Ақмола облысында "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспары қалай жүзеге асырылуда
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова жарты жылдың қорытындысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы" кешенді жоспарының қалай іске асырылып жатқанын айтып берді.
Спикердің айтуынша, облыста 46 іс-шарадан тұратын облыстық жоспар әзірленді, оның 10-ы – жұмыспен қамту мәселелері.
Жоспардың басым бағыттарының бірі тиісті шараларды іске асыру арқылы жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін жағдай жасау болып табылады.
"Бірінші жартыжылдықта Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2564 азамат қамтылды, оның ішінде жоба бойынша 74 адам бірінші жұмыс орнына орналастырылды. Ол жұмыс іздеп жүрген адамдарға және 29 жастан аспаған жастар қатарындағы жұмыссыздарға, оның ішінде NEET санатынан жұмыс тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға арналған. Жалақыны мемлекет субсидиялайды. Сондай - ақ, бірінші жұмыс орнының ұзақтығы 12 айдан 18 айға дейін ұлғайып, төлем мөлшері 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайғанын хабарлағым келеді", - деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.
Әлеуметтік жұмыс орындарымен 384 адам қамтылды. Жастар практикасына 262 жас жіберілді, жыл соңына дейін тағы сонша жастар жіберіледі. Қоғамдық жұмыстарға 1773 адам жіберілді.
Дина Ахметжанова атап өткендей, шараны іске асырудың алғашқы күндерінен бастап жұмыспен қамтудың белсенді нысандары аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын аударуына ерекше көңіл бөлінеді.
Бұдан басқа, облыста 487 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру жоспарланған, оның ішінде 260 грант жастарға арналған. Бүгінгі таңда 21 грант берілді, оның ішінде 10-ы жастар.
Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды, оның 6 мыңнан астамы - тұрақты жұмыс орындары.