Жарқайың ауданы бойынша ауыл әкімдерінің бірінші жартыжылдығының есептері жалғасуда
2022 жылдың 15-16 тамызында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Пригород, Тассуат, Далабай ауылдарының, Державин қаласының, Гастелло ауылының, Уәлиханов және Жаңадала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Тұрғындармен кездесу барысында ауыл әкімдерінің бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар және екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер туралы есептері тыңдалды.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ұйым басшылары, аурухана мен полиция өкілдері қатысты.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында жолдарды жөндеу, ауыл шаруашылығы жерлері мен жайылымдар мәселесі және басқа да сұрақтар қойылды.
Тұрғындармен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.