г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Референдумға 272 шетелдік байқаушы қатысады

31.05.2022, 09:52

Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы үшінші қаулыны қабылдады.

2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Орталық референдум комиссиясы "2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, - деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі аккредиттеуге 8 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 153 байқаушыны ұсынды.

Сағат 18:00-де Орталық референдум комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға халықаралық ұйым­дар мен шет мемлекеттердің бай­­қау­шыларын аккредиттеуді аяқта­ды. Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциясына өзгерістер мен то­лық­тыру­лар енгізу жөніндегі рес­пуб­ли­калық референдумға 25 шет мемлекет пен 11 халықаралық ұйым­нан 272 байқаушы қатысады. Халық­аралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекетіміздің халық­аралық міндеттемелерді сақ­тауына ықпал ететінін атап өткім келеді. Бұл – халықаралық мін­детте­мелерге адалдығымыздың, сон­дай-ақ сайлау саласындағы халық­аралық ұйымдармен, шет мемлекеттер­мен тығыз ынтымақтастықты жалғас­тыруы­мыздың дәлелі, – деді Н.Әбдіров. 

https://baq.kz/referendumga-272-sheteldik-bayqaushy-qatysady_279522/

 

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 74-бап

31.05.2022, 09:52

74-бап бұған дейін Конституциялық кеңестің қаулысымен екі рет өзгертіліп, бір рет түсіндірме берілген болатын. 

Конституциялық Кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайтын болады – деп жазды Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің «Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар» атты мақаласында.

5 маусым күнгі бүкілхалықтық референдум негізінде үшінші рет өзгеріске түсіп тұрған бұл бап – еліміздің Конституциялық сотының міндеттері мен құқығын, құзыреті мен тәртібін белгілейді.

Осы жолғы өзгертуде 74-баптың екінші тармағы айтарлықтай айқындалғанын көруге болады. Мысалы бұған дейін Конституциялық заңға жатпайтын, адам құқықтары мен бостандығына зиян келтіретін заңдарды жою мерзімі көрсетілмеген болатын. Референдумға ұсынылған Ата заң жобасында бұл мәселе анық көрсетілген. Яғни, бұдан былай адамның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдарды жою туралы Конституциялық сот шешім шығарған күннен бастап ол заң қолданыстан алынып тасталады.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

74-бап

Жаңа нұсқада: 74-бапта:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Конституциялық сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.»;

Ескі нұсқада: 74-баптың 2-тармағы

  1. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.

Жаңа нұсқада: 74-бапта:

2) 3-тармақтағы «Кеңестің» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.

Ескі нұсқада: 74-баптың 3-тармағы

  1. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Ескерту. 74-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.13 N 19/2 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап56-бап57-бап58-бап61-бап62-бап71-бап72-бап73-бап.

 

https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-74-bap_279512/

Референдумға шығарылатын ұсыныстар косметикалық өзгеріс емес – Мәулен Әшімбаев

31.05.2022, 09:51

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент телерадиокешеніне 5 маусым күні өтетін реформаның мәні мен мазмұны туралы қысқа сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан азаматтары Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдап жатса, еліміздің дамуында жаңа бір кезең басталады деп айтуға толық негіз бар. Өйткені бұл өзгерістер – косметикалық өзгерістер емес», - деді Мәулен Әшімбаев сұхбат барысында.

Оның пайымынша, референдумға шығарылып отырған ұсыныстарды төрт топқа бөліп қарау орынды. «Біріншіден, бұл енді адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталатын өзгерістер. Біздің саясатымыздың, мемлекетіміздің саясатының негізгі мақсаты – халықтың жағдайын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету. Екінші бағыт – Парламент жұмысының тиімділігін арттыру және саяси жүйеміздегі Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған өзгерістер. Оның ішінде екі палатаның арасындағы қарым-қатынастарға байланысты, оларды жетілдіруге арналған нормалар бар. Олардың негізгі мақсаты – заң шығару процесін әрі қарай жақсарту, тиімділігін арттыру. Заң жобаларын тезірек қарау, тезірек қабылдау, жан-жақты пысықтау. Осыған арнаулы нормалар ұсынылып отыр», - деген Сенат спикері үшінші бағыт тұтастай жергілікті әкімдіктердің жұмысын жетілдіруге арналып отырғанына назар аударды. «Халықтың әл-ауқаты, жағдайы жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің, мәслихаттардың тиімді жұмыс істеуіне тікеле байланысты. Соның аясында облыс әкімдерін тағайындау процесі өзгеріп жатқанын білесіздер. Презиенттің ұсынысы бойынша, Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданса, облытар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мәслихат депутаттары сайлаған кезде Президент міндетті түрде екі адамның кандидатурасын ұсынады. Мұны енді тура сайлау деп айтуға болмайтын шығар. Бірақ сайлау процестерінің элементтері енгізіліп, жаңаша тағайындау механизмі ұсынылып отыр. Сондықтан бұл механизмнің негізгі мағынасы – халықтың пікірін ескеру», - деді Сенат төрағасы. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» - 12:45-те, «Qazaqstan» - 16:05-те, «Qazaq TV» - 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.


https://www.inform.kz/kz/referendumga-shygarylatyn-usynystar-kosmetikalyk-ozgeris-emes-maulen-ashimbaev_a3938722

 

Азаматтар кез келген нормаға қарсы болса, Конституциялық Сотқа жүгінетін болады – Сенат төрағасы

31.05.2022, 09:51

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚР Президент телерадио кешеніне берген сұхбатында 5 маусымда өтетін референдумға шығарылған Конституциялық Сот туралы нормалардың маңызына тоқталды. Сенаттың жұмысын қалай жандандыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Конституциялық реформаның аясында мемлекет пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі ашылып жатыр деп айтсақ артық болмайды. Мысалы, нақты нормаларды айтайық. Бүгінде азаматтар мемлекеттік органдардың бұйрықтарына немесе заң нормаларына, мемлекеттің нақты бір шешімдеріне наразы болса, ол нормалар мүддемізге қайшы келеді деген пікір туындап жатса, жалпы өтініштер сияқты сотқа беру керек. Яғни, процедурасы ұзақ. Қазір осы реформалардың аясында Конституциялық Сот құрылып жатыр», - деді Сенат төрағасы. Сенат спикерінің айтуынша, жалпы ұсынылып отырған конституциялық реформа халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматына жол ашпақ. «Конституциялық Соттың негізгі функциясы азаматтардың билік өкілдерінің шешімдеріне наразылығына сот ретінде бағасын беру, шешім қабылдау. Осындай басқа да көптеген нормалар бар», - деді Мәулен Әшімбаев. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» - 12:45-те, «Qazaqstan» - 16:05-те, «Qazaq TV» - 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.


https://www.inform.kz/kz/azamattar-kez-kelgen-normaga-karsy-bolsa-konstituciyalyk-sotka-zhuginetin-bolady-senat-toragasy_a3938730

 

«Референдумда қазақ және орыстілді халық саны есептеледі» - ақпарат фейк

31.05.2022, 09:50

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде референдумда қазақ тілінде жазылған бюллетеньді толтыруға шақыратын ақпарат тарады. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақтілді және орыстілді халқының пайызы есептеледі-мыс. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook-тегі парақшасында аталған ақпаратты жоққа шығарды. «Әлеуметтік желіде референдумға берілген жауапты екі тілде санайды екен деген ақпарат желдей есіп жүр. Бұл түбірімен дұрыс емес! Азаматтар өз құқығын білуі тиіс. Референдум туралы Заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз! Орайы келіп тұрғанда, барлық Қазақстан азаматын 5 маусым күнгі референдумға бір кісідей қатысып, алдағы үлкен өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын!»,– деп жазды Нұртөре Жүсіп. ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдум барысында бюллетеньдерді қалай толтыру керектігін түсіндірген болатын. Бюллетень екі тілде бірдей жазылған. Онда Конституцияға ұсынылған түзетулермен келісуге немесе келіспеуге қатысты жалғыз ғана сұрақ бар. Жауап екеу: «иә» немесе «жоқ». Республикалық референдумға шығарылатын мәселелер тізімі.


https://www.inform.kz/kz/referendumda-kazak-zhane-orystildi-halyk-sany-esepteledi-akparat-feyk_a3938839

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…