
zharkain
Жерлестеріміз гір спортынан Әлем Чемпионы атанды
Ағымдағы жылдың 1-4 шілде аралығында Қырғызстан Республикасының астанасында гір спортынан Әлем Чемпионаты өтуде.
Аталған чемпионатта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Түркіменстан және Белоруссияның спортшылары өнер көрсеткен болатын.
Бұл чемпионатта біздің жерлестеріміз жаттықтырушы Халибек Салтанаттың шәкірттері өз өнерлерін көрсете білді: Аманқұл Әбуәли 58 келі салмақ дәрежесінде серпе және жұлқа көтеру жаттығудан екі дүркін Әлем чемпионы атанды, чемпионат барысында оған тең келетін спортшы болған емес.
Дарменов Ернұр 63 кг салмақ дәрежесінде серпе көтеру жаттығуында әлем чемпионы атанды, сондай-ақ ұзақ айналымда күміс жеңіп алды.
Қуаныш Нұрғожин ұзақ айналымда күміс жүлдегері атанды.
Нәтижесінде біздің спортшылардың қоржынында 3 алтын және 2 күміс медаль.
Жарыс адал және табанды күресте өтті, онда жерлестеріміз Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Түркіменстан және Белоруссияның спортшыларын сенімді түрде жеңіп, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін және жеңіске деген еріктерін көрсетті.
Жаттықтырушы Халибек Салтанатты және шәкірттерін әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудандық Мәдениет үйінің алаңында «Домбыра PARTY» атты флешмоб өтті
Домбыра - қазақтың ұлттық аспабы ғана емес, халық мұрасы. Қазақ қашанда домбыраны қадір тұтып, төрге іліп, бағалаған. Ауданымызда бірінші шілде күні Ұлттық домбыра күнін барлық жарқайындықтар аса үлкен салтанатпен атап өтті. Осынау нағыз, шынайы халықтық мерейлі мерекеден қасиетті Жарқайың жерінің ел-жұрты да қалыс қалған жоқ.
Аудандық Мәдениет үйінің алаңында «Домбыра PARTY» атты флешмоб өтті. Флешмобқа аудан оқушылары мен педагогтары, домбырада ойнай алатын аудан тұрғыны қатысты. Шара барысында қатысушылар қара домбырамен нақышына келтіріп Құрманғазының "Сары — Арқа", "Адай" атты белгілі күйлерін орындады. Қатысушылардың жалпы саны 100-ден астам адам құрады.
Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап, қасиетті домбырамызды ұлықтап, төл өнеріміздің өрісін кеңейтіп, атадан қалған асыл мұраны көпке дәріптеп жүргені үшін аудандық білім бөлімінің, А.Үкібаев, Н.Крупская, Н. Островский атындағы қалалық мектептердің, Балалар музыка мектебінің ұжымдарына, Құмсуат, Отрадное, Пригород, Гастелло, Тассуат, Нахым, Жаңадала, Костычево, Үшқарасу, Тасөткел, Уәлихан, Пятигор, Шойындыкөл ауылдарының әкімдері мен тұрғындарына алғыс білдіреміз. Сондай-ақ аудандық мәдениет Үйінің ұйымына, осы шараны ұйымдастырып өткізген мәдениет Үйінің шығармашылық жетекшісі Балауса Газезоваға көп тен көп рахмет айтамыз.
Баршаңыздың алдағы уақытта да қазақтың ұлттық аспабы-домбыраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясы төңірегінде қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталатынына сенімдіміз. Мереке құтты болсын!
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі.
9 шілде – құрбан айт мерекесінің бірінші күні!
Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.
«Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілді. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.
Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген.
Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.
Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген жерлестеріміздің қажылығы қабыл болғай. Әмин!» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ақпарат дереккөзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-06-30/39928-9-shilde-kurban-ait-merekesinin-birinshi-kuni/
Статус и доход педагогов на особом контроле
Опыт Казахстана последних лет показал, как материальный стимул поднимает престижность педагогической профессии. Повышение зарплаты учителям помогает восполнить недостаток специалистов в сфере образования. Внимание государства к развитию образования — самые перспективные вложения в будущее страны. В течение трех предыдущих лет правительство Казахстана систематически повышало зарплату педагогов: на 25% с января 2020-2021 годов и на 25% с начала 2022 года. Помимо общего повышения, на 30–50% увеличены доплаты за наличие квалификационной категории. При полной учебной нагрузке зарплата учителя в 2021 году составила: педагог-мастер — 373 тыс. тенге; педагог-эксперт — 312 тыс. тенге; педагог-модератор — 272 тыс. тенге; молодой учитель (без категории) — 213 тыс. тенге. Кроме того, увеличена оплата за проверку тетрадей и классное руководство. Появилась новая категория доплат за наставничество. Такая оплата труда педагогов вполне сопоставима со среднемесячной зарплатой по стране, которая в конце 2021 года составляла 249 349 тенге. Таким образом, с 2020 года зарплата педагогов увеличилась в три раза. Разработаны специальная программа по привлечению педагогов в регионы, в которых наблюдается значительный кадровый дефицит. Заинтересовывают педагогов повышением коэффициента зарплаты в сельской местности на 25%, предоставлением жилья или компенсацией стоимости аренды и оплаты коммунальных услуг. Зарплата учителя исчисляется в зависимости от учебной нагрузки, уровня квалификации, стажа и категории. Влияют на нее выплаты компенсационного и стимулирующего характера, доплаты за образовательный уровень, за другие виды педагогической деятельности. Отдельные доплаты к окладу предусмотрены в таких случаях: За дополнительную почасовую нагрузку. За ведение предмета на английском языке. За проверку тетрадей, письменных и контрольных работ. За классное руководство и наставничество. Могут быть начислены доплаты и за другие виды педагогической работы в особых условиях: – При работе с детьми, у которых есть особые потребности. – При необходимости обучения на дому. – Учителям в сельской местности или в регионах с неблагоприятной экологической обстановкой. Тарифные ставки определяют с начала нового учебного года, устанавливают на весь учебный период или по полугодиям. Но возможны изменения ставки в отдельных особых случаях: При получении педагогом дополнительного образования. Со дня присвоения почетного звания, ученой степени. Со дня увеличения стажа работы. Различные нюансы исчисления зарплаты учителей рассмотрены в методических рекомендациях на сайте Министерства образования и науки РК. С 2021 года при трудоустройстве педагогов появились новшества: – При первом трудоустройстве по педагогической специальности проводится сертификация для получения квалификации «педагог». – Выпускники педагогических вузов могут сразу претендовать на более высокую категорию — стать педагогом-модератором, у которого больший оклад. Для этого претенденту следует пройти Национальное квалификационное тестирование, чтобы подтвердить необходимый уровень знаний. Обязательным условием модернизации всей системы образования считается достойный уровень оплаты труда педагогов. Согласно Решения Акмолинского областного маслихата от 18 июня 2020 года № 6С-45-6 «Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Акмолинской области» – социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств (далее – социальная поддержка) оказывается педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Акмолинской области. Социальная поддержка педагогам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 15 месячных расчетных показателей.
Источник: https://aqmolanews.kz/ru/2022/07/07/status-i-dohod-pedagogov-na-osobom-kontrole/
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды
1 шілдеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.
ҮЕҰ үшін сыйлықақы - бұл ҮЕҰ әлеуетін нығайту, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруға мотивацияны арттыру үшін институционалдық қолдау.
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 15 бағыт бойынша беріледі. Бір бағытқа арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.
Айта кетсек, соңғы 5 жылда 287 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін көрсетіп, сыйлықақы иегері атанды.
Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да аяқталады.
Байқауға қатысу шарттары туралы толығырақ сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/321154?lang=kk
Қате аударым: ақшаны қалай қайтаруға болады
Сіз танысыңызға ақша жібердіңіз, бірақ ол оны алған жоқ. Аудару кезінде сіз ұялы телефон нөмірінің немесе карта, шот деректемелерінің нөмірінде қате жібергеніңіз және сома мүлдем бөтен адамға кеткені белгілі болды. Егер сіз оған арналмаған төлемді қайтару туралы келісе алсаңыз жақсы. Егер жоқ болса? Айтпақшы, сіздің шотыңызға қаражат түскен жағдай да болады, бірақ сіз жіберушінің кім екенін білмейсіз.
Fingramota.kz сізге осы жағдайларда не істеу керек екенін айтады.
№ 1 нұсқа. Сіз қателесіп, ақшаны бейтаныс адамға аудардыңыз
Ақшаны қайтару қиын, бірақ қайтаруға болады. Басқа адамның немесе ұйымның шотына қаражат түскеннен кейін банк оларды кері қайтара алмайды. Ол мұны істеуге міндетті емес. Әрине, сіз алушымен байланысып, соманы өз еркімен қайтаруды сұрай аласыз. Бас тартқан кезде тек сотқа жүгіну және ақшаны өндіріп алу туралы талап-арыз беру ғана қалады, себебі қолданыстағы заңнамада ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бұл әрекет «негізсіз баю» ретінде қаралады. Сондай-ақ, сіз ҚР Ұлттық Банкінің қолданыстағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша ақшаңызды пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріп ала аласыз.
Егер ақша біреудің телефон нөмірі арқылы жіберілсе не істеу керек?
Сіз телефон нөмірі бойынша жедел төлем жасадыңыз, бірақ цифрдан қате жібердіңіз. Бұл операцияны банк арқылы қайтарып алуға болмайды. Алушымен хабарласып, қате аударым жасағаныңызды түсіндіріп көріңіз, түскен соманы қайтаруды сұраңыз. Ол адам сізге сенуі және алаяқ ретінде қабылдамауы үшін шотты тексеруді ұсыныңыз. Алушы сіздің жағдайыңызды түсініп, содан кейін ақшаны кері аударыммен қайтаруы мүмкін.
Егер ақша басқа біреудің карта немесе шот нөмірі арқылы жіберілсе не істеу керек?
Егер сіз карточканың немесе шоттың дұрыс емес нөмірі бойынша ақшаны қате жіберген болсаңыз, банкке хабарласып, бәрін түсіндіріп, менеджерден ақшаны қалай қайтаруға болатындығын білуіңіз керек. Сонымен қатар, бұл жағдайда банк төлемді біржақты түрде кері қайтара алмайды. Әрбір банктің осындай мәселелерді шешудің өз рәсімі бар. Көбінесе, егер аударым дұрыс емес банктік шотқа сәтті жіберілсе, ақшаны алушының келісімімен ғана қайтаруға болады.
Егер ақша аудару процесі жүріп жатқан болса, онда операцияны болдырмауға болады. Егер сіз қате жіберіп, жоқ банктік деректерді көрсетсеңіз, төлем жасалмайды және ақшаны қайтару автоматты түрде жүреді.
Ақшаны жоғарыда келтірілген тәсілдермен қайтара алмасаңыз, не істеу керек?
Егер ақша алушы сіздің ақшаңызды қайтарудан бас тартқан, ал сома қомақты болған жағдайда, сіз сотқа талап арыз бере аласыз. Алайда, қайтарып алу рәсімі сіздің уақытыңызды, төзімділігіңіз бен материалдық ресурстарыңызды талап ететінін жақсы түсінуіңіз қажет. Әділеттікке қол жеткізу үшін сіз сотқа бұл соманы жаңылысып, қате жібергеніңіз жөнінде нақты дәлел келтіруіңіз қажет. Мысалы, ақша қаражатын аударғыңыз келген сіздің танысыңыздың телефон нөмірін немесе деректемелерін көрсету. Немесе сіз ай сайын сол бір шотқа белгілі бір соманы аударғаныңыз, ал осы айда ақшаны жаңылысып басқа шотқа аударғаныңыз көрсетілген шоттан үзінді - көшірменің қағаздағы нұсқасын көрсету. Сіз, сондай-ақ ұялы операторға хабарласып, қоңыраулардың тізімін ұсынуды сұрауыңызға болады, бұл осыдан бұрын бұл адаммен байланыс жасамағаныңызды және оған ақшаны қате аударғаннан кейін ғана қоңырау шалғаныңызды дәлелдеу үшін қажет.
Өз кезегінде, ақша алушы нақты дәлелдер мен осы соманы алу құқығын растауы тиіс. Мысалы, ол бұл ақша көрсетілген қызмет немесе сіздің тарапыңыздан қайырымдылық үшін деп мәлімдей алады, алайда оны дәлелдеуі тиіс. Мұндай дәлелдер болмаған жағдайда сот алушыны барлық соманы қайтаруға міндеттейді.
2-нұсқа. Сізге қате аударым түсті
Егер нақтысын айтатын болсақ, әрине сіз аударымды қате жіберген адамды тауып, оған ақшаны қайтару үшін өз уақытыңызды құртуға міндетті емессіз. Бөтен адамдардың ақшасына иелік еткен жақсы емес, заң бойынша да мұндай ақшаны иелену негізсіз баю болып табылады. Сондықтан, бұл ақшаны жіберушіге қайта аударған жөн, өйткені ол кез келген уақытта сізді сотқа беруі мүмкін. Бірақ, алдымен ақша расымен де шотыңызда жатқандығына, мұның қаржылық алаяқтардың амалы емес екендігіне көз жеткізіп алу керек.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу қажет?
Қаскөйлер банктердің және басқа да қаржылық ұйымдардың атынан сіздің шотыңызға қандай да бір соманың түскендігі туралы SMS-хабарландыруларды жиі таратады да, содан кейін қоңырау шалып, қайтаруды сұрайды. Сондықтан, кері аударым жасамас бұрын қаражат шынымен түскендігіне көз жеткізіңіз. Мұны мобильді банк қосымшасы арқылы немесе банк операторымен ресми нөмір бойынша байланысу арқылы жасауға болады.
Бұл жалған емес, қате аударым екеніне көз жеткізіңіз.
Сондай-ақ, бұл ақша сізге тиесілі және олар сіздің шотыңызға қаражат аударған көздерден түскен болуы мүмкін. Мысалы, сіздің борышкеріңіз ақшаны қайтарды немесе компания қайта есептеуді жасады. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін.
Ақшаның кімнен және қашан түскенін түсіну үшін шотыңыздағы үзінді көшірмені зерттеңіз. Егер сіз ақша аударымының қате екеніне 100% көз жеткізсеңіз, ал жөнелтуші сізбен байланысқа шықпаған болса, банкке хабарласыңыз. Соманы қайтаруға келісім беру туралы жазбаша өтініш жазыңыз. содан кейін қаржы институты ҚР Заңнамасы бойынша төлемдерді қайтару рәсімдеріне сәйкес кері төлемді жүргізеді.
Ақша аудару кезінде мұқият болыңыз, картаның деректемелерін және телефон нөмірлерін қайта тексеріңіз. Қаржылық сауаттылықты Fingramota.kz-пен арттырыңыз!
«Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеу керек» чек-парағы
ІІМ деректері бойынша 2021 жылдың басынан бері қаржы пирамидалары туралы 330 қылмыстық іс тергелді, оның жартысынан астамы сотқа берілді. 19 мыңнан астам адам зардап шегуші болып табылады, оларға келген зиян 21 млрд теңгені құрайды.
Заманауи қаржы пирамидалары жеңіл әрі жылдам табыс алу "ғажайыбына" сенетін адамдарды тарту үшін түрлі әдістерді пайдаланады. Алаяқтарды өзіне тән белгілермен анықтауға болады, олар туралы Fingramota.kz айтып береді.
Қаржы пирамидалары тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жандана түсті. РФ Орталық банкінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері қаржы пирамидаларының саны 1,5 есе – 146 ұйымға дейін өсті. Реттеуші алаяқтардың күшеюін экономикалық белсенділіктің артуымен, сондай-ақ халықтың инвестицияларға қызығушылық таныта бастауымен түсіндіреді.
Сұраныстан ұсыныс туындайды
Қаржы пирамидалары өздерін жоғары кірісті инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсете бастады. Өздерінің жарнамалық науқандарында олар «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «бірегей», «аса тиімді», «табыстылыққа кепілдік береміз» және т. б. сөздерді пайдаланады.
Жалпы, қазіргі заманғы қаржылық пирамидалар кез-келген нәрсе ретінде жасырылған. Алаяқтар заңды микроқаржы ұйымдары, букмекерлік кеңселер, тұтыну кооперативтері және жабық инвестициялық пай қорлары ретінде жасырына алады. Қаржы пирамидалары әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді, онлайн-табыстар немесе онлайн-жобаларды ұсынады. Немесе танымал мессенджерлерде чаттар жасайды және қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады.
Қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейді
Алаяқ бірнеше қатысушыны тауып, оларға екі есе табыс табуға уәде беруі керек. Оның орнына қатысушылар кем дегенде тағы екі адамды алып келуі, сондай-ақ шағын ақшалай жарна салуы керек. Нәтижесінде жарналардың мөлшері астрономиялық болады және осы кезеңде бәрі «қирайды». Алаяқ елден үлкен олжамен кетеді, ал қиындыққа тап болған инвесторлар ақшаны қайтаруға болмайтынын түсініп, құқық қорғау органдарына өтініш жазады. Бұл әлемнің көптеген елдерінде ондаған жылдар бойы болды. Тек қаржы пирамидаға арналған тақырыптар, сондай-ақ азаматтарды алдау схемалары өзгереді. Ал принцип тұрақты.
Әдетте қаржы пирамидалары қысқа уақыт қана жұмыс істейді, ерте ме, кеш пе, алаяқтық схемалар жүздеген адамдарға шығын әкеледі, «жарылады». Шынында да, мұндай құрылымдарға салынған қаражатты алу мүмкін емес. Пирамиданы ұйымдастырушылар алданған салымшылардың ақшасын сақтықпен алып, оларды түксіз қалдырады.
Тәуекелдерді айналып өтудің жалғыз жолы - қаржы пирамидаларын толығымен елемеу. Егер Сізге тартымды жобаға қатысу, ақшаны бастапқы жарна ретінде салу, достарыңызды әкелу ұсынылса, сонымен қатар сіздің салымдарыңыз тұтастай сақталатынына кепілдік берсе, бұл қаржы пирамидасы емес, оның үстіне сіз бұрын-соңды болмаған табыс аласыз десе, сенбеңіз. Бұл қаржы пирамидаларының негізгі белгілері
«Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеуге болады» чек-парағы
Сонымен, толық қауіпсіз болу үшін, Fingramota.kz сіз үшін қаржы пирамидасын анықтауға болатын белгілердің чек-парағы жасады:
- Әкелген клиенттер үшін сыйақы
Егер сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақшаны салмау үшін және барлық таныстарды осындай тәуекелді іс-шарадан бас тартқызу үшін жеткілікті негіз болып табылады.
- Нарықтық деңгейден бірнеше рет асып түсетін жоғары кірістілікке кепілдік беру
Түрлі «инвесткомпаниялар» кірістілікке кепілдік бере алмайды, бұған заңнамалық тұрғыдан тыйым салынған. Егер біреу кепілдік берсе, ол - алаяқ деген сөз. Басқаша болмайды!
- Қажетті лицензиялардың болмауы
Компания ақшалай салымдарды халықтан тартады немесе қор нарықтарына инвестициялауды ұсынады, бірақ оның қолында лицензиясы жоқ, бұл ретте онымен байланысу керегінің бар-жоғы жөнінде мықтап ойланыңыз. Мұндай ұйымдар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында емес, яғни сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді ешкім қорғай алмайды.
- Кіру жарнасының болуы: ресімдеуге, оқытуға, акциялар және т.б. үшін
Әдетте, бұл жарна пирамиданы ұйымдастырушылардың негізгі кірісі болып табылады, сондай-ақ қаржы пирамидасына тән айқын белгі.
- Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы
Компанияның қолда бар мүлкі мен активтерін нәтиже ойдағыдай болып шықпаған жағдайда сатуға және салынған ақшаны ішінара қайтаруға болады. Ал қаржы пирамидаларында мұндай активтер болмайды.
- Өктем жарнама науқаны
Қаржы пирамидасы жарнамасы көптеген клиенттерді тез тартуға арналған және тек жариялануы пирамидалардың негізін қалаушылар үшін пайдалы болатын ақпаратты қамтиды. Әрине, мұндай компанияның клиенті кездестіруі мүмкін тәуекелдерді жарнама берушілер белгілі себептермен айтпауға тырысады.
- Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы
Пирамидаларда салымшылардың өздігінен басқа клиенттері жоқ. Сізге өнім берушілерді, мысалы, басқа бизнес-серіктестерді ешқашан көрсетпейді.
Жалпы компанияға ақша салмас бұрын, ол туралы мүмкіндігінше көп ақпарат алыңыз. Пікірлерді зерттеңіз, бірақ бұл мәселеге мұқият қараңыз, өйткені оларды мүдделі адамдар қалдыруы мүмкін. Барлық құжаттарды оқыңыз. Компания нақты немен айналысатынын және ақшаңыздың қайда салынатынын сұрап біліңіз. Мұны қалай растауға болатындығын сұраңыз. Бұл ақпаратты өзіңіз тексеріңіз. Осыған ұқсас қызметтерді ұсынатын басқа ұйымдармен талаптарын салыстырыңыз. Егер сіздің қаражатыңызды орналастырудың неғұрлым пайдалы шарттары болса, олардың компанияларының пайдасы осы салада жұмыс істейтін ұқсас құрылымдарға қарағанда ненің есебінен бірнеше есе жоғары екенін компания қызметкерінен сұраңыз және сұрақтарыңызға нақты жауаптар алыңыз. Егер компания кез-келген сылтаумен ақпарат беру, тіпті құжаттармен танысу мүмкіндігінен бас тартса, инвестицияланған ақшаны алу одан да қиын болатыны айдан анық.
- Төлемдер тек қолма-қол ақшамен қабылданады
Егер компания осылай жасаса, онда бұл ұйымға сенбеуге барлық негіз бар, өйткені ол ақша қозғалысының бақылануынан барынша қашады.
- Тек жеке кездесу кезінде кеңес беру
Жеке кездесуде клиенттің сеніміне кіріп, оны ақша салуға сендіру үшін әртүрлі психологиялық әдістер мен амалдарды қолдану оңайырақ.
⠀
- «Шартқа» ойланбай қол қоюды ұсынады
Асығыс шешім қабылдамаңыз! Шарттың үлгісін қолға беруді сұрап, онымен үйде асықпай танысып шығыңыз. Егер оның жекелеген ережелері қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына Сізде қандай құжат қалатынын қараңыз. Оның заңды күші бар ма?
Кез келген қаржылық құжатты, әсіресе шартты мұқият оқуды әдетке айналдырыңыз. Түсінбестен ештеңеге қол қоймаңыз. Содан кейін сіздің ақшаны қайырымдылық немесе кіру жарнасы ретінде салғаныңыз, соның арқасында күмәнді клубқа мүшелікке ие болғаныңыз анықталуы мүмкін. Егер Сізге шарт немесе оның жекелеген ережелері ұнамаса, оған қол қоймаңыз.
Ақшаңызбен бөліспес бұрын, оларды кімге және қандай мақсаттарға беретініңіз туралы ойланыңыз. Егер Сіз өз қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда жоғарыда аталған белгілердің барлығын немесе бірнешеуін тапсаңыз, Сізді кезекті қаржы пирамидасына тартуға тырысып жатқан жоқ па, соны ойлану керек.
Қаржы пирамидалары құқық қорғау органдарынан әлеуметтік желілерде жасырынуға тырысуда
Жылдың басынан бері құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша Қазақстанда қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны үшін 330-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтық ұйымдар туралы ақпарат қысқа мерзімде БАҚ-та және мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланды. Сотқа 177 іс жіберілді, тергеуде 62 адам жатыр.
Қабылданып жатқан шаралар қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларды өз қызметтерін барынша жасыруға мәжбүр етеді.
Олардың жаңа баспанасы - әлеуметтік желілер. Fingramota.kz азаматтарды қырағы болуға және әлеуметтік желілерде тез және көп табыс туралы таратылатын ақпаратқа сенбеуге шақырады.
Сайттың орнына парақша
Сайтты құру үшін алдымен оны жасау керек, оны беттеу керек, серверге орналастыру керек, хостинг үшін ақы төлеу керек, ең бастысы – тіркеу қажет. Өткен жылдың өзінде ғана Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы күмәнді ұйымдардың 200-ден астам сайтына тосқауыл қойды.
Әлеуметтік желіде парақша құру үшін сізге ең көп дегенде телефон нөмірі немесе электрондық пошта аккаунты қажет. Анонимділік пен орталықсыздандыру алаяқтарға салыстырмалы түрде қауіпсіз болуға және олардың схемаларын жазасыз қалдыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желіде бизнесте үлкен тәжірибесі бар табысты адамның бейнесін жасау және бірнеше мың жазылушыны «алдау» жеткілікті - сіз инвестициялау гуруысыз, бизнес-жаттықтырушы, данышпан, миллиардер және филантроп бір адамсыз.
Өкінішке қарай, кейбір пайдаланушылар, әсіресе жастар тез және ауыртпалықсыз байып кете алуға болады дегенге сенеді. Бұған сәттілік тарихы және әдемі өмірдің көрінісі ықпал етеді: яхталар, кабриолеттер, құмды жағажайлар және қымбат аққайнар - мұның бәрі жақын, тек осы «өте сәтті және қарқынды дамып келе жатқан жобаға» инвестиция салыңыз болғаны деп сендіреді.
Алайда тәжірибе көрсеткендей салымшылар көбінесе уәде етілген кірістілік түгілі осындай жобаларға салынған қаражатынан айырылады. Алаяқтар бастапқыда шағын сыйақы төлейтін жағдайлар да туындайды (айтпақшы, ол тек жаңадан келген салымшылардың есебінен қалыптасады) және болашақта неғұрлым көп пайыз ұсынсаңыз, соғұрлым көп қаражат саласыз.
Мұндай «ынталандыру төлемдері» пайдаланушыларды қолда бар барлық қаражатты қосып қана қоймай, кейде мүліктерін сатуға және тіпті кредит алуға мәжбүр етеді.
Ұсыныс өте шектеулі
Егер ұйымның сайты немесе тіпті жеке сауда алаңы болса, онда ол көбінесе Қазақстанда тіркелмеген. Керісінше, көптеген алаяқтық схемалар өздерінің шетелдік шығу тегін артықшылық ретінде көрсетеді.
«Біз әлемге әйгілі кипрлік компаниямыз! Инвестициялау көкжиегін кеңейтеміз және қазіргі сәтте ТМД нарығына шығып отырмыз», - дейді, алаяқтардың жарнамалық слогандары. Әдетте әлеуметтік желілердегі постқа «Біздің ерекше ұсынысымыз айдың соңына дейін/аптаның соңына дейін/24 сағатқа дейін жарамды» деген сөздер қоса беріледі. Керегінің астын сызу керек.
Айтпақшы, бұл танымал әрі өте тиімді психологиялық әдіс. Жіберіп алған пайда тәуекелі әлеуетті инвесторға ықтимал тәуекелдер туралы хабарламадан гөрі әлдеқайда күшті әсер етеді.
Университеттер экономистерінің тобы жүргізген «Лиги плюща» зерттеуінің шеңберінде инвесторларға таңдауға салымдардың екі нұсқасы ұсынылды: кірістілігі 30% және тәуекелі 50%, және кірістілігі 20% және тәуекелі 10%. Зерттеуге қатысушыларды екі топқа бөлді. Біріншілеріне өз бетінше және тыныш жағдайда таңдау жасауға мүмкіндік берді. Екінші топпен олар мынадай психологиялық қысым жүргізді: олар сөз арасында тәуекелді инвестициялардың сәттілігі туралы айтып, таңдауға уақыттық шектеу қойды.
Нәтижесінде, бірінші топ өкілдерінің 90%-ы аз тәуекелдің пайдасына саналы таңдау жасады. Екінші топта инвесторлардың 82% тәуекелге баруға дайын болды.
Алаяқтар сізге әдемі бейнені де, сәттілік тарихын да ұсыну және сізге қысым жасау арқылы жіберіп алған пайда тәукелін қыстырып қоймайды.
Тағы бір жағымсыз фактор – «жеңіске жету» ниеті. Яғни, сіз көптеген адам байыған мысалы, алдыңғы өте тиімді ұсынысты жіберіп алсаңыз да, алаяқ сізге бірден одан да тиімдісін ұсынады. Бар болғаны, алдыңғыдан көптеу ақша салып, сәл күте тұру керек. Сондықтан да көбі соңғы қаражатын беріп қана қоймай, қарызға кіреді.
Егер компанияның өз сайты болмаса, бір нәрсені қайтарып алу екіталай. Шындығында сіз ақшаны әлеуметтік желілердегі парақшаға жібердіңіз.
Бастысы – сыни ойлау!
Өз қаражатыңызды аудармас бұрын компанияның беделін және ол ұсынатын ақпараттың шынайылығын зерттеңіз. Қаржы ұйымдарының барлығы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің атынан қаржы реттеушісі берген лицензияға ие болуы тиіс.
Қаржы пирамидасымен байланысқаныңыз туралы күдік туындаған жағдайда, шұғыл түрде тұрғылықты мекенжай бойынша құқық қорғау органдарына, ІІД-ға, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Қаржылық мониторинг агенттігіне жүгінуіңіз қажет. Қаржы реттеушісіне «Fingramota Online» мобильдік қосымшасындағы «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы немесе +7 727 237 1000 сall-орталығының нөмірі (жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағ. 9.00 бастап 17.00 дейін) бойынша жүгінуге болады.
Компания иелері және басшылығы туралы ақпаратты зерттеңіз, сондай-ақ оның қайда тіркелгенін анықтаңыз. Егер басшылық туралы деректер құпия болса, ал компанияның өзі қандай да бір оффшорлық аймақта тіркелген болса, онда бұл ұйымның қызметтеріне жүгінудің, әсіресе оған өз ақшаңызды сеніп тапсырудың қажеті жоқ. Компанияларды оффшорлық аймақтарда тіркеу процедурасы барынша жеңілдетілген, ал олардың шынайы иесінің есімін немесе бұл құрылымның басшылығында кімнің тұрғанын анықтау өте қиын. Сондықтан міндетті түрде ұйымның лицензиясын Агенттіктің төмендегі сайтынан тексеріңіз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/activities...
Инвестициялардың жоғары кепілдендірілген кірістілігін уәде ететін болса, сақ болыңыз. Айтып кеткеніміздей, алаяқтар психологияны өте жақсы біледі және адамның жылдам әрі еңбексіз байып кету секілді армандарын өздеріне қарсы қолданады. Сондықтан, пирамидаларға оларды орындамайтын болғандықтан, 50, 100, және 200% кірістілікті уәде ету оңай. Шақыру жарнамасы – бұл жоғары пайыздарға салым салудың емес, уәдені орындай алуға күмән келтірудің себебі болып табылатынын есте сақтаңыз.
Ал егер компанияның тіпті жеке сайты болмаса және ол тек қана әлеуметтік желілерде ғана әрекет ететін болса, бұл оларға қаражат салмаудың ғана емес, олардың күдікті қызметі туралы құқық қорғау органдарына хабарлаудың себебі болып табылады.
Компания корпоративтік іс-шараларға, түрлі жүлделердің, сыйлықтардың, жолдамалардың ұтыс ойындарына қатысуға шақыра ма? Бас тартыңыз! Бұл пирамидаларға жаңа салымшыларды тартудың ең танымал әдістерінің бірі. Осылайша, бір жағынан, «табысты және пайдалы компанияның» бейнесі қалыптасады.
Компания ақшаны қалай қабылдайтынына назар аударыңыз. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақшаны қабылдайды немесе компанияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын және өз қызметінің сенімді бухгалтерлік есептілігін қолданбай, интернет-төлемдер мен аударымдардың әртүрлі жүйелерін пайдаланады.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:
• уәкілетті органның қаржы нарығында ақша қаражатын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру және/немесе ұйымның қызметін дәл айқындау үшін берілген лицензиясының болмауы;
• қазіргі нарықтық деңгейден бірнеше есе жоғары және аса жоғары кірістілік туралы уәде;
• жаңа қатысушыларды тарту үшін қаражат төлеу;
• «инвестициялық» жобаларға салған кезде кірістілік алуға кепілдік беру;
• БАҚ-та, интернетте жаппай жарнамалау;
• құрылтайшылар, құрылтай құжаттары, қаржылық көрсеткіштер және қызмет нәтижелері туралы ақпараттың болмауы; есептіліктің болмауы; активтер мен инвестициялау бағыттарының айқын емес құрылымы;
• меншікті негізгі құрал-жабдықтардың, басқа да қымбат активтердің болмауы және басқалар.
Сақ болыңыз, алаяқтардың арандатуына бой алдырмаңыз және www.fingramota.kz-тен пайдалы ақпаратты көбірек біліңіз!
«Үздік сурет/плакат» бағыты бойынша «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық конкурсы туралы ЕРЕЖЕ
2022 жылғы 12 сәуірдегі № 001-03
қаулыға қосымша
«Үздік сурет/плакат» бағыты бойынша
«сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»
республикалық конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже оқушылар мен студенттер арасында «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбымен үздік сурет/плакат республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Байқауға барлық оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, креативті студиялар және т.б.) қатыса алады.
3. Байқаудың ұйымдастырушылары «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес (бұдан әрі-Кеңес) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп орталық деңгейде болып табылады. Өңірлік деңгейде - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен бірлесіп, партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық Қоғамдық кеңес.
4. Конкурс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беру мен тәрбиелеуді қалыптастыруға бағытталған 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың партиялық бағдарламасы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде өткізіледі.
2. Конкурс мақсаттары
5. Конкурс мақсаттары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтарды тарту және қазіргі заманғы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасына олардың назарын аудару болып табылады.
3. Конкурс шарттары
6. Конкурстық жұмыстың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әртүрлі бағыттарын қозғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу тәсілдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алу себептерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастыратын жалпылама қабылданған моральдық нормаларды насихаттауды қамтуы тиіс.
Конкурстық жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілерін талдауды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдерін, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған байқау жұмысы авторының белсенді азаматтық ұстанымы туралы ақпаратты және сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою бойынша азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының конструктивтік ұсыныстары мен бастамаларын қамтуы мүмкін
7. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
1) байқауға қатысу үшін берілген тақырып бойынша қолмен жазылған бейнені дайындау қажет;
2) қатысушыдан өз қолымен жасалған жұмыс А3 форматындағы парақта ұсынылады және авторлық болуы тиіс;
3) сахналық адамдар мен кейіпкерлердің жұмысы, оның мазмұны, сюжеті, іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс;
4) ұсынылған конкурс жұмыстарында жалған мәліметтерді пайдалануға рұқсат етілмейді;
5) бөтен бейнеграфикалық материалдарды, мәтіндерді, дизайн идеяларын толықтай және ішінара пайдалануға (уақытша пайдалануға) рұқсат етілмейді. Бейнелер дұрыс қамтылуы қажет, онда жағымсыз лексика немесе ымдау цензурасы, зорлық көріністердің болмауы, сондай-ақ ұлтаралық және діни өшпенділікті тудырмауы қажет;
8. Барлық материалдар пошта байланысы арқылы жіберіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес беріледі.
Өтінімге:
1) қағаз түрінде конкурс жұмысының мазмұны мен жұмыстың техникалық сипаттамалары, автордың аты-жөні және байланыс ақпараты көрсетілген қысқаша сипаттама қоса беріледі;
2) конкурс жұмысы AVI, FLV форматында CD/DVD дискілерінде ұсынылады (хронометраж 45 секундтан аспайтын) немесе электрондық почтаға жолданады.
9. Конкурс жұмыстары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін партия Филиалдарына «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы ең үздік сурет/плакат конкурсы» белгісімен қолма-қол пошта арқылы ұсынылады.
10. Конкурсқа жолданған материалдар қайта қайтарылмайды және оларға рецензия жазылмайды.
11. Конкурс қатысушысы өтінімдердің шексіз санын бере алады.
4. Конкурстық комиссиялар
12. Жеңімпаздарды анықтау мақсатында Орталық және Аймақтық конкурстық комиссия құрылады.
13. Орталық конкурс комиссиясын партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы басқарады, ол да Орталық конкурс комиссиясының төрағасы болып табылады. Аталған комиссияның дербес құрамы партияның атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
Орталық конкурстық комиссияның құрамына Агенттіктің, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялдық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да адамдар кіруі мүмкін.
14. Өңірлік конкурс комиссиясын партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы басқарады, ол өңірлік конкурс комиссиясының төрағасы болып табылады. Аталған комиссияның дербес құрамы партияның өңірлік филиалы атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
Аймақтық конкурстық комиссияларының құрамына Департаменттің, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялдық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да адамдар кіруі мүмкін.
15. Конкурстық жұмыстарды бағалау кезінде комиссия мүшелері келесі критерийлерді назарға алады:
- кәсібилік және шығармашылық жұмыстардың техникасы;
- белгіленген тақырыпқа жұмыстың сәйкестілігі;
- автордың жұмыстың мазмұнын ашу тереңдігі және аргументтілігі;
- сюжет тұжырымдамасының бірегейлігі және шығармашылық мәселені шешуге көзқарастың жаңалығы.
5. Конкурстық комиссияның құқығы мен міндеттері
16. Конкурстық комиссияның:
1) келіп түскен материалдарды бағалауға;
2) осы Ережемен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстардың өтінімін қабыл алмауға құқығы бар.
17. Конкурстық комиссия:
1) барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
2) Конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің алдын ала жариялануына жол бермеуге міндетті.
18. Конкурстық комиссия мүшесі Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
19. Мүшелерінің жартысынан артығы қатысатын болса, конкурстық комиссия отырысы заңды болып табылады.
20. Конкурстық комиссия оның отырысына қатысып отырған мүшелер дауысының көптігіне қарай шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
6. Конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
21. Конкурсқа қатысушылар:
1) Конкурстың шарттары және өткізу тәртібі туралы ақпаратты алуға:
2) Конкурсқа қатысу үшін материалдарды жолдауға құқығы бар.
22. Конкурсқа қатысушылар:
1) Осы Ереженің талаптарына сай ресімделген материалдарды уақытылы ұсынуға;
2) Осы Ережемен қарастырылған қағидалар мен рәсімдерді қадағалауға міндетті.
7. Конкурсты өткізу шарттары және тәртібі
23. Конкурс 2 кезеңнен тұрады: аймақтық және республикалық.
24. Конкурстың аймақтық кезеңінде филиалдар қатысушылардың өтінімдерін қабылдауды және өңдеуді ұйымдастырады. Департаменттің өкілдерімен бірігіп аймақтық комиссия жұмысы үшін құжаттар пакетін дайындайды, отырысқа дайындық және ұйымдастыру жүргізеді. Аймақтық конкурстық комиссия дауыс беру нәтижелерін және шешімді комиссия отырысының хаттамасына енгізеді және оған төраға қол қояды.
Конкурстың өңірлік кезеңінің қорытындыларын партия филиалдары 2022 жылдың 24 қыркүйегін қоса алғанға дейін шығаруы тиіс.
Конкурстың республикалық кезеңіне өткен үш үміткердің конкурстық жұмыстары және комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелері 2022 жылғы 27 қыркүйекке дейін «AMANAT» партиясының орталық аппаратына (Нұр-сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 12/1, 7 қабат, 709 кабинет, партиялық бақылау департаментіне, тел. +7(778)097-51-27, 8701-057-20-00) қолма-қол пошта арқылы жіберіледі.) «Үздік сурет/плакат» белгісімен, жұмыстардың сканерленген көшірмелерін электрондық поштаға қайталай отырып Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript..
25. Конкурстың республикалық кезеңінде Партияның орталық аппараты Конкурстың аймақтық кезеңінен өткен үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастырады, тізімді қалыптастырады және Орталық конкурстық комиссияға құжаттар пакетін тапсыру үшін қатысушылардың тізімін және материалдарын дайындайды және олардың отырысын дайындап ұйымдастырады.
Орталық конкурстық комиссия отырыс өткізеді, онда аймақтық кезеңде іріктеуден өткен үміткерлердің келіп түскен материалдары қарастырылады. Дауыс беру нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі және оған партия Хатшысы қол қояды.
Конкурстың 1, 2 және 3 орындарын иеленген жеңімпаздарын анықтау туралы шешімді Орталық конкурстық комиссия 2022 жылғы 14 қазанға дейін қабылдайды.
26. Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат, Орталық конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қатысушылардың назарына жеткізіліп, партияның ресми сайтында жарияланатын болады.
8. Марапаттау
27. Орталық конкурстық комиссия мүшелері республикалық конкурстың үш жеңімпазын айқындайды, оларға салық және бюджетке міндетті төлемдер есепке алынбайтын мынадай мөлшердегі біржолғы ақшалай сыйақы төленетін болады:
бірінші орын үшін - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
екінші орын үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
үшінші орын үшін - 150 000 (жүз елу мың) теңге.
28. Конкурстың Республикалық кезеңінің 1,2 және 3 орындарды иеленген қатысушылары Партияның орталық аппаратына шақырылады және жүлделі орындарын көрсете отырып дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Конкурстың республикалық кезеңінің қалған қатысушылары қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталады.
29. Конкурстың облыстық кезеңінің қатысушылары дипломдармен, алғыс хаттармен және демеушілер, қайырымдылық қаражаты есебінен естелік сыйлықтармен марапатталады (Партиялық бақылау бөлімімен келісілуі арқылы).
30. Республикалық кезеңге қатысушылардың жол жүру және тұруын ұйымдастыру партия қаражаты есебінен Конкурс ұйымдастырушылары жүзеге асырады.
31. Конкурстың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ партияның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» республикалық байқауы туралы ЕРЕЖЕ
Қаулыға қосымша
- Жалпы ережелер
- Осы Ереже сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша журналистер арасындағы «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
- Конкурсқа республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады.
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Орталық деңгейде Конкурсты ұйымдастырушылар болып табылады. Облыстық деңгейде – партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесіп.
- Байқау партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыруға бағытталған 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
- Конкурс мақсаттары
- Конкурс мақсаттары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтарды тарту және қазіргі заманғы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасына олардың назарын аудару болып табылады.
- Конкурс шарттары
- Конкурстық жұмыстың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әртүрлі бағыттарын қозғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу тәсілдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алу себептерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастыратын жалпылама қабылданған моральдық нормаларды насихаттауды қамтуы тиіс.
Конкурстық жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілерін талдауды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдерін, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған байқау жұмысы авторының белсенді азаматтық ұстанымы туралы ақпаратты және сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою бойынша азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының конструктивтік ұсыныстары мен бастамаларын қамтуы мүмкін
- Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
1) Конкурсқа қатысу үшін журналистік зерттеуге материалдарды, мақалаларды (2022 жылдың қаңтарынан бастап конкурстың аяқталу күніне дейін жарияланған және эфирге шығатын жарияланымдар мен хабарлар циклдері) қатаң түрде берілген тақырып бойынша дайындау қажет;
2) жұмыс, оның мазмұны, сюжеті, сахналық тұлғалардың және кейіпкерлердің әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы болмауы қажет;
3) ұсынылған конкурс жұмыстарында жалған мәліметтерді пайдалануға рұқсат етілмейді;
4) бөтен бейнеграфикалық материалдарды, мәтіндерді, дизайн идеяларын толықтай және ішінара пайдалануға (уақытша пайдалануға) рұқсат етілмейді. Бейнелер дұрыс қамтылуы қажет, онда жағымсыз лексика немесе ымдау цензурасы, зорлық көріністердің болмауы, сондай-ақ ұлтаралық және діни өшпенділікті тудырмауы қажет;
5) журналистік зерттеу материалдары, мақалалар конкурсқа қатысушылардың әлеуметтік парақшаларында немесе әлеуметтік желілердегі, интернет-сайттардағы, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы танымал қауымдастықтарда сипаттамада бейнероликтің авторын көрсете отырып, жариялануы тиіс.
- Конкурсқа қатысу үшін өтінім осы Ережеге қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес беріледі:
Өтінімге:
1) жарияланымдар материалдың түпнұсқасында немесе көшірмесінде ұсынылуы тиіс;
2) қағаз немесе сканерленген көшірме түрінде конкурс жұмысының мазмұны мен жұмыстың техникалық сипаттамалары, автордың аты-жөні және байланыс ақпараты көрсетілген қысқаша сипаттама қоса беріледі;
3) конкурстық жұмыс бейне/аудио файлдар форматында қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы ұсынылады немесе әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланған материалдардың беттеріне сілтемелер жіберіледі.
- Конкурс жұмыстары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін партия Филиалдарына «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» белгісімен, қолма-қол поштамен немесе өтінімнің скан-нұсқалары, роликтің және конкурс жұмысының қысқаша сипаты қоса беріле отырып, Филиалдардың электрондық поштасына жіберіледі.
- Конкурсқа жолданған материалдар қайта қайтарылмайды және оларға рецензия жазылмайды.
- Конкурс қатысушысы өтінімдердің шексіз санын бере алады.
- Конкурстық комиссиялар
- Жеңімпаздарды анықтау мақсатында Орталық және Аймақтық конкурстық комиссия құрылады.
- Орталық конкурс комиссиясын партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы басқарады, ол сондай-ақ Орталық конкурс комиссиясының төрағасы болып табылады. Бұл комиссияның жеке құрамы партияның жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
Орталық конкурстық комиссияның құрамына Агенттіктің, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялдық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да адамдар кіруі мүмкін.
- Аймақтық конкурстық комиссияны партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы басқарады, ол Аймақтық конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады. Аталған комиссияның жеке құрамы партияның аймақтық филиалы атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
Аймақтық конкурстық комиссияларының құрамына Департаменттің, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялдық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да адамдар кіруі мүмкін.
- Конкурстық жұмыстарды бағалау кезінде комиссия мүшелері келесі критерийлерді назарға алады:
- әлеуметтік желілердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрулер, ұнатулар және аудиторияны жалпы қамту саны;
- жаңашылдық (ұсынылған тәсілдер және алынған нәтижелері ескеріледі);
- белгіленген тақырыпқа жұмыстың сәйкестілігі;
- автордың жұмыстың мазмұнын ашу тереңдігі және аргументтілігі;
- шығармашылық шешімнің техникасы және кәсібилігі, қолданылатын жарнаманың, әлеуметтік әдістеменің және технологияның аудиторияға әсер ету тиімділігі;
- конкурс жұмысының әлеуметтік маңыздылығы, оңтайлығы және шығармашылығы;
- таңдалған жұмыстың орындалу стилінің орындылығы мен дәлдігі.
- Конкурстық комиссияның құқығы мен міндеттері
- Конкурстық комиссияның:
1) келіп түскен материалдарды бағалауға;
2) осы Ережемен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстардың өтінімін қабыл алмауға құқығы бар.
- Конкурстық комиссия:
1) барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
2) Конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің алдын ала жариялануына жол бермеуге міндетті.
- Конкурстық комиссия мүшесі Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
- Мүшелерінің жартысынан артығы қатысатын болса, конкурстық комиссия отырысы заңды болып табылады.
- Конкурстық комиссия оның отырысына қатысып отырған мүшелер дауысының көптігіне қарай шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
- Конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
- Конкурсқа қатысушылар:
1) Конкурстың шарттары және өткізу тәртібі туралы ақпаратты алуға:
2) Конкурсқа қатысу үшін материалдарды жолдауға құқығы бар.
- Конкурсқа қатысушылар:
1) Осы Ереженің талаптарына сай ресімделген материалдарды уақытылы ұсынуға;
2) Осы Ережемен қарастырылған қағидалар мен рәсімдерді қадағалауға міндетті.
- Конкурсты өткізу шарттары және тәртібі
- Конкурс 2 кезеңнен тұрады: аймақтық және республикалық.
- Конкурстың аймақтық кезеңінде филиалдар қатысушылардың өтінімдерін қабылдауды және өңдеуді ұйымдастырады. Департаменттің өкілдерімен бірігіп аймақтық комиссия жұмысы үшін құжаттар пакетін дайындайды, отырысқа дайындық және ұйымдастыру жүргізеді. Аймақтық конкурстық комиссия дауыс беру нәтижелерін және шешімді комиссия отырысының хаттамасына енгізеді және оған төраға қол қояды.
Конкурстың аймақтық кезеңінің қорытындыларын филиалдар 2022 жылғы 24 қыркүйекті қоса алғанға дейін шығаруы тиіс.
Конкурстың республикалық кезеңінен өткен үш үміткердің конкурстық жұмыстары және комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелері 2022 жылғы 27 қыркүйегіне дейін «AMANAT» партиясының Орталық аппаратына (Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/1, 7 қабат, 709 кабинет, Партиялық бақылау департаменті, тел. +7(778)097-51-27, 8701-057-20-00) немесе Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электрондық мекен-жайына ««Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу»» деген белгімен жолданады.
- Конкурстың республикалық кезеңінде Партияның орталық аппараты Конкурстың аймақтық кезеңінен өткен үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастырады, тізімді қалыптастырады және Орталық конкурстық комиссияға құжаттар пакетін тапсыру үшін қатысушылардың тізімін және материалдарын дайындайды және олардың отырысын дайындап ұйымдастырады.
Орталық конкурстық комиссия отырыс өткізеді, онда аймақтық кезеңде іріктеуден өткен үміткерлердің келіп түскен материалдары қарастырылады. Дауыс беру нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі және оған партия Хатшысы қол қояды.
Конкурстың 1, 2 және 3 орындарын иеленген жеңімпаздарын анықтау туралы шешімді Орталық конкурстық комиссия 2022 жылдың 14 қазанына дейін қабылдайды.
- Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат, Орталық конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қатысушылардың назарына жеткізіліп, партияның ресми сайтында жарияланатын болады.
- Марапаттау
- Орталық конкурстық комиссия мүшелері республикалық конкурстың үш жеңімпазын айқындайды, оларға салық және бюджетке міндетті төлемдер есепке алынбайтын мынадай мөлшердегі біржолғы ақшалай сыйақы төленетін болады:
бірінші орын үшін - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
екінші орын үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
үшінші орын үшін - 150 000 (жүз елу мың) теңге.
- Конкурстың Республикалық кезеңінің 1,2 және 3 орындарды иеленген қатысушылары Партияның орталық аппаратына шақырылады және жүлделі орындарын көрсете отырып дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Конкурстың республикалық кезеңінің қалған қатысушылары қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталады.
- Конкурстың облыстық кезеңінің қатысушылары дипломдармен, алғыс хаттармен және демеушілер, қайырымдылық қаражаты есебінен естелік сыйлықтармен марапатталады (Партиялық бақылау бөлімімен келісілуі арқылы).
- Республикалық кезеңге қатысушылардың жол жүру және тұруын ұйымдастыру партия қаражаты есебінен Конкурс ұйымдастырушылары жүзеге асырады.
- Конкурстың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ партияның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.