Рейдтік іс-шаралар азаматтардың шомылатын орындарында жалғасуда
Жарқайың ауданының аумағында тұрақты ыстық ауа райыны болуына байланысты су айдындарында демалушылардын үлкен ағымы байқалады. Осыған байланысты адамдардың шомылу кезінде өлімі мен жарақаттануы жоғары қаупі сақталады. Суға шомылу кезеңінде су айдынында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында Жарқайын ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізулуде.
Жарқайын ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органадар, жергілікті полиция қызметімен және еріктілер мен бірлесіп күнде Есіл өзенің су айдыны бойымен бірлескен рейд өткізді.
Рейд барысында демалушылармен судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау туралы жадынамалар ұстатылды. Демалушыларға су айдынының маңында алкоголь өнімдерін ішуге тыйым салу бойынша және балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы қауіпті екені әңгіме жүргізілді.
Жарқайын ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері азаматтарды қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін су айдынының түрлеріне қарамастан судағы қауіпсіздік шаралары мен қағидаларын біліп, міндетті түрде орындауларына шақырады.
Жарқайын ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Бердіғалиев.