г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ҚАЗАҚСТАН ҚАЗЫНАШЫЛЫҒЫНА - 30 ЖЫЛ

26.01.2024, 09:11

Қазынашылық тарихы мемлекеттің қалыптасуымен тығыз байланысты. Республикада жүзеге асырылып жатқан экономикалық өзгерістердің одан әрі барысы нарықтық қатынастарды дамытуға және терең экономикалық дағдарысты еңсеруге, сондай-ақ тәуелсіз бюджет жүйесін қалыптастыруға байланысты күрделі міндеттерді шешуді талап етті.

Президенттің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен Қаржы министрлігі жанынан бюджеттік ұйымдардың шоттары бойынша банк операцияларын жүргізуді алдын ала, ағымдағы және дәйекті бақылау функцияларын қабылдай отырып, бюджеттің кассалық атқарылуын жүзеге асыруға арналған бюджеттік жүйенің буыны ретінде Қазынашылықтың Бас басқармасы құрылды. Аударым операцияларын орталықтандырылған жүзеге асыру және олардың күнделікті есебін жүргізу үшін Бірыңғай қазынашылық шот ашылды. Өтпелі кезеңге 1995 жылы Бюджеттік банк құрылды, 1998 жылдың қаңтарында ол бюджеттің кассалық атқарылу функцияларын аумақтық қазынашылық органдарына бере отырып таратылды.

Қазақстанда бюджеттік реформаларды жүргізу Қолданыстағы қазынашылық жүйесін жаңғырту қажеттілігін туғызды.  Ал 1999 жылы Қазынашылық комитеті бұл жобаны жүзеге асыруға кірісті. Жаңа қазынашылық жүйесі ORACLE бағдарламалық жасақтамасының негізінде әзірленді. Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (ИАЖ) енгізу 2001 жылы басталды. ИАЖ-нің 2004 жылдан бастап бүкіл ел бойынша табысты жұмыс істеуі бюджетті атқарудың қолданыстағы тетігінің кемшіліктерін, бюджет қаражатымен операцияларды алдын ала бақылаудың жоқтығын жойды, елдегі ақша ағындарын реттеу үшін мемлекеттік қаржыны дәл есепке алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазынашылық жүйені жетілдіру шеңберінде 2008 жылы "Қазынашылық-клиент" электрондық құжат айналымын құру жөніндегі бағдарламалық өнім әзірленіп, енгізілді, бұл қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға, мемлекеттік мекемелердің қағаз, уақыт, көлік шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, "адам факторының" қателіктері есебінен қайтару санын азайтуға мүмкіндік берді ("Қазынашылық-клиент" электрондық құжат айналымын құру кезінде форматтық-логикалық бақылау құжаттарды енгізу, қазынашылық жүйенің анықтамалықтарына тікелей жүгіну).

Бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлау және пайдалану үшін ауылдық округтердегі халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, 2013 жылғы шілдеден бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқару шоттарын кезең-кезеңімен ашу және оларға қызмет көрсету басталды. Ал 2018 жылдан бастап ауылдар мен ауылдық округтердің өзіндік бюджеттері бар.

2014 жылы Қазынашылық ұлттық оператор болып табылатын Қазақстан аумағында электрондық шот-фактуралар жүйесін табысты енгізу жүргізілді.

2016 жылы "Қазынашылық-клиент" АЖ "электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесімен тәжірибелік пайдалануға енгізілді, бұл мемлекеттік сатып алу процесінің жоспарлаудан бастап Шартты тіркеуге дейінгі ашықтығын қамтамасыз етеді.

Құрылысқа байланысты Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының дұрыс пайдаланылуын бақылау үшін 2017 жылы "мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу" жобасы енгізілді.

Бюджетті атқару рәсімдерінің маңыздылығын ескере отырып, Қазынашылықтың тікелей міндеті әрбір қаржылық операцияның уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына қатаң бақылау жасау болып табылады. Қазынашылық органы - мемлекеттік органдардың ішіндегі ең тұрақтыларының бірі, үнемі дамып отырады, жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде. Қазынашылық органдарының 30 жыл бойы жұмыс істеуі олардың қызметінің тиімділігі мен жоғары сұранысқа ие екендігін айғақтайды.

Г. ЖАНТЛЕЕВА, Жарқайың аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

Тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларға сертификат табыстады

26.01.2024, 08:56

2023 оқу жылының қорытындысы бойынша  тыңдаушыларға сертификат табыстауға арналған іс – шараға Жарқайың ауданының Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймолдинов, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қымбат Белгібаева, Жарқайың аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы Оразхан Зейнолла, шақырылғандар мен тыңдаушылар қатысты.

Тәуелсіз еліміздің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті мен рухани құндылықтары болып табылады.

Қазақтың бас ақыны, хакім  Абай атамыз: «Қазақтың өзгелерден сөзі ұзын» немесе «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас»-деп, өз тіліне таңырқап, тағзым еткені белгілі.  Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілі – қазақ халқының төл мәдениеті, мемлекеттік тілі.

Елімізде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету жолында тіл мәдениетін одан әрі арттыруға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу мақсатында 2019 жылы 31 желтоқсанда Үкімет қаулысымен бекітілген: «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудабарлық өңірлерде тілдерді дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда біздің ауданымызда да мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер мен   ересек тұрғындардың тілдерді оқып – үйренулеріне мүмкіндіктері бар.

Шара барысында 2023  оқу жылында тіл үйренушілер арасында өткен аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары, ауданымызда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан белсенді үлестері үшін Жарқайың ауданы әкімі орынбасарының  алғыс хаттарымен Одинцова Наталия,  Алтынай  Бейсембекова, Ляззат Паизова, Дуденко Марина  марапатталды.

Орталық ашылғалы бері  2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазтест оқу бағдарламасы арқылы  мемлекеттік тілді оқыту курсын 378, бір жылдық ағылшын тілінің қарапайым курсын 118 тыңдаушы  оқып,  деңгейлік сертификаттарға  ие болды. Сонымен қатар ҚАЗТЕСТ бағдарламасын насихаттау мақсатында 2013 – 2023 жылдары  26 мекемеден  841  қызметкерлер қатысып,  Орталық базасында тілдік білімдерін анықтады.

2023 оқу жылының қорытындысы бойынша Тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұргүл  Искакова  сөз сөйледі.

Жыл қорытындысы бойынша 44 тыңдаушыға сертификаттар табысталды. Оның 22-сі мемлекеттік тілде  3 жылдық курстан өткен  және 22-сі ағылшын тілінде 1 жылдық курстан өткен.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

Оқу-тәрбие жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру

26.01.2024, 08:44

Аудандық білім бөлімінің жоспары бойынша Жарқайың ауданы мектептерінің бастауыш сынып жетекшілерімен кездесу өтті. Оған 19 мектеп қатысты. 

 Кіріспе сөзінде аудандық әдіскерлік орталықтың меңгерушісінің м.а. Гүлжан Исаева әдістемелік бірлестіктің барлық қатысушыларымен амандасып, жемісті жұмыс тіледі. Әрі қарай  бағдарламаны түсіндірді, ауданның бастауыш сыныптары бойынша жұмысқа жетекшілік ететін әдіскер-модератор Марина Рыбаковаға аудиторияны таныстырды.

"Солнышко" балбақшасының педагог-психологы Мырзабекова Мақпал аудиториямен тренинг өткізіп, жұмысқа оң көңіл-күй сыйлады.

Гүлжан Исаева «Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылымына өзгерістер енгізу арқылы оқу-тәрбие жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру» тақырыбында коучинг өткізді.  Өзін-өзі жүзеге асыруға, кәсіби құзыреттілікке, нәтижелілікке, үш бағыт бойынша қол жеткізуге ықпал ететін педагогтердің кәсіби дамуында ынталандыру рөлін атқаратын Әдіскерлік бөлім әдіскер-басшысының жұмысы туралы айтып берді:

- тәрбиеленушілердің білім сапасын арттыру;

- педагогтарды оқыту сапасын арттыру;

- педагогтерді аттестаттау.

Жұмыс барысында бастауыш сыныптардың ӘБ басшылары өз тәжірибелерімен бөлісті, үш бағыт бойынша туындаған қиындықтарды жеңу үшінжұмысты қалай жақсартуға болатыны туралы әңгімеледі.

Аудандық білім бөлімінен жұмыста орындау үшін ұсыныстар берілді. Бастауыш сынып басшыларының барлық тілектері ескерілді. Кездесу қызықты, танымдық қасиеттерге толы және жемісті өтті.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

«Ілияс оқулары» және «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті

26.01.2024, 08:40

Қаңтардың 19-ы күні Н. Островская атындағы орта мектебінде аудандық «Ілияс оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының мақсаты ақын шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру. Өлең сөзінің құдіретін жанымен сезіну, жүрегімен түсіне білуге баулу.

Байқаудың «Сұлу сөздің сүлейі» ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 8 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Зілқара Ақбота 1- орын,  Балтабай Мерей, Вебер Виолетта 2-орын, Эргашова Сабрина, Советова Зарина, Жиеналина Жансая  есімді оқушылар 3-орынды иеленді. «Ілияс – эпик ақын» поэма жатқа оқу номинациясы бойынша: Тұрағал Ернұр және Ахметова Лейла 2- орын, Тұрағал Әмір 3-орынды иеленді. «Ағынды менің Ақсуым» өз өлеңдерін оқу номинациясы бойынша: Әлиасқар Тілеуді 1- орын, Ысқақ Самат, Ибраев Нұрмұхамбет 2-орынды иеленсе, Шарипов Абай, Бабахумар Мирас, Подрезова Милана, Ауезова Аяна есімді оқушылар 3-орынды иеленді.

Дәл осы күні «Мағжан оқулары» байқауы өткізілді. Мағжан Жұмабаев оқулары байқауының мақсаты ақын шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру. «Рухани жаңғыру» шығармасын Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын іске асыру аясында жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Байқаудың «Өлең –менің Шолпаным, Айым, күнім» ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 18 оқушы қатысты. Нәтижесінде: Халибек Жаннұр 1- орын,  Скобцова Вероника, Елтай Сұңғат, Тюреньков Игорь, Жакупова Самал 2-орын. Воронина Евгения, Тоболина Анастасия, Тұрсынбай Гаухар, Нұрболқызы Іңкәр, Елеш Айым есімді оқушылар 3-орынды иеленді.  «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша: Найзабекова Арай 1- орын,  Жомартова Керім, Чепигина Александра 2-орын, Мирас Адина, Рыжкова Лилия 3-орынды иеленді. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша: Шарипов Абылай 1- орын, Силеухадыр Анель, Магизамов Рамазан, Ауезова Аяна 2-орынды иеленсе, Куделюк Богдан, Бабахумар Мирас есімді оқушылар 3- орынды иеленді. Байқау соңынан жүлдегерлер марапатталды.

Жалпы байқауға 56 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге: «Ілияс оқуы» байқауы бойынша: «Сұлу сөздің сүлейі» номинациясында 1- орынды иеленген Зілқара Ақбота Тасты -Талды ЖОББМ оқушысы, жетекшісі: Нуралина Акмарал, «Ілияс эпик ақын» номинациясы бойынша Тұрағал Ернұр А. Үкібаев атындағы ЖОББМ 10 сынып оқушысы, жетекшісі: Оспанова Эльмира. «Ағынды менің Ақсуым» номинациясы бойынша 1- орынды иеленген Әлиасқар Тілеуді А. Үкібаев атындағы ЖОББМ 10 сынып оқушысы жолдама алды. Жетекшісі: Абикеева Анар. «Мағжан оқуы» бойынша А. Үкібаев атындағы ЖОББМ оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Оспанова Эльмира. Нақтырақ айтсақ: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, күнім» номинациясында Халибек Жаннұр,  «Жасынан оқу оқып,  өнер қуған» номинациясы бойынша Найзабекова Арай,  «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша Шарипов Абылай.

Білім бөлімінің "Дарынды балалармен жұмыс " әдіскері Нурмагамбетова Д.М.

Мобилдi аударымдар туралы

05.01.2024, 11:30

      1. МОБИЛДІ АУДАРЫМДАРДЫ ТЕКСЕРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

       Мобилді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.

       Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобилді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.

       Айта кету керек, мемлекет барлық мобилді аудармаларды тексермейді.

       Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобилді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.

       2. ТУЫСТАР МЕН ДОСТАРҒА АҚША АУДАРУҒА БОЛА МА?

       Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобилді аударымдар жасай және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ.

       3. КЕЙБІР КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТЫП, ТЕК ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАМЕН ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫ ТАЛАП ЕТЕ БАСТАДЫ. БҰЛ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗАҢДЫ?

       «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес түрлі төлем тәсілдері қарастырылған – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап).

       Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.

      Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).

      4. ЕГЕР КӘСІПКЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСА, ҚАЙДА ЖҮГІНУГЕ БОЛАДЫ?

       Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет.

      5. АЛ МЫСАЛЫ, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК? ОЛАР КАССАЛЫҚ АППАРАТТЫ ӨЗДЕРІМЕН БІРГЕ АЛЫП ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ ҒОЙ.

      Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны «e-Salyq Business», «Egov Mobile» және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобилді қосымшалары («Halyq bank», «Kaspi bank», «BankCenterCredit») арқылы жасауға болады.

     Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимінде кәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, сол жерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдер түседі. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ.

     6. БҰЛ БАСТАМА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ «КӨЛЕҢКЕГЕ» КЕТУІНЕ ӘКЕЛІП СОҚПАЙДЫ МА?

     Қазіргі таңда салықтық міндеттемелерді адал орындау әлдеқайда тиімді.

      Бүгінде бизнес жүргізуге және оны дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді – салық мөлшерлемелеріқызмет түріне байланысты тек 1-4%-ды ғана дейін құрайды.

      Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобилді аударымдар қабылдаса, онда ол қазірдің өзінде «көлеңкеде» қалып, салық бақылауына түседі.

      Бұл ретте мобилді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді.

      Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылады. Яғни, барлық салық төлеушілер тең болуы және алынған табыстан салық төлеуі тиіс.

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…