г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет – бұл жекеленген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, жеке тәртіппен көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша іске асыру бағытталған, олардың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беру. Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту елдің басым бағыттың бірі ретінде  табылады.

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық  министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарқайың аудандық аумақтық инспекция» ММ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру»

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 (екі)  жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі–Ветеринариялық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.    

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін) көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнімдерді,шикізатты, азықтарды («Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген) Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде «*» символымен бекітілген өнімдерді қоспағанда) тасымалдау кезінде - сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;

4) иттер мен мысықтардың орын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;

5) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі»

ҚР АШМ ВБ ж ҚК Жарқайың ААИ.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…