Акмолинцы поддержали жителей соседнего региона.
Акмолинцы поддержали жителей соседнего региона.
Трагедия в Костанайской области никого не оставила равнодушным. По всей стране организован сбор средств и вещей для пострадавших. Не стала исключением и Акмолинская область.
В рамках каравана милосердия на базе областного филиала партии "Аманат" объявлен сбор гуманитарной и материальной помощи. Помощь пострадавшим людям поступает сегодня со всех уголков региона.
Как рассказали в филиале партии, для помощи пострадавшим принимаются одежда, медикаменты, продукты питания, средства гигиены и многое другое.
Сегодня административное здание партии многолюдно. Многие жители областного центра приносят предметы первой необходимости. Одним из первых, поддержавших инициативу в оказании помощи населению соседней области, пострадавшим в результате огненной стихии, стал Ильяс Оспанов. «Люди сейчас переживают сложное время, нужно их поддержать в такой чрезвычайной ситуации. Это бесспорно. Думаю, с помощью всех казахстанцев жизнь быстро войдет в свою колею»,—уверен житель Кокшетау.
К слову, сегодня, после обеда, первый транспорт с гуманитарной помощью направился уже в пункт назначения.
Также открыт пункт приема помощи костанайцам и в областном учреждении"Қоғамдық келісім" по линии Ассамблеи народа Казахстана.
Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж. Қ. Хамитов бекіткен 2022 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 18-24 тамыз аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- 24 тамыз күні Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында "Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
- Жарқайың ауданының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Державинск қаласының "Жасыл ел" жасағының сарбаздарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және оның жастар арасында алдын алу әдістері туралы әңгіме өткізді
- Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің маманы Жанат Мыңбаев бөлім ұжымымен "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар" тақырыбында әңгіме өткізді.
- "Адал бизнес" акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ бас маманы Т.Шпанов 2022 жылдың 22 тамызында жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" атты жұмысын жалғастырды. Аталған акция барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлерінің өкілдері арасында әңгіме жүргізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маманы Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес" жүргізуге шақырды.
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында 2022 жылғы 22 тамызда Жарқайың ауданының "Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ басшысы аудан басшылары арасында "Сыбайлас жемқорлықты жеңу жолдары" тақырыбында әңгіме өткізді. Іс-шара барысында басшы баяндама оқып, талқылау өткізді
- "Адал-көмек" жобасы аясында 2022 жылдың 23 және 24 тамызында Жарқайың ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" ММ бас маманы М. Ачханованың және "Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім беру бөлімінің әдістемелік орталығы" КММ әдіскері Б. Исаеваның қатысуымен "Мемлекеттік сатып алу бойынша тарату жұмысы" тақырыбында және "Рухани жаңғыру-болашақтың бекем бағдары" тақырыбында тікелей эфирлер өткізілді.
- 2022 жылғы 23 тамызда "Жарқайың ауданының Львов ауылы әкімінің аппараты" ММ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды кеңінен тарту мақсатында ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу мақсатында 2022 жылғы 24 тамызда Жарқайың ауданының "Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ Құмсуат ауылдық кітапханасының қызметкерлері оқырмандармен сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу бойынша әңгіме өткізді.
Жарқайың ауданының әкімдігі.
"Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауының облыстық кезеңі аяқталды
Ақмола облысы орталығының, "Көкшетау" мәдениет сарайында "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың облыстық кезеңінде Жарқайың ауданының атынан Мыңбаевтар отбасы қатысып, 2 орынды иеленді.
Мыңбаевтар отбасын "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі орынмен құттықтаймыз.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Ал сен мектепке дайынсың ба?» атты акцияны өткізілді
Державин қаласында 30 тамыз күні «Городок» дүкенінің алаңында TO “BIRLIK”, «ANTRE РАДУГА» және «ГОРОДОК» дүкені бірлесіп, оқу іс-әрекетіне оң мотивация жасау, құрдастарымен және ересектермен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сенімділік сезімін қалыптастыру мақсатында «Ал сен мектепке дайынсың ба?» атты акцияны өткізді. Акцияға қаланың барлық бүлдіршіндері ат салысты.
Іс шараның өтуі барысында ұйымдастырушылар балалармен түрлі ойындар, танымдық конкурстар өткізді. Сонымен қатар, іс шара концерттік бағдарламамен сүйемелденді. Мектеп кезеңі алдында бұл іс шара балалардың көңіл күйін, оқуға деген ынтасын және белсенділігін арттырды. Балалар бұл акциядан көп жағымды әсер мен сыйлықтар алды. Енді көңіл күйлері көтеріңкі бүлдіршіндер мектепке толығымен дайынбыз дейді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Тамыз конференциясы өтті
Аудандық мәдениет үйінде білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясы 2022 жылдың 27 тамызында өтті. Тамыз конференциясына Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, "Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағын ұйымдастыру" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбай Әбдірахманов, аудандық мәслихат хатшысы Асылхан Әлжанов, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпеиісова, ауыл және ауылдық округ әкімдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім қызметкерлері және аудан педагогтары қатысты.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов өз сөзінде конференция қатысушыларын келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, Мемлекет басшысы мен үкімет қойған міндеттердің лайықты орындалуын, оқушыларды тәрбиелеу және оқыту ісінде шығармашылық табыс тіледі.
Тамыз конференциясы барысында білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері, кәсіби шеберлігі және жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін аудан әкімі бірқатар алғыс хаттарды табыс етті.
Білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясы концерттік бағдарламамен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.