г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті қала тұрғындары!

Қала  күнімен шын жүректен құттықтауды қабыл алыңыздар!

Әр ұрпақ өкілдерін біріктіретін бұл тамаша және жарқын мереке барлық қалалықтар үшін сүйікті мейрамға айналған.

Державин қаласы өткен мен бүгіннің, бірлік пен қалалықтардың жасампаздық әлеуетінің үлгісін көрсетуде.

Бүгіндері қаламыз қарқынды дамып келеді, ажарлана түсуде және тұрмыс үшін қолайлы болуда. Оның бет-бейнесі өзгеруде, көшелері, саябақтары мен шағын бақтары жақсарып, көз қызықтырады. Жастар шағын ауданына жолдар салынуда, тұрғын үйлер бой көтеруде.

Державин қаласының жолдары мен аулаішілік аумақтарды абаттандыру, көліктік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Қала көркіне айналар Орталық саябақ қалпына келтіріліп, замана талабына сай қала тұрғындарына мәдени демалуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл, әрине, барлық державиндіктердің еселі еңбектерінің нәтижесі, олардың әрқайсысы қала тағдырына өзіндік сүбелі үлес қосты.

Қымбатты достар!

Біздің қаламызда одан әрі үдемелі дамуға үлкен мүмкіндіктер бар, оны тек ортақ күш-жігермен жүзеге асыруға болады.

Әр отбасына денсаулық, бақыт, мерекелік көңіл-күй, бейбітшілік, амандық пен гүлдену тілеймін. Барлық игі бастамаларыңызда табысқа, жаңа еңбек және шығармашылық жетістіктерге қол жеткізіңіздер. Біздің сүйікті Державин қаласы ізгілікте гүлдене берсін.

Қала күнімен, қымбатты достар!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…