г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Үздік сурет/плакат» бағыты бойынша «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық конкурсы туралы ЕРЕЖЕ

2022 жылғы 12 сәуірдегі № 001-03
қаулыға қосымша

«Үздік сурет/плакат» бағыты бойынша
«сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»
республикалық конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже оқушылар мен студенттер арасында «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбымен үздік сурет/плакат республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Байқауға барлық оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, креативті студиялар және т.б.) қатыса алады.
3. Байқаудың ұйымдастырушылары «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес (бұдан әрі-Кеңес) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп орталық деңгейде болып табылады. Өңірлік деңгейде - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен бірлесіп, партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық Қоғамдық кеңес.
4. Конкурс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беру мен тәрбиелеуді қалыптастыруға бағытталған 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың партиялық бағдарламасы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде өткізіледі.

2. Конкурс мақсаттары

5. Конкурс мақсаттары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтарды тарту және қазіргі заманғы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасына олардың назарын аудару болып табылады.

3. Конкурс шарттары

6. Конкурстық жұмыстың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әртүрлі бағыттарын қозғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу тәсілдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алу себептерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастыратын жалпылама қабылданған моральдық нормаларды насихаттауды қамтуы тиіс.
Конкурстық жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілерін талдауды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдерін, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған байқау жұмысы авторының белсенді азаматтық ұстанымы туралы ақпаратты және сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою бойынша азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының конструктивтік ұсыныстары мен бастамаларын қамтуы мүмкін
7. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
1) байқауға қатысу үшін берілген тақырып бойынша қолмен жазылған бейнені дайындау қажет;
2) қатысушыдан өз қолымен жасалған жұмыс А3 форматындағы парақта ұсынылады және авторлық болуы тиіс;
3) сахналық адамдар мен кейіпкерлердің жұмысы, оның мазмұны, сюжеті, іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс;
4) ұсынылған конкурс жұмыстарында жалған мәліметтерді пайдалануға рұқсат етілмейді;
5) бөтен бейнеграфикалық материалдарды, мәтіндерді, дизайн идеяларын толықтай және ішінара пайдалануға (уақытша пайдалануға) рұқсат етілмейді. Бейнелер дұрыс қамтылуы қажет, онда жағымсыз лексика немесе ымдау цензурасы, зорлық көріністердің болмауы, сондай-ақ ұлтаралық және діни өшпенділікті тудырмауы қажет;
8. Барлық материалдар пошта байланысы арқылы жіберіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес беріледі.
Өтінімге:
1) қағаз түрінде конкурс жұмысының мазмұны мен жұмыстың техникалық сипаттамалары, автордың аты-жөні және байланыс ақпараты көрсетілген қысқаша сипаттама қоса беріледі;
2) конкурс жұмысы AVI, FLV форматында CD/DVD дискілерінде ұсынылады (хронометраж 45 секундтан аспайтын) немесе электрондық почтаға жолданады.
9. Конкурс жұмыстары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін партия Филиалдарына «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы ең үздік сурет/плакат конкурсы» белгісімен қолма-қол пошта арқылы ұсынылады.
10. Конкурсқа жолданған материалдар қайта қайтарылмайды және оларға рецензия жазылмайды.
11. Конкурс қатысушысы өтінімдердің шексіз санын бере алады.

4. Конкурстық комиссиялар

12. Жеңімпаздарды анықтау мақсатында Орталық және Аймақтық конкурстық комиссия құрылады.
13. Орталық конкурс комиссиясын партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы басқарады, ол да Орталық конкурс комиссиясының төрағасы болып табылады. Аталған комиссияның дербес құрамы партияның атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
Орталық конкурстық комиссияның құрамына Агенттіктің, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялдық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да адамдар кіруі мүмкін.
14. Өңірлік конкурс комиссиясын партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы басқарады, ол өңірлік конкурс комиссиясының төрағасы болып табылады. Аталған комиссияның дербес құрамы партияның өңірлік филиалы атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
Аймақтық конкурстық комиссияларының құрамына Департаменттің, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялдық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да адамдар кіруі мүмкін.
15. Конкурстық жұмыстарды бағалау кезінде комиссия мүшелері келесі критерийлерді назарға алады:
- кәсібилік және шығармашылық жұмыстардың техникасы;
- белгіленген тақырыпқа жұмыстың сәйкестілігі;
- автордың жұмыстың мазмұнын ашу тереңдігі және аргументтілігі;
- сюжет тұжырымдамасының бірегейлігі және шығармашылық мәселені шешуге көзқарастың жаңалығы.

5. Конкурстық комиссияның құқығы мен міндеттері

16. Конкурстық комиссияның:
1) келіп түскен материалдарды бағалауға;
2) осы Ережемен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстардың өтінімін қабыл алмауға құқығы бар.
17. Конкурстық комиссия:
1) барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
2) Конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің алдын ала жариялануына жол бермеуге міндетті.
18. Конкурстық комиссия мүшесі Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
19. Мүшелерінің жартысынан артығы қатысатын болса, конкурстық комиссия отырысы заңды болып табылады.
20. Конкурстық комиссия оның отырысына қатысып отырған мүшелер дауысының көптігіне қарай шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

6. Конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

21. Конкурсқа қатысушылар:
1) Конкурстың шарттары және өткізу тәртібі туралы ақпаратты алуға:
2) Конкурсқа қатысу үшін материалдарды жолдауға құқығы бар.
22. Конкурсқа қатысушылар:
1) Осы Ереженің талаптарына сай ресімделген материалдарды уақытылы ұсынуға;
2) Осы Ережемен қарастырылған қағидалар мен рәсімдерді қадағалауға міндетті.

7. Конкурсты өткізу шарттары және тәртібі

23. Конкурс 2 кезеңнен тұрады: аймақтық және республикалық.
24. Конкурстың аймақтық кезеңінде филиалдар қатысушылардың өтінімдерін қабылдауды және өңдеуді ұйымдастырады. Департаменттің өкілдерімен бірігіп аймақтық комиссия жұмысы үшін құжаттар пакетін дайындайды, отырысқа дайындық және ұйымдастыру жүргізеді. Аймақтық конкурстық комиссия дауыс беру нәтижелерін және шешімді комиссия отырысының хаттамасына енгізеді және оған төраға қол қояды.
Конкурстың өңірлік кезеңінің қорытындыларын партия филиалдары 2022 жылдың 24 қыркүйегін қоса алғанға дейін шығаруы тиіс.
Конкурстың республикалық кезеңіне өткен үш үміткердің конкурстық жұмыстары және комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелері 2022 жылғы 27 қыркүйекке дейін «AMANAT» партиясының орталық аппаратына (Нұр-сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 12/1, 7 қабат, 709 кабинет, партиялық бақылау департаментіне, тел. +7(778)097-51-27, 8701-057-20-00) қолма-қол пошта арқылы жіберіледі.) «Үздік сурет/плакат» белгісімен, жұмыстардың сканерленген көшірмелерін электрондық поштаға қайталай отырып Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript..
25. Конкурстың республикалық кезеңінде Партияның орталық аппараты Конкурстың аймақтық кезеңінен өткен үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастырады, тізімді қалыптастырады және Орталық конкурстық комиссияға құжаттар пакетін тапсыру үшін қатысушылардың тізімін және материалдарын дайындайды және олардың отырысын дайындап ұйымдастырады.
Орталық конкурстық комиссия отырыс өткізеді, онда аймақтық кезеңде іріктеуден өткен үміткерлердің келіп түскен материалдары қарастырылады. Дауыс беру нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі және оған партия Хатшысы қол қояды.
Конкурстың 1, 2 және 3 орындарын иеленген жеңімпаздарын анықтау туралы шешімді Орталық конкурстық комиссия 2022 жылғы 14 қазанға дейін қабылдайды.
26. Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат, Орталық конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қатысушылардың назарына жеткізіліп, партияның ресми сайтында жарияланатын болады.


8. Марапаттау

27. Орталық конкурстық комиссия мүшелері республикалық конкурстың үш жеңімпазын айқындайды, оларға салық және бюджетке міндетті төлемдер есепке алынбайтын мынадай мөлшердегі біржолғы ақшалай сыйақы төленетін болады:
бірінші орын үшін - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
екінші орын үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
үшінші орын үшін - 150 000 (жүз елу мың) теңге.
28. Конкурстың Республикалық кезеңінің 1,2 және 3 орындарды иеленген қатысушылары Партияның орталық аппаратына шақырылады және жүлделі орындарын көрсете отырып дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Конкурстың республикалық кезеңінің қалған қатысушылары қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталады.
29. Конкурстың облыстық кезеңінің қатысушылары дипломдармен, алғыс хаттармен және демеушілер, қайырымдылық қаражаты есебінен естелік сыйлықтармен марапатталады (Партиялық бақылау бөлімімен келісілуі арқылы).
30. Республикалық кезеңге қатысушылардың жол жүру және тұруын ұйымдастыру партия қаражаты есебінен Конкурс ұйымдастырушылары жүзеге асырады.
31. Конкурстың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ партияның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…