г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 14 шілдесінен 20 шілдесі аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
  2. Жемқорлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, 2022 жылдың 20 шілдесінде Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Львов ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерімен ұжымның арасында «Мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында нақты мәселені шешу үшін мемлекетпен қабылданатын шаралар туралы мәселелер талқыланды.
  3. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Жанат Мыңбаев халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарының арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы әңгімелесі өткізді.
  4. «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 20 шілдесінде жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.Жергілікті теледидарда «Басшы сағаты» бағдарламасында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Мұрат Берлібеков парасаттылық мәдениеті және адалдық туралы дәріспен сөз сөйледі.
  5. Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ аудандық кітапхана қызметкерлері оқушылардың арасында «Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы» тақырыбында ақпараттық жұмыс жүргізді, оның барысында ақпараттық буклеттер таратылды.
  6. «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 19-20 шілдесінде «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ секторының меңгерушісі М.Дуденконың және Жарқайың ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Б.Кушековтың қатысуымен «Еңбек иммигрантын беру, ұзарту және қайтару» мемлекеттік қызметін көрсету» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
  7. «Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Жарқайың ауданынң әкімдігі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…