Құрметті аудан жастары!
Сіздерді жастар күні мерекесімен ыстық ықыласпен құттықтаймын!
Жастық – бұл нағыз ерліктің жасы, ақыл ойдың жасы, жігер мен намыстың, қайрат пен білімпаздықтың жасы. Ата-бабаларымыз «жас күнімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп тегін айтпаса керек. Әлемдік статистикаға сүйенсек ғалымдар, ақындар, жазушылар, жаңалық ашушы өнертапқыштар мен әнші-сазгерлер өздерін дүние жүзіне танытқан шығармалары мен еңбектерін отыз жасына дейін жазған екен.
Біздің мемлекетімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың салиқалы басшылығының арқасында жастар саясаты үлкен қолдауға ие. Жалпыұлттық жобалар ретіндегі «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Ауыл жастары», «Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» акциясы мен өзге де бағдарламалар соның айғағы.
Президентіміздің: «Біз үшін қазақстандықтардың осы кезеңдегі барлық жетістіктеріміздің маңыздылығын сезінуінің мәні жоғары» деген сөзі Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда екенін білдіреді, бұл үлкен сенім, зор жауапкершілік.
Осыны ақтау үшін жастардың бойында шынайы отансүйгіштік, елшілдік, халықшыл қасиеттер, озық білім, парасат пен мәдениет және мықты денсаулық болу керек.
Құрметті жас өрендер!
Біздің атқарған жұмысымыздан атқармаған жұмысымыз көп. Сондықтан «Жас келсе іске» демекші Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қарыштап дами түсуі үшін сендердің тың идеяларың, орнықты пікірлерің, алғыр шешімдерің мен шынайы тазалықтарың керек.
Сіздер мен біздер отаншылдық сезіммен, жалынды жігермен туған елімізге қызмет етейік!
Болашақтың іргесін бәріміз бірге қалайық, жастар!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.