г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Отбасының цифрлық картасы

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) - бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдау алу құқығы туралы күнделікті "электрондық хабарлама".

Бұл қалай жұмыс істейді? ОКЖ азаматтар туралы барлық мәліметтерді әртүрлі мемлекеттік органдардан бірыңғай базаға жинайды. Жүйе бес критерий бойынша анықталатын отбасылардың әл-ауқатының деңгейін талдайды: экономикалық өмір сүру жағдайлары, денсаулық сақтау қызметтерімен қамту, мүгедектігі бар адамдардың болуы, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар, білім беру қызметтерімен қамту және отбасы мүшелерінің білім деңгейі. Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін SMS – хабарлама жіберіледі. Келісімді алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер тағайындау жүзеге асырылады.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ОКЖ көмегімен проактивті форматта, яғни тиісті органдарға жүгінудің қажеттілігінсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін алуға мүмкіндік берілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады.

2025 жылға дейін проактивті форматта мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлерін қамту жоспарлануда.

 Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  бөлімі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…