Вольф Раиса Кәкімқызына «Еңбек ардагері» медалі табысталды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №409 бұйрығымен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов «Целинная знамя» қоғамдық-саяси газетінің директоры Вольф Раиса Кәкімқызына «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.
Раиса Кәкімқызы 1960 жылы 12 қыркүйекте Ақмола облысы, Қима ауданы, Ишимка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1976 жылы бастаған. «Целинная знамя» қоғамдық-саяси газетінде еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жалпы жұмыс өтілі 47 жыл.
Қазіргі уақытта «Держава-Пресс» ЖШС директоры.
Раиса Вольф күнделікті жұмыс арқылы өзінің білімі мен дағдыларын жас ұрпаққа беруге тырысады.
Осы орайда әріптесімізді «Жарқайың тынысы» газетінің атынан құттықтағымыз келеді. Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.
Қобызды ту еткен Аяулым
Бір кезеңдерде халықтың жадынан жоғалып кеткен жәдігер қобыз тәуелсіздікпен бірге қазақ өнеріне қайта оралды. Төл шығармалары сақталмағандықтан шанақты аспаптың репертуары бай емес. Қобыз-өте сазды, өте мұңды аспап. Қобыздың пайда болуын, тарихын Қорқытпен байланыстырамыз, "күй атасы Қорқыт" деп атайтынымыз да сондықтан.
Қыл қобыздың үні дала даусындай. Қуыс шанақ қара жердей күңіреніп, қара желдей ысқырады. Боз үнген боп боздап, боз даладай құлпырады. Барлық ыспалы аспаптардың атасы болып саналатын қобызды ежелгі түркі-монғол ұлыстары "хор, хуур" деп те атаған. Осыған қарап ғалымдар арасында "хор құт", яғни, арғы мәні "қобыз құт" деген біріккен сөзден шыққан да шығар деген ой бар. Ежелден қобыз аспабын кие дарыған адамдар ғана ойнай алған. Екінің бірі ойнап кете алмайтын сыр мен қыры мол аспапты жыраулар мен абыздар, ұзандар мен бақсылар ғана қолданған. Халқымызда қобыз аспабын музыкалық инструмент емес, көбінесе бақсы-шамандардың құралы деген пікір қалыптасқан. Алайда, бүгінгі күні бұл киелі аспап елміздегі эстрадалық сахыналарда көрініп жүр. Тіпті, ауданымызда да Қобызды меңгеріп, жасұрпаққа насихаттап жүрген ару тұрады. Ол, Сейдеғалымова Аяулым Кенжебекқызы. Біз Аяулым Кенжебекқызынан сұхбат алуды жөн көрдік
- Сәлеметсіз бе! Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз қай жақтың тумасысыз? Қайда білім алдыңыз?
- Қайырлы күн! Мен, Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасымын. 2019 жылы Торғай Гуманитарлық колледжіне аспапта орындау және өнер эстрадасы мамандығына оқуға түстім. Содан бітіріп, бүгінде Костычево ауылында Мәдениет үйінде балаларға сабақ беремін.
- Өнерге деген талпыныс, сүйіспеншілік қай уақыттан басталды?
- Мен өнер мектебінде 8 жасымнан бастап оқыдым. Қазір бұл салада жүргеніме 12 жыл болды. Алғаш рет үйде бәріміз теледидар қарап отырғанбы. Сол сәтте анашым домбырада ойнай алатын. Арқалық хабары арнасында "өнер мектебіне балаларды қабылдаймыз" - деген хабарландыру шықты. Содан анам келесі күні сол өнер мектебіне мені жетектеп апарып, аспата ойнауға жіберді. Сол уақыттан бері анамның қалауымен Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы өнер мектебінде оқып шықтым.
- Қобыз аспабынан қандай сезім аласыз? Осы аспабты таңдауға не себеп болды? Кімдерді үлгі тұтасыз?
- Қобыз аспабы ерекше ғой. Ешкім оны ойнай бермейді деп қызығушлық танытып ойнап кеттім. Басында әрине қиын болды. Содан соң әртүрлі шет елден эстрада музыкаларың слухқа салып, кавер түсіріп, одан әрімен қобызға деген махаббатым оянып кетті. Қобыз аспабында- "Асыл" тобын үлгі тұтамын.
- Сізге күйшілердің ішінде кімнің шығармасы ұнайды?
- Көбіне Абай атамыздың шығармаларын ойнаған ұнайды.
- Еңбек жолыңыз қалай, қашан, қайда басталды? Костычево ауылына барудағы себеп неде, ауылдың артықшылығы қандай?
- Костычево ауылына бару себебім: жалпы менің ойымша адам еңбек жолын шағын жерден бастаса өмірде өз орнын табады деп ойлаймын және ауыл шәкірттерінеде өнерге деген қызығушылықтарын көрсеткім келді.
- Баулып жүрген шәкірттеріңіз барма?
- Иә, қазір шәкірттерім бар. Аллаға шүкір, ауылдағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары. Мен қобыз және фортепиано аспаптарынан сабақ беремін.
- Өнер жолын таңдау үшін адамда қандай қабілет болғаны дұрыс және қыз баласына бұл жол қиын емес пе?
- Өнер жолына керісінше қыз балалардың барғаны дұрыс деп ойлаймын. Ал, өнер бірден пайда болмайды. Ол үшін көп жұмыс жасау керек (мысалы музыкада слух деген бар, сол слухпен жұмыс жасаған дұрыс).
- Болашақтағы арманыңыз не?
- Арманым өте көп. Қазіргі таңдағы арманымның бірі ол, балалардың қазақ аспаптарына деген қызығушылықтары артса ғой деген ой. Сол үшінде тыңбай жұмыс жасап жатырмыз. Нәтиже де бар.
- Халыққа айтар лебізіңіз!
- Халыққа тек жақсылық тілеймін және жастарға айтарым өз еңбек жолдарынызды ауылдан бастаңыздар, ауыл балаларыда жақсы білім алғаны дұрыс!
- Сұхбатыңызға рахмет! Армандарыңыз орындалып, мақсатыңызға жетіңіз!
- Сіздерге де көп рахмет айтамын.
Сұхбаттасқан "Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодекс нормаларын сақтауы
17 қарашада әдеп жөніндегі уәкіл Е. Мұқашев «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодекс нормаларын сақтауы» тақырыбында дәріс оқыды. Аталған дәрісті талқылаудың басты бағыттары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы және қызметтік міндеттерін орындау уақытындағы мінез-құлық стандарттары болды.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Кезектен тыс 15 сессия
17 қарашада аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың аудандық мәслихатының 8-ші шақырылған кезектен тыс 15 сессиясы өтті. Оған: Жарқайың ауданы әкімі Жанболат Хамитов, аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауыл, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелермен бөлімдердің басшылары, аудан мәслихатының депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында «Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 8С-7/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» сұрақ бойынша «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Бейсенов Т.О. сөз сөйледі.
Ал, «Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С -18/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.А.Ахметова хабарлады.
Жиында қаралған сұрақтар бойынша баяндамалар тыңдалып, аудандық мәслихат депутаттарының дауысымен шешім шығарылды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
Терроризмге қарсы комиссияның отырысы
17 қарашада Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.
Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысының күн тәртібінде Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қымбат Белгібаева, терроризмге қарсы комиссияның хатшысы Жанат Мыңбаев, Полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Жаркенов, Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпеиісова, сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Есіл қалалық бөлімінің бастығы Ержан Аленов сөз сөйледі.
Терроризмге қарсы комиссия отырыстарының соңында Жарқайың ауданының әкімі діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, діни бірлестіктердің заңсыз қызметінің фактілерін анықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.