Құрметті аудан құрылысшылары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Алдағы уақытта да тың табыстарға жете отырып, абыройларыңыздың арта беруіне тілектеспін!
Құрылыс саласы қоғамдық өміріміздің күрделі кешенді жүйесі, ал құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық екендігін өмір өзі дәлелдеп келеді.
Ауданымыздағы жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары өңір экономикасының көтеріліп келе жатқандығын аңғартады.
Елімізде құрылыс саласының дамуына, құрылысшылардың қарқынды еңбегін қамтамасыз етуге тұрақты назар аударылып келеді. Бұл қазақстандықтардың осы заманғы әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруға бағышталған үлкен міндеттен туындайды. Азаматтарымыздың сұранысы мен қажеттілігі басты бақылаудан түскен емес. Жекелеген тұрғындар да жаңадан жер учаскілерін алу арқылы тұрғын үйлер тұрғызуға күш салуда. Осының бәрі ауданымызда құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқандығын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетіндігін көрсетеді. Сол себептен құрылысшыларымызға төл мерекесі қарсаңында дән ризашылығымызды білдіреміз.
Әрине, қандай құрылыс болсын орасан зор еңбекті қажет етеді, ол сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің жемісі. Сол үшін аймақтың экономикасына қосып отырған үлестеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамын.
Құрметті құрылысшылар!
Сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбастарыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.