
zharkain
Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет – бұл жекеленген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, жеке тәртіппен көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша іске асыру бағытталған, олардың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беру. Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту елдің басым бағыттың бірі ретінде табылады.
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарқайың аудандық аумақтық инспекция» ММ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.
«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру»
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі–Ветеринариялық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін) көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жануарлардан алынатын өнімдерді,шикізатты, азықтарды («Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген) Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде «*» символымен бекітілген өнімдерді қоспағанда) тасымалдау кезінде - сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
4) иттер мен мысықтардың орын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;
5) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі»
ҚР АШМ ВБ ж ҚК Жарқайың ААИ.
Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 14 шілдесінен 20 шілдесі аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
- Жемқорлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, 2022 жылдың 20 шілдесінде Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Львов ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерімен ұжымның арасында «Мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында нақты мәселені шешу үшін мемлекетпен қабылданатын шаралар туралы мәселелер талқыланды.
- Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Жанат Мыңбаев халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарының арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы әңгімелесі өткізді.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 20 шілдесінде жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.Жергілікті теледидарда «Басшы сағаты» бағдарламасында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Мұрат Берлібеков парасаттылық мәдениеті және адалдық туралы дәріспен сөз сөйледі.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ аудандық кітапхана қызметкерлері оқушылардың арасында «Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы» тақырыбында ақпараттық жұмыс жүргізді, оның барысында ақпараттық буклеттер таратылды.
- «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 19-20 шілдесінде «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ секторының меңгерушісі М.Дуденконың және Жарқайың ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Б.Кушековтың қатысуымен «Еңбек иммигрантын беру, ұзарту және қайтару» мемлекеттік қызметін көрсету» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
- «Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Жарқайың ауданынң әкімдігі.
"Қауіпсіз жол" айлық өткізу аясында макеттер орнатылды
"Қауіпсіз жол" айлық өткізу аясында Державинск-Арқалық автожолында Уәлиханов ауылы маңында "сиырлар" макеті, сондай-ақ Уәлиханов-Достық ауылдары арасында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінде оқушылар макеті орнатылды.
Сонымен қатар, Жарқайың ауданының Уәлиханов ауылында футбол алаңының жанында доппен жүгірген баланың макеті орнатылды!
Жарқайың ауданының ПБ.
Ревакцинация бойынша түсіндіру жұмыстары өтуде
Жарқайың аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Орынбасар Балғина жеке кәсіпкерлермен covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинация бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ревакцинация - бұл қайта егу. Ол бірінші жағдайдағыдай — иммунитетке вируспен күресуге және аурудың алдын алуға көмектесу үшін жүзеге асырылады. КВИ-ға қарсы ревакцинацияға үш және одан да көп ай бойы Қазақстан аумағында тұратын, КВИ-ға қарсы бастапқы вакцинациялаудың толық аяқталған курсын алған шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық адамдар жатады.
КВИ-ға қарсы Ревакцинация КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған адамдарға және бұрын КВИ-ға қарсы алдын ала вакцинациядан кейін 6 ай аралықпен бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен келді
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Кенжешұлы Әбдіқалықов Ақмола облысының аудандарына жұмыс сапарымен барып, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Камериданұлымен бірге Жарқайың ауданының алқаптарында болып қайтты. Ғалымжан Кенжешұлы "Отрадное-АГРО" ЖШС, "Жер байлық' ШҚ және "Мадияр и К" ЖШС алқаптарын аралады. Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу барысында Жарқайың ауданында мал шаруашылығының дамуы, егін жинау компанияларының басталуы және киіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарында кенінен жайылуы туралы мәселелер көтерілді. Көтерілген сұрақтарға ауылшаруашылық өндіршілер өз жауаптарын берді. Кездесу барысында Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арман Төлешұлы Жаныбеков Жарқайың ауданы бойынша алдағы егін жинау науқандарын дайындау және жем-шөп дайындау туралы есеп берді.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бруцеллез
Бруцеллез-жануардан адамға берілетін зоонозды инфекциялық-аллергиялық ауру, қызбамен, тамыр, жүйке және басқа да жүйелердің, әсіресе тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен қатар жүреді.
Бруцеллездің үш түрі бар: ұсақ қара малдың бруцеллезі, ірі қара малдың бруцеллезі және шошқа бруцеллезі. Бруцеллездің қоздырғышы-бактериялар (бруцеллалар) болып табылады.
Инфекцияның таралуында қой, ешкі, сиыр, шошқадан басқа маңызды жылқылар, бұғы, түйе, қашыр, ит, мысық және т. б. Қойлар инфекцияның негізгі көзі болып табылады және бруцеллез ауруының 90% айқын клиникалық көріністермен байланысты. Қойлар мен ешкілердің бруцеллезінен айырмашылығы, адамның сиыр бруцеллезімен инфекциясы көбінесе клиникалық айқын аурудың дамуына әкелмейді, бірақ симтомсыз (жасырын) инфекцияның дамуына әкеледі. Шошқаның бруцеллезі аралық қалыпта болады.
Жануарларда инфекция ұзаққа созылады, несеппен және сүтпен бруцеллалардың шығарылуымен бірге жүреді. Әсіресе жануарлардың ұрығы түсіктен кейін бруцеллалармен қанық болады.
Бруцеллалар сыртқы ортада тұрақты және бірнеше апта бойы топырақта (көңде) өмір сүреді.
Адам негізінен жануарларға күтім жасау кезінде, ет шикізатын, теріні, жүнді қайта өңдеу, бруцеллезбен зақымданған сүтті және шикі сүт өнімдерін тұтыну кезінде бруцеллезді жұқтырады. Ауру адамнан адамға берілмейді.
Бруцеллезбен ауырған адамдарда симптомдардың әртүрлілігі байқалады, сондай-ақ аурудың симптомсыз түрлері де орын алады. Науқастар әлсіздік, депрессия, ұйқының бұзылуы, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі және т. б. белгілерге шағымданады.
Басқаларында бас ауруы, тітіркену, төменгі арқадағы, бұлшықеттердегі, буындардағы ауырсыну болады. Аурудың жедел басталуына тән симптомдар: қызба, қалтырау, терлеу, әлсіздік, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, бөртпелердің пайда болуымен терінің зақымдануы байқалады. Бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндері үлкейеді. Аурудың әртүрлі кезеңдерінде қызыл иектен қан кету, мұрыннан қан кету, әйелдерде ұзаққа созылған етеккір қан жоғалту байқалады, несеп жыныс мүшелері зақымдануы мүмкін.
Бруцеллез ауруымен күресудің негізгі шаралары санитариялық-гигиеналық және ветеринарлық шараларды қатаң сақтау болып табылады
COVID -19 коронавирустық инфекциясына қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қайта жүргізілуде
Жарқайың аудандық санитарлық-эпидимиологиялық бақылау басқармасы басшысының м.а. Инна Трубавина Пятигорское ауылының мектеп қызметкерлерімен covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Спикер бүгінгі таңда COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын-алудың маңызды мәселелерінің бірі вакцинация, оның ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ ревакцинация екенін түсіндірді.
Қол жеткізілген ұжымдық иммунитетке қарамастан, ревакцинацияны алу керек, өйткені уақыт көрсеткендей, иммунитет 6 айдан кейін төмендейді, ал егер сіз үшінші дозаны алмасаңыз, жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін адамдарды вакцинацияламасаңыз, онда біраз уақыттан кейін аурудың өсуі мүмкін.
Жарқайың аудандық санитарлық-эпидимиологиялық бақылау басқармасы.
2022 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
«Қызыл» аймақта: облыстар тіркелмеген
«Сары» аймақта: облыстар тіркелмеген
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
2022 жылдың 20 шілдесінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердің басшылары және "Атамекен" ҰКП өкілдері қатысты.
Қазақстанда соңғы аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттану 3,2 есеге өсті. Олардың ішінде ауырғандардың 89%-ке жуығы екпе алмаған және соңғы 6 ай көлемінде ревакцинациядан өтпегендердің үлесінде.
COVID-19 бойынша халыққа медициналық көмектің көрсетілуіне Нұр-Сұлтан қаласындағы БМСК ұйымдарына бару арқылы жүргізілген мониторинг нәтижелері айтылды.
Қаланың 8 емханасында жүргізілген мониторинг емханалардың 12%-інде (жеке медициналық ұйымдар) сүзгі-кабинет жұмысының ағымдылығы ұйымдастырылмағанын, COVID-19 вирусына шалдыққан пациенттерге қашықтықтан мониторинг жүргізілмейтінін, дезинфекциялық, маскалық режимдер, әлеуметтік қашықтық сақталмайтынын көрсетті.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне COVID-19 жұқтырған науқастармен жұмыс жүргізу алгоритмін сақтамайтын медициналық ұйымдарға тиісті шара көруді және осындай тексерулерді барлық өңірде жүргізуді тапсырды.
Вакциналау деңгейі, айналымдағы «омикрон» нұсқасының ерекшеліктері мен денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы ескеріле отырып, сырқаттанушылық көрсеткішін 100 мың адамға шаққандағы төсек-орындарының жүктемесі көрсеткішіне алмастырылып, 3 аймақ – жасыл, сары, қызыл аймақтарға бөле отырып, ағымдағы COVID-19-дың эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасы өзектендірілді.
Өзектендірілген матрица ағымдағы эпидемиологиялық жағдайларда халықтың және бизнес объектілерінің тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Матрицаның өзектендірілгені ескеріле отырып, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда шектеу шараларын енгізу шарттары қайта қаралды.
Өңір жасыл аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска кию ұсынылады.
Өңір сары аймаққа ауысқан жағдайда:
- науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;
- COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған COVID-19-ға қарсы екпеге түбегейлі қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;
- білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-шараларды өткізуді болдырмау (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі);
- объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау, объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету.
Медициналық маскаларды тағуға кеңес беру:
- халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, тж вокзалы, автовокзалдар, базарлар, СОСО, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер, көрермендерді қатыстыра отырып өткізілетін спорттық шаралар);
- ұйымдасқан ұжымдарда;
- көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, тж, халықаралық автобус тасымалдары).
Сондай-ақ Ведомствоаралық комиссия "Атамекен" ҰКП-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен қызыл аймаққа өту кезінде көзделген шараларды қосымша талқылауды тапсырды.
Отырыс соңында Е. Тоғжанов мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бизнестің қызметін шектеусіз қамтамасыз ету мақсатында "Атамекен" ҰКП кәсіпорын қызметкерлерін вакцинациялаумен және уақтылы қайта вакцинациялаумен қамту, бизнес нысандарында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуді ұсынды.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында іс-шаралар жүргізілуде
2022 жылдың 20 шілдеде Жарқайың ауданының "Ауылшаруашылығы, жер қатынастары мен кәсіпкерлік бөлімі" ММ бас маманы Т.Шпанов сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жеке кәсіпкерлер арасында " Мемлекет пен бизнес арасындағы сенім қатынас" атты әңгіме жүргізілді. Әңгіме соңында сауалнама алынып, талдау жасалынды.
Жарқайың ауданының ауылшаруашылық бөлімі.