Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді – Әшімбаев
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысында айтты.
Алматыны қазақ зиялыларының қарашаңырағы десек, артық бола қоймас. Әлі күнге дейін ғылым, әдебиет, мәдениет, руханият саласындағы тұлғалардың көбі осы қалада шоғырланған. Сондықтан Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысын Алматыда өткіздік. Зиялы қауымның қашанда елдің сөзін сөйлеп, ұлттың жоғын түгендеп жүретіні белгілі. Бұл жолы да елдік мәселе, төл құндылық, әдебиет, өнер және тағы басқа маңызды салалар бойынша ашық әңгіме болды. Әсіресе, мемлекеттік тіл, ұлттық идеология, жастар тәрбиесіне қатысты орынды мәселелер көтеріліп, ұтымды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта оның бәрін өз жұмысымызда ескереміз, - деп жазды Сенат төрағасы.
Кездесуде Ұлықбек Есдәулет, Жүрсін Ерман, Болат Әбділманов, Кенжехан Матыжанов, Сәкен Майғазиев, Ринат Зайытов және тағы басқа азаматтар тарихи сананы жаңғыртатын және ұлттық болмысты ұлықтайтын басым бағыттарға назар аударды.
Отырысқа қатысқандар елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардан да қалыс қалмай, Президентіміздің бастамалары жөнінде өз пікірлерін білдірді. Олар конституциялық өзгерістер елдік пен егемендікті нығайтудың аса маңызды тетігі екенін айтты. Шын мәнінде, ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, заң үстемдігін орнатуды, адам құқығын қорғауды, азаматтардың бәріне бірдей тең мүмкіндік жасауды көздейтіні белгілі. Бұл бүгінгі реформалардың өзегі десек те, қателеспейміз. Жаңа нормалар Парламенттің рөлін және оның халық алдындағы жауапкершілігін арттыруды да мақсат тұтады. Сондай-ақ осы өзгерістер арқылы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың дербестігі арта түспек. Саяси бәсекелестікті күшейтуге және билік монополиясын жоюға арналған бірқатар маңызды түзету де ұсынылғаны мәлім, - деді ол.
Әшімбаев бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті екенін айтты.
Мұндай кешенді түзетулер Қазақстанды демократиялық, құқықтық, әділетті, әлеуметтік мемлекет ретінде нығайтуға арналған. Бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті. Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді. Ос ретте еліміздің зиялы қауымы бұл бағыттағы бастамалардан тыс қалмай, ұлттық мүдде жолында әрдайым белсенділік танытатынына ешқандай күмән жоқ, - деді Әшімбаев.
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 73-бап
Конституциялық реформаға ұсынылған баптардың тағы бірі – 73-бап. Конституциялық кеңестің міндеттері мен құқықтарын айқындайтын бапқа аса көп өзгеріс жасалған жоқ.
Бұған дейін жазғанымыздай баптағы «Кеңес» сөзі «Сот» сөзімен алмастырылды. Яғни бұдан былай елімізде Конституциялық кеңес емес, Коснтитуциялық сот жұмыс істейтінін осы баптан да айқын байқауға болады.
73-бапқа енгізілген екінші өзгеріс арқылы Конституциялық сотқа жолданған өтініштің қарау мерзімі анықталады.
Бұған дейін 73-баптың 3-тармағында «мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін» екені айтылған болатын. Алайда, жаңадан ұсынылған жобада бұл жолдар алынып тасталды. Яғни бұдан былай Конституциялық сотқа Президент талап қоймайды. Тек конституциялық заңда белгіленген мерзімде сот мүшелері өздері шешім шығаратын болады.
Аталған бапқа енгізілген өзге де өзгерістерді төмендегі салыстырудан анығырақ көруге болады.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.
73-бап
Жаңа нұсқада: 73-бапта:
1) 1 және 2-тармақтардағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
Ескі нұсқада: 73-баптың 1-2-тармақтары
- Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.
- Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
Жаңа нұсқада: 73-бапта:
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімдерде шығарады.».
Ескі нұсқада: 73-баптың 3-тармағы
- Конституциялық Кеңес өтініштер түскен күннен бастап бір ай ішінде өз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап, 52-бап, 53-бап, 54-бап, 55-бап, 56-бап, 57-бап, 58-бап, 61-бап, 62-бап, 71-бап, 72-бап.
Наблюдатели начали подготовку к референдуму в Алматы
На площадке independ.kz состоялся брифинг общественного объединения «Центр гражданских инициатив».
Тема мероприятия была посвящена предстоящему референдуму по внесению поправок в Конституцию.
В ходе брифинга представители общественного объединения объявили о создании штаба, который будет осуществлять мониторинг референдума.
Как подчеркнула руководитель штаба Ботагоз Кудышева, «Центр гражданских инициатив» поддерживает проведение референдума как возможность свободного волеизъявления народа. Каждый гражданин страны сегодня вдохновлен идеей построения Нового Казахстана как общества равных возможностей, социальной справедливости и благополучия каждого человека.
От имени активистов общественного объединения она выразила уверенность, что неправительственные организации в Новом Казахстане будут играть ключевую роль.
Координатор Ауэзовского района Жанна Мукатаева обратила внимание на то, что волонтеры общественного объединения всегда стремятся находиться в центре общественных процессов страны, ведут мониторинг работы государственных структур. «Центр гражданских инициатив» на постоянной основе привлекает добровольцев.
Завершал мероприятие координатор Алмалинского района Жасулан Тажибаев, который призвал всех горожан проголосовать на референдуме и тем самым внести свой вклад в строительство Нового Казахстана.
По словам наблюдателей, штаб организации будет работать с 4 по 6 июня по адресу ул. Маркова, 46 (угол ул. Габдуллина), 4-й этаж (мкр. Коктем).
https://365info.kz/2022/05/nablyudateli-nachali-podgotovku-k-referendumu-v-almaty
Нұрмағамбетов: Мажоритарлық модел біз үшін жаңалық емес
Алдағы 5 маусымда елмізде ірі саяси өзгерістерге мұрындық болатын жалпыхалықтық референдум өтетіні баршамызға белгілі.
Маңызды таңдау қарсаңында облыстық референдумды қолдау штабының белді мүшесі заң ғылымдарының кандидаты Рашид Нұрмағамбетовтің пікірін білген едік.
Президент 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның нормаларына ұсынған түзетулер сөзсіз тарихи маңызы бар қадам. Осы өзгерістердің нәтижелері қазақстандықтардың саяси-құқықтық мүдделері қорғалатын болады. Бұл өз кезегінде әрбір еліміздің азаматы үшін маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуде өзіндік пікірлерін нығайтып, атқарушы биліктің халықпен санасуына ықпал жасайтын қадамдар, - деді ол.
Ата заңдағы жоспарланған түзетулер өзгеріс жолдарының призмасы арқылы мемлекеттік модельдің алдағы кешенді өзгеруін көруге болады.
Онда тепе-теңдікті сақтау мен тепе-теңдіктің тиімді жүйесін құру маңызды рөл атқарады. Билік тармақтары тепе-теңдікті мемлекеттік дәрежеде Президенті қамтамасыз етеді. Ал, республикалық және өңірлік деңгейлерде биліктің өкілді органдарының рөлін нығайту, депутаттарды сайлаудың аралас мажоритарлық моделін енгізу әрбір азаматқа мемлекеттің, өңірінің, туған жерін дамытуға жеке үлесін қосуға мүмкіндік береді, - дейді жас ғалым Рашид Нұрмағамбетов.
Ата заңдағы өзгерістердің басым бағыттарының бірі Президенттік басқару жүйесінен алшақтап, Парламентке басымдық беру болып отыр.
Енді осы тұрғыда мажоритарлық модельге тоқталып кетсем. Бұл бастама біз үшін жаңалық емес деп айтуға болады. Оны біз тәжірбиде бұрын қолданып келдік. Сондықтан ел арасында артық әңгіме туғызбай қоғам болып түсіністікпен қарауымыз керек. Тарихқа зер салсақ еліміз 1990 жылдардың соңына дейін мажоритарлық жүйе бойынша сайлаулар өтіп келді. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы өркениетті елдерде осы сайлау тәсілі бар. Ендігі кезекте елдегі саяси партиялар барынша жетіліп, ел сеніміне толық ие болуы керек. Бізің саяси майданымызда 7-8 ғана партияның атын естиміз. Кейбірі тек сайлау кезінде ғана еске түсетіні жасырын емес, - дейді жас ғалым Рашид Нұрмағамбетов.
https://baq.kz/nurmagambetov-mazhoritarlyq-model-biz-ushin-zhanalyq-emes_279410/
Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді – Әшімбаев
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысында айтты.
Алматыны қазақ зиялыларының қарашаңырағы десек, артық бола қоймас. Әлі күнге дейін ғылым, әдебиет, мәдениет, руханият саласындағы тұлғалардың көбі осы қалада шоғырланған. Сондықтан Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысын Алматыда өткіздік. Зиялы қауымның қашанда елдің сөзін сөйлеп, ұлттың жоғын түгендеп жүретіні белгілі. Бұл жолы да елдік мәселе, төл құндылық, әдебиет, өнер және тағы басқа маңызды салалар бойынша ашық әңгіме болды. Әсіресе, мемлекеттік тіл, ұлттық идеология, жастар тәрбиесіне қатысты орынды мәселелер көтеріліп, ұтымды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта оның бәрін өз жұмысымызда ескереміз, - деп жазды Сенат төрағасы.
Кездесуде Ұлықбек Есдәулет, Жүрсін Ерман, Болат Әбділманов, Кенжехан Матыжанов, Сәкен Майғазиев, Ринат Зайытов және тағы басқа азаматтар тарихи сананы жаңғыртатын және ұлттық болмысты ұлықтайтын басым бағыттарға назар аударды.
Отырысқа қатысқандар елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардан да қалыс қалмай, Президентіміздің бастамалары жөнінде өз пікірлерін білдірді. Олар конституциялық өзгерістер елдік пен егемендікті нығайтудың аса маңызды тетігі екенін айтты. Шын мәнінде, ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, заң үстемдігін орнатуды, адам құқығын қорғауды, азаматтардың бәріне бірдей тең мүмкіндік жасауды көздейтіні белгілі. Бұл бүгінгі реформалардың өзегі десек те, қателеспейміз. Жаңа нормалар Парламенттің рөлін және оның халық алдындағы жауапкершілігін арттыруды да мақсат тұтады. Сондай-ақ осы өзгерістер арқылы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың дербестігі арта түспек. Саяси бәсекелестікті күшейтуге және билік монополиясын жоюға арналған бірқатар маңызды түзету де ұсынылғаны мәлім, - деді ол.
Әшімбаев бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті екенін айтты.
Мұндай кешенді түзетулер Қазақстанды демократиялық, құқықтық, әділетті, әлеуметтік мемлекет ретінде нығайтуға арналған. Бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті. Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді. Ос ретте еліміздің зиялы қауымы бұл бағыттағы бастамалардан тыс қалмай, ұлттық мүдде жолында әрдайым белсенділік танытатынына ешқандай күмән жоқ, - деді Әшімбаев.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/sayasi-zhuyemizdi-reformalau-aldagy-uaqytta-da-kezen-kezenimen-zhalgasa-beredi-ashimbaev_279408/