«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде
«16 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 16:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталады», деп хабарлайды Жарқайың тынысы.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар.
Акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.
Карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. 2022 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.
Державин қаласында Захаров көшесі, 37, Жарқайың ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Жарқайың аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты бойынша өтеді.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ауқымы мен географиясы бойынша әлемде теңдесі жоқ.
Жарқайың ауданының әкімдігі.
Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 1қыркүйегінен 8 қыркүйегі аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 7 қыркүйекте мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. дөңгелек стол барысында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қарастырылды.
- Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшының міндетін атқарысушы Қымбат Серікқызы Белгібаева бөлім қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас құқық бұзушылықтарының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті ныфғайту мақсатында, 2022 жылдың 6 қыркүйегінде Тасөткел ауылының мәдени демалу орталығының ғимаратында» Барлығымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 7 қыркүйегінде жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы аудандық аурухананың қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
- «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 6-7 қыркүйегінде «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Қ.Ордабаевтың, «Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы Д.Садықовамен «Мемлекеттік сатып алулар туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы туралы» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
- «Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Нахым ауылының кітапханасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 8 қыркүйегінде оқушылармен «Сыбайлас жемқорлық қоғамның басты проблемасы» ақпараттық сағатын өткізді.
Жарқайың ауданының әкімдігі.
Анна Семеновна Шевцованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Державин қаласының тұрғыны Анна Семеновна Шевцованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Аудан әкімі Анна Семеновнаға зор денсаулық, рух сергектігі мен амандық тіледі. Сондай-ақ, атаулы меретоймен аудандық мәслихат хатшысы Асылхан Әлжанов, Державин қаласының әкімі Талғат Бейсенов, Жарқайың ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлбосын Ахметова құттықтады.
Анна Семеновна 1922 жылы 9 қыркүйекте Калуга облысы, Жиздрин ауданы, Орля ауылында дүниеге келген.
Анна Семеновнаның байлығы тек жасы ғана емес, сонымен қатар ең басты байлығы – балалары, немерелері, шөберелері, шөпшектері. Қызы Нина Григорьевна – зейнетке шыққан, Державин қаласында тұрады, қызы Валентина Ленинградта дәрігер болып жұмыс істеді, өкінішке орай қайтыс болған. Тағы бір ұлы Ресейде тұрады, кіші ұлы Григорий отбасымен-анасының қасында, Державин қаласында тұрады. Біздің мерейтой иесінің 7 немересі, 10 шөбересі және 2 шөпшегі бар.
Өзінің адал еңбегі үшін Анна Семеновна өз мұрағатында құрмет грамоталары, Коммунистік еңбек Екпіндісі белгісі, "Еңбек ардагері" медалі бар, сондай - ақ "соғыс жылдарында жұмыс істеген тыл еңбеккері" мәртебесіне ие.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі
Елбасымыз менмлекет - отбасыдан басталады және қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Яғни 2022 жылы ол 11 қыркүйекке сәйкес келеді.
«Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді», - деген еді Елбасы Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтауында.
Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әр елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажет, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.
Осылайша, Отбасы күнін мерекелеу қарсанында Державин қаласының тұрғыны Елизавета Ромасовна Бякярис дүниеге батыр ұл әкеліп, бөбегі екеуі аман сау перзентханадан үйге аттанды. Перзентханадан шыққан бетте Елизавета Ромасовнаны Державин қаласының әкімі Т.О.Бисенов және Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі бастығының м.а. К.С.Бельгибаева қарсы алды. Талғат Оразұлы құттықтау сөздер аутып, отбасыға амандық, дендеріне саулық, балаларына жарқын болашақ пен үлкен белестерге жетсін деп тілек білдірді. Айта кетсек Елизавета Ромасовна керемет 3 баланың анасы.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Егін жинау жалғасуда
Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, 657346 гектар алқапта егін жинау науқаны жүріп жатыр. 14 қыркүйекке бидай жалпы ауданы 415250 га шабылып, орташа өнімділік 8,4 болған жағдайда 348816 тонна бастырылды. Арпа 34063 га жиналды, 34063 тонна бастырылды, өнімділік 10 құрады. 980 га жерге сұлы жиналды, 882 тонна бастырылды, өнімділігі 8,5. Егін жинау жалғасуда.
«Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» ММ.