г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

8 наурыз

07.03.2022, 08:33

Аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ақ жаулықты аналарды, арулар мен қарындастарды құттықтап, олардың ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлін атап өттім.

Салтанатты іс-шара барысында А. Үкібаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Ахметова Гүлмереке Асқарқызын Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мерейтойлық медалімен марапаттадым, сондай-ақ Жарқайың ауданының дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хаттарымен келесі азаматшылар марапатталды:

Сейтқасымова Гүлжан Қаражігітқызы, Коковихина Надежда Егоровна, Сидорова Анна Прокофьевна, Малгаждарова Қарлыгаш Баяндықызы, Соболевская Валентина Юрьевна, Байжұманова Қарлығаш Ыдырысқызы, Жұмағұлова Зағират Асқарқызы, Смағұлова Гүлжихан Валерянқызы, Сұлтанова Париза Кадешқызы, Паизова Алмагүл Болатқызы, Баданова Жұмагүл Серікқызы, Жаңбырбаева Гүлмира Жарқынбекқызы, Мынбаева Тамара Михайловна, Төлентаева Жадыра Дахарқызы, Желудкова Вероника Михайловна.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

«М.Мақатаев оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңі

07.03.2022, 08:22

24 ақпан күні «М.Мақатаев оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруға, өз ойларын ғылыми жеткізе білуін дамытуға, оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға ықпал етеді.
Байқауға барлығы қазақ тілінде оқытатын ауданның 6 мектебінен 10 оқушы қатысты. Мақатаев оқулары 3 номинация бойынша өткізілді.
«Айтып өткен ақында арман бар ма?» оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыды, ал «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясында қатысушылар өз шығармашылықтарының жинағын ұсынды және өз шығармаларын жатқа оқыды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар 1 орын – А.Үкібаев ат.ОМ оқушысы Арай Найзабекова және А.Үкібаев ат.ОМ оқушысы Абай Шарипов, 2 орын – Кен НМ оқушысы Зарина Советова, Тассуат НМ оқушысы Сырым Жұмағали, Гастелло ОМ оқушысы Жансая Қайрат, Н. Крупская ат.ОМ оқушысы Маликова А. - 6 оқушы, 3 орын – Н. Крупская ат.ОМ оқушысы Маликова А., Тасты-Талды ОМ оқушысы Ақбота Зилқара, Гастелло ОМ оқушысы Гүлсім Нұрғожа.
Жеңімпаздар Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

 

 

1 наурыз «Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні»

07.03.2022, 08:19

1 наурыз «Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні»
Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының ІХ Бас Ассамблеясы қарарларына сәйкес жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
2019 жылы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өтеді.
Азаматтық қорғаныс-мемлекеттің азаматтар мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды функцияларының бірі, сондықтан бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ Комитеті мақсатты түрде Азаматтық қорғаныстың дайындығын арттырудың жаңа форматын енгізіп, азаматтардың белсенді қатысуына мүдделі.
Бұл мереке 1972 жылғы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының құрылуына орайластырылған, ұйым өз қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады: азаматтық қорғаудың ұлттық қызметтерін нығайту; азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және тарату, тәжірибе алмасу, халықты даярлау; азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Ал біздің елге келетін болсақ, Қазақстан Республикасы 1996 жылдан бастап осы ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады және оның қызметінің негізгі бағыттарын іске асыруға белсенді қатысады.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен 2019 жылғы 21 қаңтарда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, оның шеңберінде Ақмола облысында ағымдағы жылғы 15 ақпаннан 25 наурызға дейін Азаматтық қорғаныс айлығы жарияланды және азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға және қазіргі қоғамның назарын Азаматтық қорғау және қорғаныс қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге тартуға бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланған.Өскелең ұрпаққа үлкен көңіл бөлінеді. Оқу орындарында ашық және интерактивті сабақтар, «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы бойынша объектілік жаттығулар болады, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы мен өртке қарсы қызмет бөлімшелері базасында ашық есік күндері ұйымдастырылады және өткізіледі.
Қазіргі уақытта күн сайын әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың туындау қаупі орын алған кезде осындай іс-шараларды өткізу өте өзекті болып табылады. Ол халықты қандай да бір сыни жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы мамандардың білімі мен іскерлігін тексеруге, күштері мен құралдарды қолдану жоспарларын және олардың іс жүзінде тиімділігін тексеруге, проблемалық мәселелерді анықтауға, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы бағытты дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша барлық іс-шаралар халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.
1 Наурыз мерекесі қарсаңында еліміздің барлық азаматтары мен болашақ ұрпақтарына халықты соғыс және бейбіт уақыттағы қауіп-қатерден қорғаудың жалпы ісінде табыс тілегіміз келеді.
Бірлес Сейітғалиев, Жарқайың ауданының ТЖБ-нің бас маманы азаматтык қорғау подполковнигі.

«Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері

07.03.2022, 08:18

«Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері
25 ақпан 2022 жылы Жарқайың ауданындағы балалар кітапханасында «Кітаппен бірге әлемді ашамыз» атты «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері өтті.Кітап «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы» аясында «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесімен әзірленген болатын.
Дара туған ауданның ақындары,
Әркез болып ел, халқының жақындары.
Жыр шумағын әуелете тербетіп,
Болған газет-журналдардың бар сәні.- дегендей, жергілікті қаламгерлер балаларды поэзия әлеміне жақындастырушы көпір іспеттес, оқушылардың кіршіксіз ақ жүрегін тербетіп, сансыз ойларға жетелері сөзсіз... Өлеңнің өнегесі сол, ол сезімді ғана оятып қоймайды, оны адамзаттың асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді, оның шыңы ұлттық сезім де өлең арқылы оянып рухани күш алады.
Тұсаукесердің қонақтары болған: жергілікті қаламгерлеріміз Карин ШынболатАйтқалиұлы мен Есенгазина Ляззат Шүкірқызы және«Ішкі саясат, мәдение, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің» басшысы Азамат Беріктасұлы Баймулдинов болды. «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесерінде А.Үкібаев атындағы орта мектебінің оқушылары Сайлау Көшкенұлының «Сен кімсің?» әңгімесіне шағын ғана көрініс көрсетсе, мектептің екі оқушысыөлеңдерін оқыған болатын, Н. Островская атындағы орта мектебінің оқушысы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін, флейтамен орындап берді.Кеш барысында ақындармен сұхбаттасып, естелік ретінде тілектерін білдіріп, арнайы қолтаңбаларын қойып кітапханаға табыстаған болатын. «Кітаппен бірге әлемді ашамыз» атты тұсаукесердің соңы жергілікті қаламгерлер мен мектеп оқушыларына марапаттар мен сыйлықтар табысталып берілді.
Дайындаған: библиограф Бәкір Н.Қ.

8 Наурызбен құттықтау

07.03.2022, 08:17

Қымбатты ақ жаулықты аналар! Аяулы арулар мен қарындастар!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» деген даналық сөз Ана ұғымына қатысты айтылған.
Біз қашанда Ананы ардақтап, қыз-баланы қастерлеген елміз. Ананы – бақ-берекенің көзі дейміз. Себебі, олар – ұлттың, ұрпақтың Анасы, ең ардақты жандар.
Ғұламалар әлемде өзгермейтін 3 нәрсені атайды, олар: күннің нұры, ананың сүті, сәбидің күлкісі.
Шынында да, ана мен бала бақытына еш нәрсе жетпейді. Біз Ана махаббаты арқылы мейірімді, жылылықты сезінеміз.
Еңбегімен сыйлы, парасатты мінезімен халқына құрметті болған жандар ауданымызда да аз емес.
Біздің Жарқайыңның даңқын шығарып, ел өркендеуіне лайықты үлес қосқан Аналарымыздың есімі, ерен еңбектері – бізге үлгі.
Ардақты аналар мен аяулы жандар!
Халқымызда «Барлық жақсылық күннің нұрынан, жылылық аналардың алақанынан тараған» деген асыл сөз бар.
Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, ана қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі!
Осынау шуақты мерекеде Сіздерге көктемнің гүліндей әсемдік, бақытты да баянды өмір, істеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін!
Құс қанатымен ілесіп жеткен көктем мерекесі сіздерге шат көңіл әкеліп, әрдайым мерейлеріңіз үстем болсын.
Жарқайыңдық әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының амандығын, береке-бірлігін тілеймін.
Мереке қайырлы, құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов. 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…