г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Аппараттық кеңес

15.03.2023, 09:43

13 наурызда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ұйым басшыларымен, аудан қызметтерімен, ауыл және ауылдық о круг әкімдерімен аппараттық кеңес өткізді.

Аппараттық кеңестің күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының алдағы сайлауға дайындығы туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанар Рамазанова ақпараттандырды. Сайлау өткізу кезеңінде ауданның коммуналдық қызметтерінің үздіксіз жұмысы және аудандағы қоғамдық-саяси жағдай туралы Жарқайың ауданы әкімі аппаратының басшысы Ермек Дарменов баяндады.

Сондай – ақ, ағымдағы мәселелер бойынша аппараттық кеңес барысында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бақыт Ахметова бюджетті атқару, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, Жарқайың ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас санитарлық дәрігері Жанна Ахметова және аудандағы ағымдағы жағдай бойынша КВИ бойынша, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Инна Руселик вакцинация жүргізу бойынша баяндама жасады.

Аппараттық кеңестің соңында аудан әкімі ауданның барлық қызмет басшыларына орындау үшін қажетті бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы А.Бейсен.

Жасөспірімдердің жанашыры

15.03.2023, 09:36

Құқық қорғау саласы кім-кімге болмасын қиын, жауапкершілігі көп салалардың бірі. Халықтың тыныштығы үшін күресу әрбірі полиция қызметкерінің борышы. Ал, ауданымызда балалардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау тікелей полиция майоры Динагүл Жұматаеваға байланысты. Жаны нәзік болса да, қайсар мінезді ару бүгінде жасөспірімдерді тәртіпке шақырып жүр. Мереке қарсаңында Динагүл Қалибекқызынан сұхбат алуды жөн көрдік.

-Сәлеметсіз бе? Көңіл күйіңіз қалай?

- Сәлеметсіз бе! Көңіл күйім тамаша. Көктемнің лебі есіп, төл мерекеміз халықаралық әйелдер күніне көптеген құттықтаулар келіп жатыр.

- Сұхбатымыздың басын сіздің бала кезіңізден бастасақ. Өзіңіз жайлы аз кем айта кетсеңіз. Құқық қорғау саласын өзіңіз таңдадыңыз ба және оған не себеп?

- Мен, 1987 жылы 4 қаңтарда Жарқайың ауданы Тассуат ауылында дүниеге келдім. Туған ауылымда мектепті жақсы бітірдім. 2009 жылы Зұлқарнай Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік техникалық университетін педагог-психолог мамандығы бойынша тәмамдадым. Ол менің бала кезден арманым болатын.   Жұмысқа  тұрған соң Қарағандыда құқықтану мамандығын меңгердім.

- Құқық қорғау саласында балалармен жұмыс істеген қиын емес пе?

- Жұмыс оңай емес. Демалыстарда кез-келген шақыртуға дайын болу керек. Қазіргі таңда ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторымын.  Кішкентай қамқоршыларымның проблемаларына ешқашан бей-жай қарамаймын. Кәмелетке толмаған азаматтармен жұмыс кезінде қызметкерлер алдында көптеген сұрақтар туындайды. Өйткені жасына және психоэмоционалды дамуына байланысты жасөспірімдер өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алмайды. Сондықтан, сол кішкентай бүлдіршіндерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға тырысамын. Мектептерде әлімжеттікті болдырмауға ұмтыламын. Ол үшін көптеген насихат жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдермен жиі кездесіп тұрамын.

- Жұмысыңыз қаншалықты бағаланып жүр?

-Әрине, мен жұмыс істегенде басшылықтан баға алу үшін қызмет атқармаймын. Бұл менің елімнің алдындағы қасиетті борышым деп білемін. Қоғамда құқық бұзушылық болмаса, қылмыстар тоқтаса, сол менің басты жетістігім. Былтыр балалар арасында қылмыс болған жоқ.

- Жолдасыңызда осы саладан. Бұл кездейсоқтық па әлде өзіңіз болашақ күйеуіңіз полиция қызметкері болғанын қаладыңыз ба? Отбасылық өмірмен жұмысты қалай байланыстырасыз?

-Осы салада жұмыс істеп жүргенде 2016 жылы жолдасыммен отбасы құрдық. Ол криминалдық полицияда жеке уәкіл. Екеуіміз де майормыз. 2017 қызымыз дүниеге келді. 

Үй шаруасына үлгеру әйел адамға байланысты. Бала-шаға болған соң, оның бала-бақшаға апру керек, тамағын беру керек, кешкі асты дайындау керек, үйдің қыруар жұмыстары бар. Барлығына шамам жеткенше үлгеруге тырысамын. Жолдасым екеуіміз бірге істеген соң бір-бірімізді жақсы түсінеміз.  Жұмыста көптеген қиындықтар болады. Осы жолда көп көмек көрсететін бұл менің екінші анам, яғни жолдасымның анасы, балаларымның әжесі. Кез-келген уақытта келіп қол ұшын созады. Сол үшін ол кісігеде алғысым шексіз. Сонымен қатар, мерейлі мерекесімен құттықтап, мол бақыт тілеймін.

Қазір қызымыз өсіп қалды. Бұрынғыға қарағанда үй шаруасына үлгеру жеңілдеді.

- Мереке қарсаңында нәзік жанды аруларға тілегіңіз.

- Құрметті арулар, баршаңызды 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызға құт-береке тілеймін.

Сұхбаттасқан: "Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Бақытын баламен байланыстырған

03.03.2023, 03:17

Ана - ардақты ұғым. Олардың әрқайсысы құрметке лайық. Қоғамымызда тағдырдың түрлі сынақтарын басынан кешіп, сол қиыншылықтарға сабыр етіп жүрген жалғыз басты аналар қаншама. Солардың бірі, Данагүл Есмағамбетова. Ол 6 баланың анасы. Бүгінде "Балдәурен" бала-бақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Мереке қарсаңында Күміс белгі иегері, алтын құрсақты анамен сұхбаттасып қайтқан болатынбыз. Сол сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

- Сәлеметсіз бе? Өзіңіз жайлы шағын ақпарат бере кетсеңіз?

- Сәлеметсің бе? Мен, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, топырағы қаситетті, дертке дауа болған Құмкешу ауылында тудым. Ата-анам мені барынша еркелетіп, аялап өсірді. 1995 жылы Құмкешу орта мектебін тәмәмдап, 1996 жылы тұрмысқа шықтым.

- Ең алғаш ана болғанда қандай сезімді бастан кешірдіңіз?

- 1999 жылы қаңтар айында тұңғышымыз Дәмиланы дүниеге әкелдім.  Сол уақытта ана болу бақыт екенін ұғындым. Кеше ғана мен бала болсам, енді бүгін өзім кішкентайдың анасы екендігімді, осы бүлдіршін үшін жауап беретінімді түсіндім. Алла қалап, үш жылдан соң екінші балам дүниеге келді. 2014 жылы "Күміс белгі иегері" атандым. Жолдасым 2019 жылы дүниеден озды. Мен үшін бұл кезең өте ауыр уақыт болды. 6 баламен жалғыз қалдым.

- Жолдасыңыз дүние салған соң, бұл тағдыр тауқыметін қалай жеңдіңіз? Аяққа қайта тұруға не себеп болды?

- Әрине, мұндай жағдайды ешкімнің басына салмасын. Алланың ісіне шара бар ма? Көнуге тура келеді. Жар ортаға келгенде 6 баламен жалғыз қалу оңай емес.  Осындай қиын шақта туған-туыс, дос-жарандарым жанымнан табылып, аяққа тұруға демеу болды. Сондай-ақ, көздері жәудіреген кішкентайларымды көріп, солардың алдарында мықты болуға тырыстым. Бар күш-жігерімді қолыма алып, осы балапандарымның арман-мақсаттарын орындау үшін аяққа тік тұрдым. Кішкентайларым мен үшін үлкен мотивация болды.

- Үйіңізде 6 баланы бағып-қағып отырсыз. Сонымен қатар, балабақшада жұмыс жасайсыз. Күнде балалармен жұмыс жасаған, олардың қыңырлықтарын көтеру қиынға соқпай ма? Сізді бұл жұмыс жалықтырмайды ма?

- Өзім балаларды жақсы көремін. Балалар мен үшін жазылмаған кітап. Олардың мінезінің жақсы жаққа өзгеруі ересек адамның қолында деп білемін. Балабақшада өмірден алған тәжірибеммен, ата-анамнан талған тәлім-тәрбиеммен балаларға үлгі болуға тырысамын. Бүлдіршіндердің әрқайсысының қылықтары әртүрлі. Олармен жұмыс жасаған өте қызық. Сол себепті үйде де, түзде де, жұмыста да балалардың жанымнан табылуы мені ешқашан жалықтырған емес. Керісінше, өмірімді әрлендіре түседі.

- Отбасыңызда бала тәрбиесінде қандай механизмдерді қолданасыз?

- Әр шаңырақтың өз жазылмаған заңдары бар. Біздің үйдің заңы бір-бірімізді сыйлаймыз, үлкенді тыңдаймыз, бізді мазалап жүрген шаруалар болса сөзбен шешеміз. Бір-бірін сыйлаған үйде бәрі тамаша болады деп білемін.

-Сіз үшін бақыт деген не?

- Мен үшін бақыт балаларымның табысты болуы.  Балаларымның әр жетістігіне қуанамын.  Себебі мен анамын. Біз отбасында жеті баламыз. Анамызды қуантуға тырысып жүреміз. Бұл қарым-қатынасты балаларымнан да күтемін. Олардың әрбір жақсы қасиеті, өмірдегі асқан асулары мен үшін мақтаныш, шынайы бақыт сол деп есептеймін.

- Енді, мереке қарсаңында нәзік жандыларға айтар тілегіңіз.

- Аяулы аналар, әжелер, қыздар қауымы мерекелеріңізбен! Көктем секілді құлпырып, күнге ұқсап шуақ шашып, жайнап жасарып жүріңіздер. Жұмыстарыңызға табыс, өмірлеріңізге сәттілік тілеймін.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Жас жеткіншектерге сурет салудың қыр-сыры түсіндірілді

03.03.2023, 03:14

"Өнер" балалар шығармашылық үйі 22 ақпан күні кішкентай балалар мен ересек балалар арасында ашық сабақтар өткізді. Мұнда жас жеткіншектерге сурет салудың қыр-сыры түсіндірілді.

 Бану Жұмабаева басқаратын "Өнер" балалар шығармашылық үйі биыл бұрынғы "Колосок" бала бақшасының ғимаратына көшірілген болатын. Қазір бұл жерде қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз дәл ашық сабақтың үстінен түстік. Мұнда оқушылар бисермен сурет салу, тоқыма тоқу және бейнелеу өнері бойынша ашық сабақ жүргізіп жатты. Жас жеткіншектердін өнерлерін көріп тәнті боласын. Ұстаздарының ақыл кеңестерін мұқият тыңдап, арнайы әдіс-тәсілдер бойынша жұмыстарын орындауда. Бір аңғарғанымыз қай іс болсын шыдамдылық қажет екен. Ал бисрмен өрнектеу үшін тіптен төзімділік танытпаса болмайды. Себебі қолға ілінбейтін ұсақ тастарды жіпке іліп, сурет тоқу ұзақ уақытты талап етеді. Мұндағы ең жеңілі, яғни бастауыш кезең биср білезіктерін дайындау. Оның өзіне жарты сағаттан көп уақыт жұмасалады. Ал суретшілер майлы бояуларымен қыл қаламдарын қолдарына алып, берілген картинаны жазуға кірісті. Мұнда саңырау құлақ пішінді үйдің жобасы көрсетілген. Олардың міндеті тапсырмадағы суретті айна - қатесіз дәлме-дәл қағазға түсіру болып табылады. Орта буын оқушылары қарандаштардың көмегімен пішінді жобалап жатса, кішкентай бүлдіршіндер дайын суреттерді бояуға кіріскен. Мұнда да ең маңыздысы сабырлық. Өйткені әрбі элементті сыртын бүлдірмей бояп шығу үлкен өнер. Әрі бояуларды біріктіріп қажетті түсті табуға да шеберлік қажет. Ал мұнда оқытушылар бояулардың түрлерін балаларға үйретіп жүр. Бойында өнері бар жас дарындар үшін бұл шығармашылық үйдің берері мол.

"Жарқайың тыныс" газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Кадрлық өзгеріс

03.03.2023, 03:13

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдад Шоновтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Аппараттық кеңес барысында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары аудан активін кадрлық өзгерістермен таныстырды.

Аудандық сайлау комиссиясының ағымдағы жылғы 15 ақпандағы №7 шешімімен сайлау қорытындысы бойынша Үшқарасу ауылының әкімі Арыстанбеков Асылбек Кикбайұлы болып тіркелді.

Асылбек Арыстанбеков еңбек жолын 2018 жылдан Үшқарасу ауылы әкімдігінің маманы болып бастаған.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…