г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету

20.02.2023, 03:54

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың  2023 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2-8 ақпан аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Жарқайың ауданының жастарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы А. Үкібаев орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алудың әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
  2. Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 8 ақпанда Жарқайың ауданының «Ішкі саясат бөлімі» ММ қызметкерлерінің арасында әңгімелесу жүргізілді.
  3. 7 ақпанда Тілдерді оқыту орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әңгімелесу өткізілді.
  4. 8 ақпанда Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова «Жемқорлық ұғымы туралы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Нақты ақпаратпен кадр жөніндегі инспектор және бөлімнің есепшісі танысты.
  5. «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 7 ақпанда жеке кәсіпкерлер арасында «Мен адал бизнесті таңдаймын» тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның аясында «Аниса» ЖК өкілдерімен әңгімелесу жүргізілді. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және «Адал бизнес» жүргізуге шақырды.
  6. «Сары - арқа» телеарнасында «Жетекші сағаты» бағдарламасының аясында Державин қаласының әкімі Т.О.Бейсенов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тақырыбында парасаттылық сағатын өткізді.
  7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында Львов ауылдық кітапханасы оқырмандар арасында «Сыбайлас жемқорлық: қылмыс және жаза» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
  8. 8 ақпанда 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Державин қаласының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

                Жарқайың ауданының әкімдігі.

Ауылда өмір қызықты

20.02.2023, 03:51

Ауылдағы өмір "қатып қалды" деген пікір бар. Бірақ, бұл жалған ой. Ауылдағы өмір өзінше қызықты. Ең кішкентай тұрғындар арасында ауылдың мәдени-демалыс орталығында Көңілді старттар өтті. Балалар ата-аналарымен жылдамдық пен ептілікпен жарысты. Біздің кішкентайларымыздың артта қалып немесе құлап бара жатқанда әкесі немесе анасы үшін алаңдаған жүздерін көру керек болды. Бұл нағыз спорттық күрес. Қызықты эмоциялар ата-аналарды да, балаларды да басып озды. Біздің шағын орталықтың тәрбиешілері бала кезінен салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл Арай апайдың үлкен еңбегі. Бұл жас көпбалалы отбасы үш жыл бұрын ауылға көшіп келген. Олардың әкесі Әлібек мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Үш баласы мектепте оқиды, ал ең кішкентай Айша шағын орталыққа барады. Ештеңеден қорықпайтын адамдардың арқасында ауыл өсіп, дамып келеді.

Тасөткел ауылының әкімі С.Саухимова.

Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстары жалғасуда

20.02.2023, 03:48

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының орынбасарымен бекітілген 2023 жылғы 4 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау барысында көрнекі ақпарат және деректемелерге қатысты Ақмола облысы бойынша 2023 жылы жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес, Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ақпан айы бойы  Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Тіл заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында бөлімнің бас маманы Н.Шпанова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ш.Каринмен 14 ақпанда аудандағы жеке кәсіпкер Ә.Алмухановтың медидинациналық нысанына барып, рейд жұмыстарын жүргізді.  Аталған нысан басшысы Ә.Алмухановпен жеке сөйлесіп, "Тіл заңнамасын" сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ісшара барысында ақпараттық буклеттер берілді. Буклетте жеке кәсіпкердерге арналған арнайы ашылған тегін курстар туралы, жоспардағы ашылатын «Қазақша сөйлесейік» атты клуб бойынша және «Жедел желі» колл-орталығының міндеттері туралы толық ақпарат берілді.

Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова.

Хабарлама

13.02.2023, 04:19

Құрметті тұрғындар!

"Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде Skills Enbek платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша курстардың мазмұны кеңейтілгенін хабарлайды ((https://skills.enbek.kz/)). Бұл онлайн курстар барлық азаматтарға қол жетімді. Соның ішінде, жұмыссыздарға мансапты дамыту немесе өзгерту үшін ақысыз негізде оқуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өз дағдыларыңыздың деңгейін арттыруға болады.

Әріптер сырын ұғайық

13.02.2023, 03:59

Биылғы оқу жылында  «Балдырған» бөбекжайымызда ата-аналардың сұранысымен  мектепалды даярлық тобы ашылған еді. Білім беру үрдісіндегі жаңа бағдарламаға сай мектеп жасына дейінгі балаларға  сапалы білім мен  саналы тәрбиені қызықты да танымды ойындар ойнату арқылы жүзеге асырып келеміз. Бала тәрбиесі қашанда қиын, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Сондықтан да біздің де бөбекжайымызда  жаңа бағдарламаға сай оқу іс-әрекеттері ойын түрінде өтеді. Ал бүгінгідей динамика ғасырында оқу процесінде ойын алдыңғы орында тұрғандықтан, яғни ойын технологиясы арқылы баланың білімге деген ынтасын, қызығушылығын арттыра аламыз. Түрлі дидактикалық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырамыз. Бөбекжайымызда мектепалды даярлық тобы болғандықтан, сауат ашу негіздерінде дыбыстармен танысып, әріптер сырын ұғып келеміз. Осы мақсатта  бөбекжайымыз арнайы тапсырыспен қазақ тіліндегі үлкен текше-әріптер жинағын алғызып, балаларға қуаныш сыйлады. Бұл түрлі-түсті текшелермен ойын арқылы дыбыстарды дұрыс айта білуге, әріптерді тани білуге үйрететін боламыз. Осы орайда біз бөбекжайымыздың меңгерушісі Г.С.Серікбаеваға шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.                                                                                                                      

МКҚК «Балдырған» бөбекжайы»  тәрбиешісі  Ж. Балдаева.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…