г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Үйдегі қауіпсіздік

Жекеменшік үйде немесе пәтерде біздің әрқайсысымыз өзімізді толық қауіпсіз сезінеміз. Алайда, егер сақтықтың нақты шараларын сақтамасан, тек материалды шығынды келтіріп қана қоймай, өзіңді жарақаттап алуға да болады.

Ең алдымен үйде тек жоғары сапалы құрал-жабдықтарды, жарамды электр құралдар мен құбырларды пайдалану керек. Егер отбасында кішкентай балалар бар болса, олардың үйдегі барлық қауіпті заттардан, құралдардан қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қажет. Балаларға тұрмыс жағдайында үнемі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау керектігі жөнінде еске салу қажет. Қолжетімді жерде алғашқы көмек көрсетуге қажетті қобдишаны сақтау, үнемі медициналық дәрі-дәрмек қорын толықтырып отыру керек. Қосымша ақпарат ретінде алғашқы медициналық көмек ұсыну бойынша анықтаманы сатып алу және балаларға медициналық көмек көрсетудің негізгі әдістерін үйрету қажет.

Отбасының әрбір мүшесі электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау тиіс:

- үйден шыққан кезде, міндетті түрде электр құралдарын сөңдіруді ұмытпаңыз;

- электр құралын тоққа қосулы күйінде қалдырмаңыз, тіпті оның ажыратқышы болса да;

- ашық қалған сымдарға және жөңдеуге келмейтін оқшаулағышы бар желіге қосулы құралдарға жақындамаңыз;

- розеткіде, патронда немесе электр құралдарының қысқышында кернеудің бар екенін тексеру үшін саусақтарыңызды салып тексермеңіз;

- қос тілді, розеткіден оның сымын тарта отыра, суырып алмаңыз (ол кернеуде тұрған сымды тақыр қылдыра отырып, үзіліп қалуы мүмкін);

- оқшаулағыш таспаның көмегімен электр құралдарының қос тілін жөңдемеңіз, егер де олар істен шықса, оларды лезде ауыстырыңыз;

- еденде жалаң аяқпен тұрып, үтікті су қолдарыңызбен ұстамаңыз және үтіктемеңіз, өйткені бұл электрлік зақымдану кезінде тоқтың дене арқылы өтуін қамтамасыз етеді және өмірге қауіпті электрлік тоқтың зақымдануына әкеліп соғады;

- қандай да бір жағдай болмасын жанған сымдарды сумен шашпаңыз және үзіп тастамаңыз, ең алдымен, электр тоғын өшіріп тастаңыз.

Жарқайын ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Бердіғалиев.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…