Құрметті аудан спортшылары мен ардагерлері! Қадірлі спортсүйер қауым!
Сіздерді Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Спорт мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру мен спорттық тамаша дәстүрлерді сақтау жас ұрпақ денсаулығын нығайтып, оның ішкі-сыртқы тәрбиесін дамытуға ықпал етеді.
Бүгінгі күні салауатты өмір қазақстандықтарға аса танымал салтқа айналып келе жатқаны тегін емес. Спортшылар да күннен-күнге өз өнегелері арқылы дене шынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтап, спортқа ден қойған адамдар саны жылдан-жылға артып, спортшылардың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді.
Олар республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге қол жеткізуде. Толағай табыстарда жаттықтырушылардың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын айта кеткен артық болмас.
Келешекте біздің спортшылар жаңа белестерді бағындырып, бұқаралық спорт жерлестеріміздің күнделікті өмір салтына айналарына сенімім мол.
Барлық спортшыларды мерекемен құттықтай отырып, өмірлеріңіз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, жеңісті сәттерге толы болып, ел үмітін ақтайтын спортшыларымыздың қатары көп болуына шынайы тілектеспін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Дипломмен ауылға!
Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Аталған мемлекеттік қызмет «Дипломмен ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы аясында көрсетіледі, бұл мемлекеттік қызмет 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Оны іске асыру барысында Жарқайың ауданының ауылдық жерлеріне Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен жас мамандар жұмыс істеу және тұру үшін келе бастады.
Аталған жобаны іске асыруда тек диплом алған оқу орындарының түлектері, сондай-ақ еңбек өтілі бар, яғни үш жылдан кем емес жұмыс істеу және тұру үшін ауылға келген мамандар жатады.
Бұл мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдігі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын беру мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі:
- Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-портал арқылы көрсетіледі;
- Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі;
- Мемлекеттік қызметті көрсету үлгісі – электрондық/қағаз түрінде;
- Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы шарт жасасу қажеттілігі туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады;
- Жүз есеге тең айлық есептік көрсеткіші (306 300 теңге) сомасындағы көтерме жәрдемақы;
- Тұрғын үй сатып алу және тұрғын үй құрылысы үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіші бір мың бес жүз еседен аспайтын (4 594 500 теңге) бюджеттік кредит сомасындағы, он бес жылға арналған мерзімімен мамандар үшін тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бюджеттік кредит, жылдық кредит сомасынан 0,01 % мөлшерінде кредит бойынша сыйақы мөлшері белгіленеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар тізбесі қажет:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
- жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
- жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
- кредиттік бюродан есеп.
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
- жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
- кредиттік бюродан есеп.
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.
Қосымша ақпаратты алуға Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, мына мекенжай бойынша: ҚР, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қ., Ленин к-сі 16 ғимарат немесе осы телефондар арқылы: +7/71648/ 9-12-85; 9-22-20; факс: 9-12-47 хабарласа алады.
Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ.
Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 27 шілдесінен 3 тамызы аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
- Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Сәуле Жульмухаметова аудан жастарының арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы әңгімелесу өткізді.
- Жарқайың ауданы жастарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының директоры Державин қаласының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемалар және олардың алдын алу әдістеру туралы жастардың арасында әңгімелесу өткізді.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 3 тамызында жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Далабай ауылының кітапханасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 27 шілдесінде мектеп әкімшілігімен әңгімелесу өткізді. Тақырыбы: "Сыбайлас жемқорлық". Сыбайлас жемқорлық – әдетте лауазымды тұлғаның өзіне сеніп тапсырылған өкілеттіктері мен құқықтарын, сондай-ақ осы лауазымдық мәртебеге байланысты өкілеттіктерді, мүмкіндіктер мен байланыстарды заң мен моральдық принциптерге қайшы келетін жеке бас пайдасы үшін пайдалануын білдіретін термин.
- «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 2-3 тамызында Державин қаласы әкімінің орынбасары Т.Б.Өмірзақовтың және «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы Н.Төлегенованың қатысуымен «2022 жылға қаланы абаттандыру жөнінде жүргізілген жұмыстар және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы» және «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
- «Жарқайың ауданы Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Кен ауылының кітапханасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 27 шілдесінде оқушылармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» ақпараттық сағатынақпараттық буклеттер таратылды.
Жарқайың ауданының әкімдігі.
Жарқайың ауданы бойынша ауыл әкімдерінің бірінші жартыжылдығының есептері басталды
2022 жылдың 8 тамызында аудан әкімі Жанболат Хамитов Үшқарасу, Пятигор ауылы және Костычев ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Халықпен кездесу барысында ауыл әкімдерінің бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар және екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер мен жоспарлар туралы есептері тыңдалды.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ұйым басшылары, аурухана мен полиция өкілдері қатысты.
Ауыл тұрғындары ауылдарда медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, мектептерді жөндеу және басқа да мәселелерді көтерді.
Тұрғындармен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, сапар барысында аудан әкімі ауыл мектептерін аралап, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті, жаңа оқу жылына дайындық және алдағы егін жинау барысымен танысты.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрметті шекарашылар және шекара қызметінің ардагерлері!
Сіздерді және отбасыларыңызды кәсіби мерекелеріңіз – шекарашылар күнімен құттықтаймын!
Біздің мемлекетіміздің – Қазақстан Республикасының алдыңғы шебінде қызмет ету, мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету –Сіздерге Ұлы миссия бұйырды. Отанымыздың қасиетті шекараларын қорғау-шекарашылардың алдында тұрған жауапты және маңызды міндет.
Шекарашылар алдағы уақытта да өзінің әскери борышын абыроймен орындап, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің алдына қойылған міндеттерді іске асыруға белсене қатысатынына нық сенім білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, қажырлы еңбекте табыс, отбасылық амандық тілеймін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.