г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақыл Қарпықбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен кездесті

01.12.2023, 03:50

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың төралығымен, аудан әкімдігінің мәжіліс залында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы Ақыл Қарпықбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен кездесу өткізді.

Осы жиында Ақыл Қарпықбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелерін таныстырды.

Кездесу барысында ол аудан аумағындағы қылмыстың жай-күйі, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу және апаттық жағдайлар туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ағымдағы жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау туралы ақпарат берді.

Бақылау-қадағалау жұмыстары нәтижелері туралы мемлекеттік бақылау органдарының өкілдері де мәлімдеме жасады.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтілді

01.12.2023, 03:47

Жарқайың аудандық мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты бөлім алдында, Мәдениет үйінің фойесінде ауыл шарушылығы саласына арналған көрме ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шара барысында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауданның барлық диқандарын кәсіби мерекемен құттықтап, жаңа еңбек жетістіктері мен денсаулық тілеп, ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін, шаруа қожалықтарының, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басшыларына алғыс хаттар табыс етіп, ауыл шаруашылығы ардагерлерін, комбайнерлерін, механизаторларын және басқа да үздік мамандарын атап өтті.

Нақтылай кетсек:

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы В.П.Белых;

- "Еңбек адамы" номинациясы бойынша Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен: "Державинская Агромпромтехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісі В.Н. Паламарчук, "Сельхозхимия"  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы В.И. Мироненко;

- Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен: "Темірлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е.К. Алин, «АБС Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы М.О. Тұрсынбаев, «Ростовское Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үздік механизаторының  бірі  С.М. Ахметов, "Жер-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы С.Ю.Орехова марапатталды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының үздіктеріне Жарқайың ауданы әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.  

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

 

Вольф Раиса Кәкімқызына «Еңбек ардагері» медалі табысталды

01.12.2023, 03:47

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №409 бұйрығымен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов «Целинная знамя» қоғамдық-саяси газетінің директоры Вольф Раиса Кәкімқызына «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.

Раиса Кәкімқызы 1960 жылы 12 қыркүйекте Ақмола облысы, Қима ауданы, Ишимка ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1976 жылы бастаған. «Целинная знамя» қоғамдық-саяси газетінде еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жалпы жұмыс өтілі 47 жыл.

Қазіргі уақытта «Держава-Пресс» ЖШС директоры.

Раиса Вольф күнделікті жұмыс арқылы өзінің білімі мен дағдыларын жас ұрпаққа беруге тырысады.

Осы орайда әріптесімізді «Жарқайың тынысы» газетінің атынан құттықтағымыз келеді. Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.

 

Қобызды ту еткен Аяулым

24.11.2023, 05:24

Бір кезеңдерде халықтың жадынан жоғалып кеткен жәдігер қобыз тәуелсіздікпен бірге қазақ өнеріне қайта оралды. Төл шығармалары сақталмағандықтан шанақты аспаптың репертуары бай емес. Қобыз-өте сазды, өте мұңды аспап. Қобыздың пайда болуын, тарихын Қорқытпен байланыстырамыз, "күй атасы Қорқыт" деп атайтынымыз да сондықтан. 

Қыл қобыздың үні дала даусындай. Қуыс шанақ қара жердей күңіреніп, қара желдей ысқырады. Боз үнген боп боздап, боз даладай құлпырады. Барлық ыспалы аспаптардың атасы болып саналатын қобызды ежелгі түркі-монғол  ұлыстары "хор, хуур" деп те атаған. Осыған қарап ғалымдар арасында "хор құт", яғни, арғы мәні "қобыз құт" деген біріккен сөзден шыққан да шығар деген ой бар. Ежелден қобыз аспабын кие дарыған адамдар ғана ойнай алған. Екінің бірі ойнап кете алмайтын сыр мен қыры мол аспапты жыраулар мен абыздар, ұзандар мен бақсылар ғана қолданған. Халқымызда қобыз аспабын музыкалық инструмент  емес, көбінесе бақсы-шамандардың құралы деген пікір қалыптасқан. Алайда, бүгінгі күні бұл киелі аспап елміздегі эстрадалық сахыналарда көрініп жүр. Тіпті, ауданымызда да Қобызды меңгеріп, жасұрпаққа насихаттап жүрген ару тұрады. Ол, Сейдеғалымова Аяулым Кенжебекқызы. Біз Аяулым Кенжебекқызынан сұхбат алуды жөн көрдік

- Сәлеметсіз бе! Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз  қай жақтың  тумасысыз? Қайда білім алдыңыз?

- Қайырлы күн! Мен, Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасымын. 2019 жылы Торғай Гуманитарлық колледжіне аспапта орындау және өнер эстрадасы мамандығына оқуға түстім. Содан бітіріп, бүгінде  Костычево ауылында Мәдениет үйінде балаларға сабақ беремін.

- Өнерге деген талпыныс, сүйіспеншілік қай уақыттан басталды?

- Мен өнер мектебінде 8 жасымнан бастап оқыдым. Қазір  бұл салада жүргеніме 12 жыл болды. Алғаш рет үйде бәріміз теледидар қарап отырғанбы. Сол сәтте анашым домбырада ойнай алатын. Арқалық хабары арнасында "өнер мектебіне балаларды қабылдаймыз" - деген хабарландыру шықты. Содан анам келесі күні сол өнер мектебіне мені жетектеп апарып, аспата ойнауға жіберді. Сол уақыттан бері анамның қалауымен Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы өнер мектебінде оқып шықтым.

- Қобыз аспабынан қандай сезім аласыз? Осы аспабты таңдауға не себеп болды? Кімдерді үлгі тұтасыз?

- Қобыз аспабы ерекше ғой. Ешкім оны ойнай бермейді деп қызығушлық танытып ойнап кеттім. Басында әрине қиын болды. Содан соң әртүрлі шет елден эстрада музыкаларың слухқа салып, кавер түсіріп, одан әрімен қобызға деген махаббатым оянып кетті. Қобыз аспабында- "Асыл" тобын үлгі тұтамын.

- Сізге күйшілердің ішінде кімнің шығармасы ұнайды?

- Көбіне Абай атамыздың шығармаларын ойнаған ұнайды.

- Еңбек жолыңыз қалай, қашан, қайда басталды? Костычево ауылына барудағы себеп неде, ауылдың артықшылығы қандай?

- Костычево ауылына бару себебім: жалпы менің ойымша адам еңбек жолын шағын жерден бастаса өмірде өз орнын табады деп ойлаймын және ауыл шәкірттерінеде өнерге деген қызығушылықтарын көрсеткім келді.

- Баулып жүрген шәкірттеріңіз  барма?

- Иә, қазір шәкірттерім бар. Аллаға шүкір, ауылдағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары. Мен қобыз және фортепиано аспаптарынан сабақ беремін.

- Өнер жолын таңдау үшін адамда қандай қабілет болғаны дұрыс және қыз баласына бұл жол қиын емес пе?

- Өнер жолына керісінше қыз балалардың барғаны дұрыс деп ойлаймын. Ал, өнер бірден пайда болмайды. Ол үшін көп жұмыс жасау керек (мысалы музыкада слух деген бар, сол слухпен жұмыс жасаған дұрыс).

- Болашақтағы арманыңыз не?

- Арманым өте көп. Қазіргі таңдағы арманымның бірі ол, балалардың қазақ аспаптарына деген қызығушылықтары артса ғой деген ой. Сол үшінде тыңбай жұмыс жасап жатырмыз. Нәтиже де бар.

- Халыққа айтар лебізіңіз!

- Халыққа тек жақсылық тілеймін және жастарға айтарым өз еңбек жолдарынызды ауылдан бастаңыздар, ауыл балаларыда жақсы білім алғаны дұрыс!

- Сұхбатыңызға рахмет! Армандарыңыз орындалып, мақсатыңызға жетіңіз!

- Сіздерге де көп рахмет айтамын.

Сұхбаттасқан "Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодекс нормаларын сақтауы

24.11.2023, 03:59

17 қарашада әдеп жөніндегі уәкіл Е. Мұқашев «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодекс нормаларын сақтауы» тақырыбында дәріс оқыды. Аталған дәрісті талқылаудың басты бағыттары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы және қызметтік міндеттерін орындау уақытындағы мінез-құлық стандарттары болды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…