Жарқайың ауданының жас таланттары жүлделі орындарды иеленді
Балалар жылына арналған, Тәуелсіздік күнін тойлау қарсанында 2022 жылдың 16 желтоқсан күні Астана қаласының "Тәуелсіздік сарайы" ғимаратында "Тәуелсіздік тұғырым" атты халықаралық байқау өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының күйшілер одағының төрағалары, «Шабыт» университетінің аға оқытушылары М.Б.Нукеев, Е.М.Сапуанов, Д.Е.Кожебаев әділ-қазылар алқасының төралығымен өткізілді.
Ақмола облысы Жарқайың ауданы атынан Сәт Жұрмағанбетовтың жетекшілігімен Жарқайың аудандық музыкалық мектебінің "Домбыра дастан" атты ұлттық аспаптар ансамблі қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды, жеке орындауында жетекшісі Айжан Молдағұлованың шәкірті Базарбай Досбол 1 орынды иеленді.
Үлкен сахнада өнерлерін жоғары деңгейде көрсеткен жас таланттарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Ауданымыздың жас таланттарымызды ұлттық өнер жолында тәрбиелеп отырған, ауданымыздың мәдениетімізге үлес қосып жүрген жетекшілерімізге алғасымыз шексіз. Үлкен жауапкершілік танытып, үлкен сахнада Жарқайың ауданының намысын қорғаған барлық қатысушыларымызға өнер жолында көп табыстарды тілейміз.
Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мəдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ.