Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 22 сессиясы
25 қаңтарда Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжановтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс 22 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаты В. Камышанский, аудан әкімінің орынбасары М. Жекебатырова, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шақырылғандар қатысты.
Күн тәртібінде 1.Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 8С-7/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Бұл туралы бөлімнің басшысының уақытша міндетін атқарушы Тоқтар Шпанов баяндады.
Сессияда бұдан бөлек Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 7С-11/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы айтылды.
Қаралған мәселелер бойынша депутаттары дауыс беріп, тиісті шешімдер қабылдады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.