Аудандық Мәдениет үйінің алаңында «Домбыра PARTY» атты флешмоб өтті
Домбыра - қазақтың ұлттық аспабы ғана емес, халық мұрасы. Қазақ қашанда домбыраны қадір тұтып, төрге іліп, бағалаған. Ауданымызда бірінші шілде күні Ұлттық домбыра күнін барлық жарқайындықтар аса үлкен салтанатпен атап өтті. Осынау нағыз, шынайы халықтық мерейлі мерекеден қасиетті Жарқайың жерінің ел-жұрты да қалыс қалған жоқ.
Аудандық Мәдениет үйінің алаңында «Домбыра PARTY» атты флешмоб өтті. Флешмобқа аудан оқушылары мен педагогтары, домбырада ойнай алатын аудан тұрғыны қатысты. Шара барысында қатысушылар қара домбырамен нақышына келтіріп Құрманғазының "Сары — Арқа", "Адай" атты белгілі күйлерін орындады. Қатысушылардың жалпы саны 100-ден астам адам құрады.
Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап, қасиетті домбырамызды ұлықтап, төл өнеріміздің өрісін кеңейтіп, атадан қалған асыл мұраны көпке дәріптеп жүргені үшін аудандық білім бөлімінің, А.Үкібаев, Н.Крупская, Н. Островский атындағы қалалық мектептердің, Балалар музыка мектебінің ұжымдарына, Құмсуат, Отрадное, Пригород, Гастелло, Тассуат, Нахым, Жаңадала, Костычево, Үшқарасу, Тасөткел, Уәлихан, Пятигор, Шойындыкөл ауылдарының әкімдері мен тұрғындарына алғыс білдіреміз. Сондай-ақ аудандық мәдениет Үйінің ұйымына, осы шараны ұйымдастырып өткізген мәдениет Үйінің шығармашылық жетекшісі Балауса Газезоваға көп тен көп рахмет айтамыз.
Баршаңыздың алдағы уақытта да қазақтың ұлттық аспабы-домбыраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясы төңірегінде қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталатынына сенімдіміз. Мереке құтты болсын!
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі.