г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. VII бөлім

01.06.2022, 09:50

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі қолданыстағы Ата заңымыздың VII бөлімінің тақырыбынан бастап өзгеріс енгізілді.

Мысалы қазіргі қолданыстағы Конституцияның аталған бөлімі «VII бөлім. Соттар және Сот төрелiгi» деп аталса, жаңа редакциядан кейін «VII бөлім. Соттар және сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» деп өзгертілді.

9 баптан тұратын бұл бөлімдегі 78, 82 және 83-баптар өзгерді. Әрине, 78-бапта аса қатты өзгеріс жоқ. Тек бап мәтініндегі «Кеңес» сөзі «Сот» сөзіне алмастырылды.

Ал 82-баптың 4-тармағына жасалған өзгертудің нәтижесінде, бұған дейін Президент тағайындап келген Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, бұдан былай Парламент Сенатының келісімімен ғана тағайындалатын болады. Яғни Президент Сенат депутаттарымен келісе оытрып тағайындай алады.

Сонымен қатар, осы баптың 5-тармағына енгізілген өзгеріс – Жоғарғы соттың құрылымын қалыптастыру да заңмен бекітілетін болды.

Жаңа редакциядағы VII бөлімдегі өзгеріске ұсынылған 83-бапта екі тармақ жаңа редакциямен берілді. Алғашқысы – 4-тармақ. Онда бұған дейін «прокуратураның құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленіп» келсе, бұдан былай «Конституциялық заңмен белгіленетіні» анық көрсетілген.

Аталған бапқа енгізілген екінші өзгеріс тікелей Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің міндеттері мен құқықтарына, құзыреті мен қызметіне байланысты. Анығы 83-бап 83-1-бабымен толықтырылды.

4 тармақтан тұратын бұл бапта еліміздегі Адам құқытары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Конституциялық деңгейге дейін көтерілгенін анық байқауға болады.

VII бөлімдегі баптарға енгізілген өзгерістерді толығырақ төменнен оқуға болады.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

78-бап

Жаңа нұсқада: 78-баптағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын.

Ескі нұсқада: 78-бап

Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.

82-бап

Жаңа нұсқада: 82-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Республика Президенті Парламент Сенатының келісімімен бойынша тағайындайды.

  1. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын қалыптастыру тәртібі және жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.».

Ескі нұсқада: 82-баптың 4-5-тармақтары

  1. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.
  2. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.

Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

83-бап

Жаңа нұсқада: 83-баптың 4-тармағындағы «заңмен» деген сөздер «конституциялық заңда» деген сөздермен ауыстырылсын.

Ескі нұсқада: 83-баптың 4-тармағы

  1. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді.

Жаңа нұсқада: Мынадай мазмұндағы 83-1-баппен толықтырылсын:

«83-1-бап

  1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
  2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
  3. Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді өз өкілеттігінің мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
  4. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы және қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.».

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап56-бап57-бап58-бап61-бап62-бап71-бап72-бап73-бап74-бап.

#Жоғарғы сот #конституциялық заң #конституция #Ата заң #адам құқықтары жөніндегі уәкіл #Конституциялық реформа #Конституция-2022 #78-бап #82-бап #83-бап

https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-vii-bolim_279595/

Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді - сарапшы

01.06.2022, 09:49

Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдум маңызды оқиға екенін ескерсек, бұл ретте еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі деп айтуға болады. Бізде заңнама бойынша референдумға ерікті түрде қатысу ескерілген. Сондықтан ел халқын референдумға шақырып, жұмылдыру өте маңызды деп білемін», - деді Е. Тоқтаров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі реформалар Президент бастамаларының жалғасы болып отыр. Бұл тұрғыда осы реформалар кешенді бағдарламаға айналып, Конституция деңгейінде дамып келеді. «Жаңа Қазақстан құру жолында саяси жүйеде, оның құқықтық негізінде өзгерістер керек. Біріншіден, азаматтық қоғамның және заң шығарушы органдардың дамуы жағынан қарасақ, түрлі көзқарастардың белсенділігін әрі бәсекелестігін дамытады», - деді сарапшы.

Сонымен қатар ол референдум мен сайлаудың айырмашылығы бар екенін айта келе: «егер сайлауда нақты бір саяси партияға немесе кандидатқа дауыс берсек, ал референдумда маңызды шешімге қатысты ұстанымды білдіреміз. Осы орайда біз осы іс-шараға қатысуға міндеттіміз деп санаймын. Өйткені еліміз үшін және саяси жүйенің дамуына елеулі әсер ететін шешім болады. Тіркелген тұрғылықты жер бойынша сайлау учаскелеріне бару керек», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.

https://www.inform.kz/kz/referendum-azamattyk-kogam-men-zan-shygarushy-organdardyn-damuyna-ykpal-etedi-sarapshy_a3939024

Референдум күнінде коронавирустың таралуының алдын алу алгоритмі бекітілді

01.06.2022, 09:47

Республикалық референдум өтетін күнде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, референдумды өткізу кезінде: 1) адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, референдумға қатысушылардың легін реттеуді; 2) үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін; 3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайларды жүйелі желдетуді; 4) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды желдетуді; 5) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды жуу құралдарын қолдана отырып тазалау, ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Аталған қаулының орындалуын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, аумақтық референдум комиссиялары қамтамасыз етуі тиіс. Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда өтетін республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы қаулы қабылдады. Үгіттеу жұмыстары референдум тағайындалған сәтте басталып, дауыс берудің аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 2022 жылы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, республика бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ұсынған мәліметтер мен есептерге сәйкес, дауыс берушілердің тізіміне 11 722 536 адам енгізілді. Автор:

https://www.inform.kz/kz/referendum-kuninde-koronavirustyn-taraluynyn-aldyn-alu-algoritmi-bekitildi_a3939055

Референдум жаңа саяси мәдениетті дамыту тұрғысынан маңызды қадам болды - сарапшы

01.06.2022, 09:46

Саяси өзгерістер барлық деңгейде азаматтардың шешім қабылдауға әзір екенін көрсетті. Бұл туралы әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Зарема Шаукенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қоғамның талаптары президенттік саяси реформаларлың төрт пакетінде ескеріліп, іске асырылды. Осы тұрғыда маңызды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкін болды. Бұл өз кезегінде қоғамда өзара жауапкершілік пен сенімнің жаңа саяси мәдениетін құрудың бастауы болды. Саяси өзгерістер барлық деңгейде азаматтардың шешім қабылдауға әзір екенін көрсетті. Осы орайда суперпрезиденттік басқару түрінен түбегейлі бас тартып, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттігін күшейтуге екпін қойылып отыр. Мемлекет басшысы аталған стратегиялық қадамды нақты іске асыру үшін Президент өкілеттігіне қатысты бастамаларды ұсынды. Сонымен қатар, биліктің өкілді тармақтарын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия жүйесін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту, дауыс беру процесін жаңғырту, құқық қорғау институттарын күшейту, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру мен азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, бірінші кезектегі дағдарысқа қарсы іс-шараларды қамту ескерілді. Бұл бастамаларды іске асыру бағытында Конституцияның 30-дан астам бабына түзетулер енгізу керек болды. Бұл ретте осы өзгерістердің ауқымдылығын айтуға болады. «Қазіргі кезде ұсынылған түзетулер қоғамда кеңінен талқыланған болатын. Осы тұрғыда Президенттің ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасына референдум өткізу туралы шешімі ерекше маңызды деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде жаңа саяси мәдениетті дамыту тұрғысынан шешуші қадам. Осы орайда бүкіл саяси жүйені қайта жаңғырту, оның құқықтық негізін құру дегенді білдіреді», - деді З. Шаукенова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.

https://www.inform.kz/kz/referendum-zhana-sayasi-madenietti-damytu-turgysynan-manyzdy-kadam-boldy-sarapshy_a3939065

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…