9 Мамыр!
Posted @withregram • @zharkain_audanynyn_akimdigi Жеңіс күні, 9 мамыр — бүкіл әлем үшін ең маңызды, толғандыратын және қастерлі мерекелердің бірі. Сол қатыгез соғыстың майдан даласында қаза тапқандардың бәрін еске алу, фашизмді жеңген түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен патриотизмінің символы.
Бүгін ағымдағы жылдың 9 мамырында аудан орталығының шағын алаңында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Жарқайыңдықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан батырларымызды еске алу үшін "Мәңгілік есте" жауынгерлік Даңқ монументіне келіп гүлшоқтары мен гүл себеттерін қойды.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, еңбек ардагері Ибраев Төлеген монументке гүл шоқтарын қою рәсімін ашты.
???
День Победы, 9 мая — является одним из самых важных, волнующих и почитаемых праздников всего мира. Это священная память обо всех погибших на полях сражений той жестокой войны. Символ сплоченности и патриотизма представителей разных национальностей, победивших фашизм.
Сегодня 9 мая текущего года, на малой площади районного центра состоялась церемония возложения цветов к Вечному огню.
Жаркаинцы пришли к монументу Боевой Славы «Вечная память» чтобы почтить память погибших в годы Великой Отечественной войны.
Открыли церемонию возложения цветов к монументу аким Жаркаинского района Жанболат Хамитов, Ветеран труда Ибр
1 мамыр
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Державин қаласының орталық аланында концерттік бағдарлама және әр ұлттың тағамдарымен үстелдер қойылды. Онымен қоса Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығы Қазақ ұлттық ойындары тоғызқұмалақ және асық ату ойындарын Жарқайың ауданының жастары арасында өткізді.
Тоғызқұмалақ ұлттық ойыныңда жүлделі 3 орынға ие болған Төлеубек Алиби, 2 орынға Бескемпір Бақдаулет, осы ойында чемпион атанған Мынбаев Айдар, ең кішкентай және белсенді қатысушымыз Қайрулла Дінмұхамед.
Асық ату ұлттық ойыныңда жүлделі 3 орынға ие болған Төлеубек Алиби, 2 орын Мынбаев Айдар, осы ойында чемпион атанған Оспанғали Мирас.
Барлық Жеңімпаздар Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының бағалы естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Жастар ресурстық орталығы.
Отбасының цифрлық картасы
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) - бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдау алу құқығы туралы күнделікті "электрондық хабарлама".
Бұл қалай жұмыс істейді? ОКЖ азаматтар туралы барлық мәліметтерді әртүрлі мемлекеттік органдардан бірыңғай базаға жинайды. Жүйе бес критерий бойынша анықталатын отбасылардың әл-ауқатының деңгейін талдайды: экономикалық өмір сүру жағдайлары, денсаулық сақтау қызметтерімен қамту, мүгедектігі бар адамдардың болуы, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар, білім беру қызметтерімен қамту және отбасы мүшелерінің білім деңгейі. Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін SMS – хабарлама жіберіледі. Келісімді алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер тағайындау жүзеге асырылады.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ОКЖ көмегімен проактивті форматта, яғни тиісті органдарға жүгінудің қажеттілігінсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін алуға мүмкіндік берілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады.
2025 жылға дейін проактивті форматта мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлерін қамту жоспарлануда.
Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді (жүктерді) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу тәртібі туралы не білу қажет
Тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер міндетті түрде ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді. Объектілерді тасымалдау үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары міндетті дезинфекциялауға жатады. Ірі қара мал мен жылқыларды тасымалдау үшін едені ағаш, төсем қабатымен (үгінділер, сабан) жабылған және бортының биіктігі шанақтың еденінен 2 метрге дейін және қойларды, ешкілер мен шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 метрге дейін болатын автокөлік құралдары (Мал тасығыштар) және көлденең және бойлық қырлы бөренелер орнатылады. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлардың санына қарамастан жолсерік алып жүреді. Балық салқындатылған, мұздатылған, тұздалған және өңдеудің басқа түрлерімен тасымалданады. Салқындатылған балықты тасымалдауға жәшіктерде немесе бөшкелерде, мұздатылғанды – жәшіктерде, қораптарда, тұздалғанды – бөшкелерде жеткізеді. Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау техникалық шарттарды (етті салу немесе ілу тәртібі, температуралық режим, салқындату жүйесінің әрекеті) сақтай отырып, арнайы жабдықталған автокөлік құралдарында жүзеге асырылады. Салқындатылған және тоңазытылған етті (құс ұшаларынан басқа) жақын қашықтыққа тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде оны үйіп, бірақ екі қабаттан асырмай тиеуге рұқсат етіледі. Автокөлік шанағының едені жуылады, таза брезентпен, содан кейін таза материалмен жабылады. Еттің жоғарғы жағы таза материалмен жабылған. Жануарлардың еті автокөлік құралдарымен салқындатылған, мұздатылған немесе суыған күйде (кебу қабығы түзіле отырып, 6 сағат бойы суытылған) тасымалданады (орны ауыстырылады). Сүт флягаларда, изотермиялық сүт цистерналарында тасымалданады (орны ауыстырылады).
"ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарқайың ААИ" ММ.
Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру
Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі азық-түліктік астықты өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау бағдарламасын қайта бастады. Аталған бағдарлама ағымдағы жылдың наурыз айынан шілде айына дейін жарамды.
Сәуір айыннан бастап осы бағдарламаның операторы болып Атбасар қаласы «Милихан» ЖК ұн тарту кәсіпорны тағайындалды. Біздің ауданға жеткізумен ұнның бағасы келісіне 132 теңге құрайды.
Ағымдағы жылдың 12 сәуірден бастап «Бондоренко» ЖК арзан ұннан, орамы 120 теңге бағамен пішінде нан өндірісін бастады, ал «Мирзоева С.Г.» ЖК болса 18 сәуірден бастап өндіреді.
Державин қаласындағы азық-түлік өнімдерін сататын дүкен иелерімен нан бағасын тұрақтандыру мақсатында меморандумдар жасалды. Меморандумға сәйкес, қала кәсіпкерлері 1-сортты арзан ұннан жасалған нанға сауда үстемесін жүргізбейді.
Ақпарат көзі: https://www.instagram.com/jarkain_rsxo/