г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Құрметті жарқайыңдықтар!

03.01.2022, 11:00

Бірнеше сәттерден кейін жаңа 2022 жыл келгелі тұр.

Өткен 2021 жыл біз үшін оң өзгерістер, үлкен жетістіктер жылы болды.

Бүкіл елмен бірге біздің аудан алға жылжып, Жарқайың ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты сипатқа ие болуда. Аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру және экономикалық өсу бойынша шаралар қабылдануда.

Біз 2021 жылды жақсы көрсеткіштермен және қарқынды динамикамен аяқтаймыз.

Біздің барлық жетістіктеріміз бен жоспарларымыз - жарқайыңдықтардың әл-ауқатының жақсарғанының айқын дәлелі.

Қымбатты жерлестер!

Өткен жылды қорытындылай келе, ауданның дамуына зор үлес қосып келген азаматтарға адал еңбегі үшін зор алғысымды білдіремін. Мен жаңа жылда баршамызға барлық ойлаған жоспарлар мен тілектеріміздің орындалуын тілеймін. 

Жаңа жыл әр үйге бақыт пен молшылық, тыныштық пен игілік әкелсін!

Мен баршаңызға денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін! Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен өркендеуі ұзағынан болсын!

Жаңа жылдарыңызбен! 

Жарқайың ауданының әкімі Ж.Хамитов

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысында жаңа мәдениет нысандары ашылуда

15.12.2021, 09:07

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Бурабай кентінде қайта жөндеуден кейін ауылдық кітапхананың ашылуы өтті. Мәдениет мекемесіне "Үлгілі ауыл кітапханасы" деген жаңа мәртебе берілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасынан хабарлағандай, бөлмені ағымдағы жөндеуден және жобалаудан кейін кітапханада заманауи жабдықтар мен жиһаздар, жаңа компьютерлік техника пайда болды, кітап қоры айтарлықтай жаңартылды.

Кітапханада 30 орындық оқу залы, мерзімді басылымдар залы, коворкинг-орталық, мәдени-сауық орталығы, "Парасат жолы" орталығы, "Мобильді кітапхана" бұрышы, балалар залы бар.

"Бурабай кентінің модельдік кітапханасы ыңғайлы, жайлы болды, қонақтарға ашық қорлар, электрондық ресурстар, тегін Wi-Fi қызмет көрсетеді, мұның барлығы тұрғындарға өз жанына жақын іс тауып, өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді", - деп толықтырды облыстық ведомстводан.

Нысанның ашылу салтанатында Бурабай аудандық мәслихат хатшысы Мәлика Нұрпанова, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Құдайберлі Мырзабек, Бурабай ауданының мәдениет бөлімінің басшысы Дәмеш Қарсыбаева, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен кітапхана ісінің ардагерлері кітапхананың тұрақты оқырмандары мен жергілікті тұрғындарды тамаша оқиғамен құттықтады.

Айта кетейік, өңірде 331 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді, оның 289 ауылда. Тәуелсіздік жылдары облыста 123 кітапхана ашылды.

Иван Сауэрдің кезекті жеңісі

13.12.2021, 03:59

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Қазақстан" телерадиокорпорациясы ұйымдастырған "30 жыл - 30 есім" республикалық байқауының  "Ауыл шаруашылығына және АӨК-ке қосқан үлесі үшін" номинациясында халықтық дауыс беру негізінде "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегері, "Родина" агрофирмасының басшысы Иван Сауэр жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Иван Сауэр Қазақстанда танымал тұлға, оның өмір жолы – құрметке лайықты және басқаларға үлгі. Ол қарапайым бригадирден бастап елдегі ауылшаруашылық кәсіпорындарының ең танымал жетекшілерінің біріне дейін кәсіби өсудің барлық кезеңдерінен өтіп, өзі басқаратын "Родина" ауылын сәтті агрокешенге айналдырды.

Мұнда ауыл шаруашылығының барлық салалары жоспарлы түрде дамуда, бұл жыл бойы тұрғындарға жұмыс ұсынуға мүмкіндік береді. Шағын мал шаруашылығы кешендері, элиталық тұқым шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және тағы басқалар.

"Родинада" баламалы энергия көздерін дамыту үшін жел генераторы орнатылды. 10 жыл бұрын үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында сүт зауыты салынды. Агрофирманың сүт өнімдері тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие, өйткені ол тек табиғи шикізаттан жасалған, қауіпсіз және бай ассортимент әркімнің қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Ауылшаруашылық фирмасының жетістіктері ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі де үлгілі. Бұл да Иван Сауэрдің жеке еңбегі.

Ауылда өмір сүру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Жабық хоккей корты, спорт және ойын кешендері бар мәдениет және демалыс саябағы, кітапхана, сұлулық салоны, православие шіркеуі және басқа да инфрақұрылым салынды. Кәсіпорын қаражаты есебінен барлық әлеуметтік объектілер күтіп-ұсталады және жөнделеді.

Айта кетейік, байқау Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне өткізілді, сыйлықты түрлі салаларда жетістікке жеткен және мемлекеттің қалыптасуына ерекше үлес қосқан қазақстандықтар алады.

Алға бастайтын бағыт-бағдар айқын

08.12.2021, 16:33

2021 жыл Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғалы отыр. Бұл – басты ұлттық мерекеміз. Тә­уел­сіздік әлемдегі кез келген мемлекет секілді Қазақстанға да еге­мендіктің сенімді әрі берік не­гі­зін қалыптастырып берді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік – Қазақстан мемлекет­ті­лі­гі­нің берік тірегі» екенін, ал «мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифр­лан­дыру, балалар мен мүгедектердің құ­қығын қорғау, экология мәселесін ше­шу аясында өтетінін» атап өтті.

Елбасы Стратегиясы – жарқын болашаққа жол

08.12.2021, 16:31

Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы елеулі күні өзінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жасқа келген мерейтойы және жаңа астананың құрылғанына 22 жыл толуы атап өтіледі. 1991 жыл­ғы 1 желтоқсанда бірін­ші ұлттық сайлауда Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­баев Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шылығымен Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық ре­фор­маларды жүзеге асыра біл­ді. Қабылданған шаралар ай­қын нәтижелер берді және азамат­тардың әл-ауқатын арттырды.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…