара қызметінің ардагерлері!
Сіздерді және отбасыларыңызды кәсіби мерекелеріңіз – шекарашылар күнімен құттықтаймын!
Біздің мемлекетіміздің – Қазақстан Республикасының алдыңғы шебінде қызмет ету, мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету –Сіздерге Ұлы миссия бұйырды. Отанымыздың қасиетті шекараларын қорғау-шекарашылардың алдында тұрған жауапты және маңызды міндет.
Шекарашылар алдағы уақытта да өзінің әскери борышын абыроймен орындап, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің алдына қойылған міндеттерді іске асыруға белсене қатысатынына нық сенім білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, қажырлы еңбекте табыс, отбасылық амандық тілеймін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Құрметті аудан құрылысшылары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Алдағы уақытта да тың табыстарға жете отырып, абыройларыңыздың арта беруіне тілектеспін!
Құрылыс саласы қоғамдық өміріміздің күрделі кешенді жүйесі, ал құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық екендігін өмір өзі дәлелдеп келеді.
Ауданымыздағы жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары өңір экономикасының көтеріліп келе жатқандығын аңғартады.
Елімізде құрылыс саласының дамуына, құрылысшылардың қарқынды еңбегін қамтамасыз етуге тұрақты назар аударылып келеді. Бұл қазақстандықтардың осы заманғы әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруға бағышталған үлкен міндеттен туындайды. Азаматтарымыздың сұранысы мен қажеттілігі басты бақылаудан түскен емес. Жекелеген тұрғындар да жаңадан жер учаскілерін алу арқылы тұрғын үйлер тұрғызуға күш салуда. Осының бәрі ауданымызда құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқандығын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетіндігін көрсетеді. Сол себептен құрылысшыларымызға төл мерекесі қарсаңында дән ризашылығымызды білдіреміз.
Әрине, қандай құрылыс болсын орасан зор еңбекті қажет етеді, ол сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің жемісі. Сол үшін аймақтың экономикасына қосып отырған үлестеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамын.
Құрметті құрылысшылар!
Сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбастарыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Құрметті қала тұрғындары!
Қала күнімен шын жүректен құттықтауды қабыл алыңыздар!
Әр ұрпақ өкілдерін біріктіретін бұл тамаша және жарқын мереке барлық қалалықтар үшін сүйікті мейрамға айналған.
Державин қаласы өткен мен бүгіннің, бірлік пен қалалықтардың жасампаздық әлеуетінің үлгісін көрсетуде.
Бүгіндері қаламыз қарқынды дамып келеді, ажарлана түсуде және тұрмыс үшін қолайлы болуда. Оның бет-бейнесі өзгеруде, көшелері, саябақтары мен шағын бақтары жақсарып, көз қызықтырады. Жастар шағын ауданына жолдар салынуда, тұрғын үйлер бой көтеруде.
Державин қаласының жолдары мен аулаішілік аумақтарды абаттандыру, көліктік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Қала көркіне айналар Орталық саябақ қалпына келтіріліп, замана талабына сай қала тұрғындарына мәдени демалуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл, әрине, барлық державиндіктердің еселі еңбектерінің нәтижесі, олардың әрқайсысы қала тағдырына өзіндік сүбелі үлес қосты.
Қымбатты достар!
Біздің қаламызда одан әрі үдемелі дамуға үлкен мүмкіндіктер бар, оны тек ортақ күш-жігермен жүзеге асыруға болады.
Әр отбасына денсаулық, бақыт, мерекелік көңіл-күй, бейбітшілік, амандық пен гүлдену тілеймін. Барлық игі бастамаларыңызда табысқа, жаңа еңбек және шығармашылық жетістіктерге қол жеткізіңіздер. Біздің сүйікті Державин қаласы ізгілікте гүлдене берсін.
Қала күнімен, қымбатты достар!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Құрметті аудан жастары!
Сіздерді жастар күні мерекесімен ыстық ықыласпен құттықтаймын!
Жастық – бұл нағыз ерліктің жасы, ақыл ойдың жасы, жігер мен намыстың, қайрат пен білімпаздықтың жасы. Ата-бабаларымыз «жас күнімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп тегін айтпаса керек. Әлемдік статистикаға сүйенсек ғалымдар, ақындар, жазушылар, жаңалық ашушы өнертапқыштар мен әнші-сазгерлер өздерін дүние жүзіне танытқан шығармалары мен еңбектерін отыз жасына дейін жазған екен.
Біздің мемлекетімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың салиқалы басшылығының арқасында жастар саясаты үлкен қолдауға ие. Жалпыұлттық жобалар ретіндегі «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Ауыл жастары», «Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» акциясы мен өзге де бағдарламалар соның айғағы.
Президентіміздің: «Біз үшін қазақстандықтардың осы кезеңдегі барлық жетістіктеріміздің маңыздылығын сезінуінің мәні жоғары» деген сөзі Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда екенін білдіреді, бұл үлкен сенім, зор жауапкершілік.
Осыны ақтау үшін жастардың бойында шынайы отансүйгіштік, елшілдік, халықшыл қасиеттер, озық білім, парасат пен мәдениет және мықты денсаулық болу керек.
Құрметті жас өрендер!
Біздің атқарған жұмысымыздан атқармаған жұмысымыз көп. Сондықтан «Жас келсе іске» демекші Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қарыштап дами түсуі үшін сендердің тың идеяларың, орнықты пікірлерің, алғыр шешімдерің мен шынайы тазалықтарың керек.
Сіздер мен біздер отаншылдық сезіммен, жалынды жігермен туған елімізге қызмет етейік!
Болашақтың іргесін бәріміз бірге қалайық, жастар!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Рейдтік іс-шаралар азаматтардың шомылатын орындарында жалғасуда
Жарқайың ауданының аумағында тұрақты ыстық ауа райыны болуына байланысты су айдындарында демалушылардын үлкен ағымы байқалады. Осыған байланысты адамдардың шомылу кезінде өлімі мен жарақаттануы жоғары қаупі сақталады. Суға шомылу кезеңінде су айдынында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында Жарқайын ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізулуде.
Жарқайын ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органадар, жергілікті полиция қызметімен және еріктілер мен бірлесіп күнде Есіл өзенің су айдыны бойымен бірлескен рейд өткізді.
Рейд барысында демалушылармен судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау туралы жадынамалар ұстатылды. Демалушыларға су айдынының маңында алкоголь өнімдерін ішуге тыйым салу бойынша және балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы қауіпті екені әңгіме жүргізілді.
Жарқайын ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері азаматтарды қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін су айдынының түрлеріне қарамастан судағы қауіпсіздік шаралары мен қағидаларын біліп, міндетті түрде орындауларына шақырады.
Жарқайын ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Бердіғалиев.
Үйдегі қауіпсіздік
Жекеменшік үйде немесе пәтерде біздің әрқайсысымыз өзімізді толық қауіпсіз сезінеміз. Алайда, егер сақтықтың нақты шараларын сақтамасан, тек материалды шығынды келтіріп қана қоймай, өзіңді жарақаттап алуға да болады.
Ең алдымен үйде тек жоғары сапалы құрал-жабдықтарды, жарамды электр құралдар мен құбырларды пайдалану керек. Егер отбасында кішкентай балалар бар болса, олардың үйдегі барлық қауіпті заттардан, құралдардан қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қажет. Балаларға тұрмыс жағдайында үнемі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау керектігі жөнінде еске салу қажет. Қолжетімді жерде алғашқы көмек көрсетуге қажетті қобдишаны сақтау, үнемі медициналық дәрі-дәрмек қорын толықтырып отыру керек. Қосымша ақпарат ретінде алғашқы медициналық көмек ұсыну бойынша анықтаманы сатып алу және балаларға медициналық көмек көрсетудің негізгі әдістерін үйрету қажет.
Отбасының әрбір мүшесі электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау тиіс:
- үйден шыққан кезде, міндетті түрде электр құралдарын сөңдіруді ұмытпаңыз;
- электр құралын тоққа қосулы күйінде қалдырмаңыз, тіпті оның ажыратқышы болса да;
- ашық қалған сымдарға және жөңдеуге келмейтін оқшаулағышы бар желіге қосулы құралдарға жақындамаңыз;
- розеткіде, патронда немесе электр құралдарының қысқышында кернеудің бар екенін тексеру үшін саусақтарыңызды салып тексермеңіз;
- қос тілді, розеткіден оның сымын тарта отыра, суырып алмаңыз (ол кернеуде тұрған сымды тақыр қылдыра отырып, үзіліп қалуы мүмкін);
- оқшаулағыш таспаның көмегімен электр құралдарының қос тілін жөңдемеңіз, егер де олар істен шықса, оларды лезде ауыстырыңыз;
- еденде жалаң аяқпен тұрып, үтікті су қолдарыңызбен ұстамаңыз және үтіктемеңіз, өйткені бұл электрлік зақымдану кезінде тоқтың дене арқылы өтуін қамтамасыз етеді және өмірге қауіпті электрлік тоқтың зақымдануына әкеліп соғады;
- қандай да бір жағдай болмасын жанған сымдарды сумен шашпаңыз және үзіп тастамаңыз, ең алдымен, электр тоғын өшіріп тастаңыз.
Жарқайын ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Бердіғалиев.
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Аудан аумағында ыстық ауа райының сақталуына байланысты, Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Сізді су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтамауы, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған жерлерде шомылуы қайғылы жағдайларға және адамдардың қаза болуына әкеп соқтыратыны туралы ескертеді.
- Суға шомылу алдында шомылу орындарын дурыс тандап суға түсу ережелерін қатан түрде сақтаныз.
- Су айдындарында болғанда және демалғанда сақ болыңыз
- дұрыс жазғы демалыс орынын тандау, суға шомылуға жарамсыз жерлерден, тиым жасалған жерлерден абай болыңыз (қатты ағыс, терен жерлер, су асты мүк өскен)
- суға түсу уақытында алкогольді ішімдіктерді ішпеңіз;
- кішкентай баларды қараусыз қалдырманыз;
Абай болыңыздар! Сіздердін демалысыныз Сіздердін жақындарыңызға қайғылы жағдай алып келмесін.
Жарқайың ауданының ТЖБ және 12-ӨСБ Державин қаласы
Балалар ойыншықтарының сапасын қалай анықтауға болады?
Әр баланың өмірінде ойындар мен ойыншықтар үлкен орын алады. Олар оған тек ойын-сауық пен көңілді ғана емес. Ойындар оған әлемді білуге, қарым-қатынасты үйренуге , сөйлеуді, қимылдарды, түс пен пішін сезімін дамытуға көмектеседі. Қауіпсіз ойыншықтар-бұл біздің балаларымыздың қауіпсіздігі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ай сайынғы негізде өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді, аккредиттелген зертханада зерттеу үшін ойыншықтардың үлгілерін іріктеуді жүргізеді.
Өнімнің қауіпсіздігін бақылау аясында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2021 жылы және 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде балалар ойыншықтарының 10 үлгісін зерттеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 6 үлгі "ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді, бұл 60% - ды құрады . Таңбалау бөлігіндегі бұзушылықтардың негізгі бөлігі (шығарылған күні, өндірушісі, мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы және т.б.).
Қазір дүкендерде балалар өнімдерінің кең ассортименті ұсынылған, кейде ата-аналар мұндай әртүрліліктің арасында жоғалып кетеді. Дегенмен, сатып алу кезінде ең маңызды нәрсені есте ұстаған жөн: тек жоғары сапалы, қауіпсіз және экологиялық таза материалдан жасалған функционалды ойыншық балаға барынша пайда мен қуаныш әкеледі.
Өнімнің сапасын бірнеше жолмен анықтауға болады. Өзіңізге ұнайтын ойыншықты таңдап, сатушыдан сәйкестік сертификатын сұраңыз. Ол Балалар тауарлары арнайы тексеруден өткенін, Кеден одағының техникалық регламентінің нормаларына сәйкес келетінін, қауіпсіз және балада аллергиялық реакция тудырмайтынын растайды. Қазақстан аумағында балалар ойыншықтарын өндіру, әкелу және сату үшін тағы бір қажетті шарт гигиеналық сертификат — санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы болып табылады.
Ойыншықтарды тек сату ережелерін сақтайтын және барлық қажетті құжаттары бар мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз. Жер асты өткелінде немесе көше науасынан сатып алынған ойыншықтар бала үшін қауіпсіз және барлық санитарлық – гигиеналық стандарттарға сәйкес келуі екіталай.
Өнімді мұқият тексеріңіз, ойыншықтардың таңбалануы сенімді, тексерілетін, анық, оңай оқылатын, қол жетімді және тексеру және сәйкестендіру үшін болуы керек. Ойыншықпен бірге жеткізілетін таңбалау және техникалық құжаттама орыс және Мемлекеттік тілдерде орындалады. Қаптамада ойыншықтың атауы, өндіруші фирма туралы деректер, дайындалған күні (айы, жылы), жарамдылық мерзімі, жас шектеулері, пайдалану шарттары көрсетілуі керек.
Егер пластикалық немесе резеңке ойыншықтарда айқын химиялық иіс болса, бұл сіздің алдыңызда баланың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін сапасыз өнім бар екендігінің белгісі. Ойыншықты бөлшектер мен тігістердің беріктігін, нәрестені зақымдауы мүмкін өткір бұрыштар мен бұдырлардың болуын тексеріңіз. Пластикалық ойыншықты алып, оны аздап ысқылаңыз, бояу қолыңызда қалмауы керек.
Баланың жас ерекшеліктерін дамытуға ықпал ететін әдемі ғана емес, сонымен қатар пайдалы ойыншықтарды да сатып алуға тырысыңыз. Егер нәресте кез-келген қабілетті ерте көрсеткен болса, мысалы, шығармашылық немесе дизайн, онда дұрыс таңдалған ойыншық оларды одан әрі жетілдіруге көмектеседі.
Құрметті ата-аналар!
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Сіздің балаларыңызға ойыншықтар сатып алғанда сергек болуға шақырады! Ережелерді сақтай отырып, сіз балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.
Жарқайың аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас маман О.Балгина.