Аудандық ауруханада Тіл заңнамасының қолданылуы туралы
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының орынбасарымен бекітілген 2023 жылғы 4 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау барысында көрнекі ақпарат және деректемелерге қатысты Ақмола облысы бойынша 2023 жылы жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес, Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2023 жылдың ақпан айы бойы Жарқайың ауданының медициналық нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Тіл заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында бөлімнің бас маманы Н.Шпанова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ш.Каринмен ағымдағы жылдың 21 ақпанында аудандық аурухана ғимаратында рейд жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген рейдте Тілдер заңнамасының сақталуын, көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілді қолданылуын және жазулардағы қателерге көп назар аударылып, ескертулер жасалды. Көрнекі ақпараттармен дұрыс жұмыс жасау үшін «Жедел желі» колл-орталығының міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Анықталған қателер бойынша түзету жұмыстарын жүргізу үшін мекеме мамандарына қысқа мерзімді уақыт берілді.
«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Н.Шпанова.
Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде тест тапсыруы мүмкін
16 ақпанда "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-де Қазтест бағдарламасын оқыту бойынша жиын өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары М.Жекебатырова, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Н.Искакова, "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Жарқайың аудандық филиалының төрағасы О.Зейнолла, жекелеген бөлім басшылары мен мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қатысты. Жиында Қазтест бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Себебі биыл облысымыздың 4 ауданында мемлекеттік қызметкерлер Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтетін болады. Ол 5 деңгейлік тест тапсырмаларынан тұрады. Бұл деңгейлерден өту қызметкердің лауазымына байланысты болмақ. Әзірге ауданымыз бұл тізімге кірмесе де, алдағы жылдары енуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі азаматтар тілдерді оқыту орталығында Қазтест бағдарламасы негізінде құрылған тапсырмалдарды алып, дайындалғаны абзал. Жиын барысында мекеме мамандары жиналыс қатысушыларын орталықтың жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге жиналған қонақтар қарапайым деңгей бойынша тест тапсырмаларын орындап, диктант жазды. Бұдан аңғарғанымыздай "Мен қазақ тілін жетік білемін"- деген азаматтардың өзі кей сұрақтардан мүлт кетіп жатты. Яғни, әлі де болса мемлекеттік тілді жетік меңгеруіміз үшін терең білім алуымыз қажет. Ол үшін ауданымызда тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларға тегін сабақтар жүргізіп жүр. Өз тілімізден өзіміз қателессек, әрине бұл бізге үлкен сын екенін ескергеніміз жөн.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.
Патриоттық әндер байқауы
21 ақпанда Н.Крупская орта мектебінің Акт залында Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 34 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ән байқауы өткізілді. Оған аталмыш мектептің 6-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыста қатысушыларды ауған соғысының ардагері Вячеслав Рагойжа, метеп директоры Қарлығаш Малғаждарова, аудандық білім бөлімінің мамандары мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері бағалады. Бұл іс-шараны "Патриот" әскери патриоттық клубының курсанттары ұйымдастырды. Сайыс барысында әр сынып ауған соғысы жайлы, батыр бабалар мен әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар туралы патриоттық әндерін шырқады. Шарада қатысушылардың таңдаған әндері, оның тақырыпқа сәйкестігімен киім үлгісі жоғары бағаланды. Байқау нәтижесі келесі аптада жарияланады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.
Мұғалімдер мен оқушылардың жетістігін ынталандыру
10 ақпанда «Уәлиханов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Сабақтың тиімділігі - мұғалімдер мен оқушылардың жетістігін ынталандыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарға «Әдістемелік білім беру орталығы» КММ меңгерушісі – З.А. Жумагулова, әдіскерлер А.Е. Сейтжанова және А.Ж. Казканов, сондай-ақ аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Ш.Уалиханова атындағы білім ордасының мұғалімдері заман талабына сай, жаңа үлгіде ашық сабақ өткізді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 6 «Б» сыныбында - Жанбаева Г.Е мемлекетіміздің төл тарихын балаларға оңтайлы әдіспен түсіндіріп, жаңа технологияларды көрсетті. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 4 «Б» сыныбында және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 5 «Б» сыныбында -К.С. Тұяқова балаларға тың оқу жобаларын үйретті. «Физика» пәні бойынша 7 «Б» сыныбында - Д.К. Кабдимажитов табиғи құбылыстардың орын алу себептерін оқушыларға түсіндірді. Сонымен қатар, география пәнінің мұғалімі Е.Н. Перегуда «Жаратылыстану ғылымдары тәжірибелер мен эксперименттер арқылы» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті. Семинар соңында мектеп оқушылары «Мен жастарға сенемін...» тақырыбында М.Жұмабаевтың 130-жылдығына арналған концерттік бағдарламасын мұғалімдердің назарына ұсынды.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б. Айтпаева.
"Отбасы тәрбиесінде діни терроризм және эстримизмнің" алдын алу
А. Үкібай орта мектебінің ұйымдастыруымен "Отбасы тәрбиесінде діни терроризм және эстримизмнің" алдын алу мақсатында 8-11сынып оқушыларымен ауданымыздың бас имамы Алмас қажы Оспанұлы және жастар ресурстық орталығының басшысы Карин Шынболат түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жастар ресурстық орталығы