Мектеп оқушылары арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті
14 желтоқсанда Гастелло ауылының орта мектебінде Жарқайың ауданына қарасты негізгі мектептердің 6-8 сыныптары арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті. Жарысқа аудан оқушыларынан 8 команда, яғни 40 оқушы қатысты.
Шараның негізгі мақсаты қарасайлық жасөспірімдердің шахмат пен дойбыға деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге дұрыс бағыт беру және саламатты өмір салтын насихаттау.
Ойын барысында жас жеткіншіктер бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Әсіресе, бір команда болып білектерін біріктіріп келген жас шахматшылар жүлделі орын алуға ниетті еді. Бірнеше сағатқа созылған додада қателіктерге ұрынбай қарсыластарын шаң қаптырғандардың мерейі өсті.
Ақтық бәсекенің нәтижесіне сәйкес командалық жоғары ұпай есебімен шахмат ойыны бойынша үздіктердің арасынан суырылып шыққан Кең ауылының негізгі мектебі бірінші орынды иеленді, екінші орынға Далабай ауылының негізгі мектебі, үшінші орынға Зерноград ауылының негізгі мектебі лайық деп танылды. Ал дойбы жарысынан бірінші орынды Кең ауылының негізгі мектебі алды, жүлделі екінші орынды Нахымов ауылының негізгі мектебі және үшінші орынды Отрадный ауылының негізгі мектебі иеленді.
Жеңіске жетуге рухтандырған аудандағы ақылдылар ойыны қызықты, тартысты өтті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.
АЗАМАТ, СЕН ОТАННЫҢ ҚОРҒАНЫСЫҢ!
12-15 желтоқсан күндері аралығында Степногорск қаласында өткен облыстық "Айбын" әскери-патриоттық клубтар арасындағы жиынының жеңімпаздары аңықталды. Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері және білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өтті. Осылайша, жарысқа 15 команда, оның ішінде 150-ден аса студенттер пен оқушылар қатысты.
. Жалғасын 2022 жылдың 23 желтоқсандағы «Жарқайың тынысы» газетінің № 52 басылымында оқи аласыздар.
Ауданымыздың мектеп оқушылары арасында дебат турнирі өтті
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай "Болашақ" тақырыбында 7-11 сыныптар аралығында аудандық дебат турнирі өткізілген болатын. Дебат турниріне ауданымыздың барлық оқушылары қатысуға мүмкіндігі бар болатын. Осылайша, жүлделі орындарға ие болған командалар:
Қазақ тілді лигасы:
1-орын: "Scream" А.Үкібаев мектебі;
2-орын: "True cry" А.Үкібаев мектебі;
3-орын: "Ұшқын" Кең негізгі мектебі;
3-орын: "Жалын" Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы.
Орыс тілді лигасы:
1-орын: "Оратор" Н.Крупская мектебі;
2-орын: "Лидер" Н.Островский мектебі;
3-орын: "Қазақ жігіттері" А.Үкібаев мектебі;
3-орын: "Парасат" Н.Крупская мектебі.
«Үздік спикер» номинациясында Кең негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Жанболат Мұқыш деп танылды. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Ақпарат дереккөзі: «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ баспасөз қызметі.
Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
2022 жылдың желтоқсан айында Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- Жарқайың ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарға кепілдендірілген медициналық көмектің көлемі;
- Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
- Жартылай стационар жағдайында және үйде мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымның жүргізіп жатқан жұмысы туралы;
- 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Қарастырылған сұрақтар бойынша шешімер қабылданды және 2023 жылға арналған жоспар бекітілді.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Жарқайың ауданының жас таланттары жүлделі орындарды иеленді
Балалар жылына арналған, Тәуелсіздік күнін тойлау қарсанында 2022 жылдың 16 желтоқсан күні Астана қаласының "Тәуелсіздік сарайы" ғимаратында "Тәуелсіздік тұғырым" атты халықаралық байқау өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының күйшілер одағының төрағалары, «Шабыт» университетінің аға оқытушылары М.Б.Нукеев, Е.М.Сапуанов, Д.Е.Кожебаев әділ-қазылар алқасының төралығымен өткізілді.
Ақмола облысы Жарқайың ауданы атынан Сәт Жұрмағанбетовтың жетекшілігімен Жарқайың аудандық музыкалық мектебінің "Домбыра дастан" атты ұлттық аспаптар ансамблі қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды, жеке орындауында жетекшісі Айжан Молдағұлованың шәкірті Базарбай Досбол 1 орынды иеленді.
Үлкен сахнада өнерлерін жоғары деңгейде көрсеткен жас таланттарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Ауданымыздың жас таланттарымызды ұлттық өнер жолында тәрбиелеп отырған, ауданымыздың мәдениетімізге үлес қосып жүрген жетекшілерімізге алғасымыз шексіз. Үлкен жауапкершілік танытып, үлкен сахнада Жарқайың ауданының намысын қорғаған барлық қатысушыларымызға өнер жолында көп табыстарды тілейміз.
Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мəдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ.