г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді - сарапшы

Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдум маңызды оқиға екенін ескерсек, бұл ретте еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі деп айтуға болады. Бізде заңнама бойынша референдумға ерікті түрде қатысу ескерілген. Сондықтан ел халқын референдумға шақырып, жұмылдыру өте маңызды деп білемін», - деді Е. Тоқтаров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі реформалар Президент бастамаларының жалғасы болып отыр. Бұл тұрғыда осы реформалар кешенді бағдарламаға айналып, Конституция деңгейінде дамып келеді. «Жаңа Қазақстан құру жолында саяси жүйеде, оның құқықтық негізінде өзгерістер керек. Біріншіден, азаматтық қоғамның және заң шығарушы органдардың дамуы жағынан қарасақ, түрлі көзқарастардың белсенділігін әрі бәсекелестігін дамытады», - деді сарапшы.

Сонымен қатар ол референдум мен сайлаудың айырмашылығы бар екенін айта келе: «егер сайлауда нақты бір саяси партияға немесе кандидатқа дауыс берсек, ал референдумда маңызды шешімге қатысты ұстанымды білдіреміз. Осы орайда біз осы іс-шараға қатысуға міндеттіміз деп санаймын. Өйткені еліміз үшін және саяси жүйенің дамуына елеулі әсер ететін шешім болады. Тіркелген тұрғылықты жер бойынша сайлау учаскелеріне бару керек», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.


https://www.inform.kz/kz/referendum-azamattyk-kogam-men-zan-shygarushy-organdardyn-damuyna-ykpal-etedi-sarapshy_a3939024

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…