г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Тауар белгісін қалай тіркеуге болады

10.11.2022, 10:00

Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау, оларды осы Заңда белгіленген тәртіппен тіркеу негізінде, сондай – ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тіркеусіз қамтамасыз етіледі.

Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді толтырып, оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет.

Тауар таңбасын тіркеуге өтінімге қойылатын талаптар «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атаулары туралы» Заңның (бұдан әрі Заң) 9 – бабында көрсетілген.

Өтінім сараптамасын РМК «НИИС» кезеңдері бойынша жүргізеді: алдын ала сараптама және толық сараптама.

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шығарылған жерінің атаулары туралы» Заңның 11- бабына сәйкес өтінімге сараптама келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

Алдын ала сараптама – өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Толық сараптама – өтініш берілген күннен бастап жеті ай ішінде жүргізіледі.

Сараптаманың кез келген сатысында, сараптама ұйымы онсыз сараптама жүргізу мүмкін болмайтын қосымша немесе нақтылайтын ақпаратты сұратуға құқылы.

Өтінім беруші сараптама жүргізу кезеңінде сұратылған ақпаратты ұсынбаған және (немесе) бұл мерзімді ұзарту туралы өтініш болмаса, өтінім қайтарып алынған деп есептеледі.

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес, алдын ала сараптама нәтижелері бойынша, өтініш берушіге өтініштің қабылданғаны немесе өтінімді қарауға дәлелді қорытынды түрінде қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарланады.

Алдын ала сараптаманың нәтижелері бойынша өтініш берушіге өтініштің қарауға қабылданғаны немесе құжат айналымының тоқтатылғаны туралы он жұмыс күні ішінде хабарланады. Түпкілікті қорытындының негізінде сараптама ұйымы тауар таңбасын тіркеу, ішінара тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тауар таңбасын тіркеу туралы мәліметтер сараптама ұйымының тауар таңбасын тіркеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу кезінде Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 45-бабына сәйкес уәкілетті органның (Әділет министрлігі) қорғау құжатын беру жөніндегі іс – шараларды жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.

Есіл ауданаралық әділет басқармасы

Ақмола облысының Әділет департаменті

Ұлттық теңгенің пайда болуы

10.11.2022, 09:59

Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 қараша республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде, 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.

Ұлттық валютамыз қалай "теңге" аталды? Ұлттық валюта атауын таңдау көптеген қайшылықтар тудырды: "алтын", "ақша", "тәнга" нұсқалары болды. Бастапқыда қазақстандық валютаны "сом" деп атау жоспарланған. Өйткені, кеңестік рубль банкноттарының қазақша аудармасында солай көрсетілген еді.

Алайда, 1993 жылы қырғыз сомы енгізілгеннен кейін, Қазақстанда басқа атауға ие болды – "теңге". Бұл ортағасырлық түріктердің "денге" немесе "тәнга" күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Оның жүз еселенген бөлшегі "тиын" деп аталды.

Ұлттық валюта - бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі. Өзінің ұлттық валютасын енгізу Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарады. Теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. Теңгенің тарихы ең алғаш қазақ даласында күміс монета XV- ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын.

Тәуелсіздік ел тарихымызда мемлекет мәртебесін өсіру мен экономикасының нығаюы жолында теңгенің орыны ерек болды. 30 жылдық ғұмырында теңге тәуелсіз елдің маңызды рәмізі екенін дәлелдеп шықты. Теңгенің болашақтағы қызметіне де сеніміміз мол.

Жарқайың ауданының Тілдерді оқыту орталығының  әдіскері М. Қалқаева.

Жарқайың ауданы жастарының назарына байқау жарияланады!

10.11.2022, 09:58

Аудан жастары арасында «Жарқайың ауданының ең үздік жас маманы – 2022» кәсіптік байқауы өткізіледі!

  1. Байқау жас медицина қызметкерлері, жас мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, жас мәдениет қызметкерлері, жас спорт қызметкерлері, жас мұғалімдер, жас ветеринарлар, жас әлеуметтік сала қызметкерлері арасында өткізіледі.
  2. Байқауға жасы 30-ға дейінгі жас мамандар қатыса алады.
  3. Қызмет орны байқауға қатысушы үміткер жайлы толық мәліметтері бар ұсынымды (ТАЖ, туған күні, білімі, еңбек өтілі көрсетілген) жинақтайды.
  4. Байқау төмендегі талаптар бойынша өткізіледі:

1) Таныстыру сайысы;

2) «Өнерлінің өрісі кең»;

3) «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы.

Байқау Аудандық мәдениет үйінде 2022 жылдың 28 қараша күні сағат 10.00-де өткізіледі. Байқауға қатысушы туралы ұсыным ағымдағы жылдың 27 қарашасына дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мекен-жайына электронды немесе 8 (777) 636-49-08 WhatsApp нөміріне жіберуіңізге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін @mrc_zharkain (Instagram) парақшасына немесе 87776364908, 87772592106 WhatsApp нөмірлеріне жазуынызға болады.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…