Жерлестеріміз гір спортынан Әлем Чемпионы атанды
Ағымдағы жылдың 1-4 шілде аралығында Қырғызстан Республикасының астанасында гір спортынан Әлем Чемпионаты өтуде.
Аталған чемпионатта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Түркіменстан және Белоруссияның спортшылары өнер көрсеткен болатын.
Бұл чемпионатта біздің жерлестеріміз жаттықтырушы Халибек Салтанаттың шәкірттері өз өнерлерін көрсете білді: Аманқұл Әбуәли 58 келі салмақ дәрежесінде серпе және жұлқа көтеру жаттығудан екі дүркін Әлем чемпионы атанды, чемпионат барысында оған тең келетін спортшы болған емес.
Дарменов Ернұр 63 кг салмақ дәрежесінде серпе көтеру жаттығуында әлем чемпионы атанды, сондай-ақ ұзақ айналымда күміс жеңіп алды.
Қуаныш Нұрғожин ұзақ айналымда күміс жүлдегері атанды.
Нәтижесінде біздің спортшылардың қоржынында 3 алтын және 2 күміс медаль.
Жарыс адал және табанды күресте өтті, онда жерлестеріміз Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Түркіменстан және Белоруссияның спортшыларын сенімді түрде жеңіп, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін және жеңіске деген еріктерін көрсетті.
Жаттықтырушы Халибек Салтанатты және шәкірттерін әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.