г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен ашық отырыста комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер қанша кандидаттың талапқа сай болып шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы 12 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Біз өз кезегімізде құжаттардың сәйкестігін тексеріп, заңға сүйене отырып бүкіл жұмысты жүргіздік. Бүгін 3 үміткер талапқа сай болмай шықты. Тағы бір үміткерге сот ұйғарымы бар, оған қатысты шешім кейін шығады. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Біз оны тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Ал жалпы қалған бүкіл үміткерлердің сәйкестік мәселесін толық

қарадық», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Қоса кетсек, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі үміткерлерге сайлау жарнасы қандай жағдайда қайтарылатынын түсіндірген болатын.

Сабила Мұстафинаның сөзінше, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, кандидатқа 3 жағдайда жарнасы қайтарылады.

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы үміткер Мейрам Қажыкенді ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде ресми тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына үміткер Мейрам Қажыкеннің кандидатурасының заң талаптарына сай келетіні және оны кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды.

«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау мақсатында еліміздің 14 өңірінде 122 184 азаматтың қолы жиналды. Оның барлығы тексерілді, соның ішінде кандидатты қолдаған 120

055 қол сенімді деп танылды», - деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Сондай-ақ, үміткердің құжаттарды уақытылы тапсырғаны және олардың талапқа сай келетіні айтылды.

«Құрметті жиынға қатысушылар, осылайша орталық сайлау комиссиясы Қажыкен Мейрам Зекешұлын ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркеді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Одан бөлек, жиын соңында ОСК төрағасы Мейрам Қажыкенге кандидат куәлігін табыс етті.

Еске салсақ, 4 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Мейрам Қажыкеннің құжаттары тапсырылды.

Ал 8 қазан күні үміткер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша емтихан тапсырып, одан сәтті өтті.

Айта кетейік, Мейрам Қажыкен кандидат ретінде «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан ұсынылып, тіркелді.

Пятница, 14 октября 2022 06:17

РЕСПУБЛИКА КУНI

Ақмола облысы Республика Күнін қалай атап өтеді?

 

Ақмола облысында Республика күніне орай 100-ден астам негізгі түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі: өнер фестивалі, акциялар, жәрмеңкелер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар. Халық үшін маңызды және қажетті объектілердің ашылуы өтеді. Бұл туралы ішкі саясат басқармасының орынбасары Нариман Әбдірахманов брифингте айттып өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Республика күні 1990 жылғы 25 қазандағы Жоғарғы Кеңестің Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны қабылдаған күнмен байланысты.

 

 

Ақмола облысында Республика күніне орай 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі. Оның ішінде: "жас өлкетанушылардың, экологтардың және табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы", "Мұратымыз-Мәңгілік Ел!", мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысушылар арасында. Сондай-ақ, әділ Қазақстанды құрудағы мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференциялар, өз елі туралы "Отаным-алтын бесігім"атты үздік шығармаға шығармашылық конкурстар.

"25 қазанда өңірде барлық орталық алаңдарда, саябақтар мен скверлерде жаппай халықтық мерекелер, жәрмеңкелер, көрмелер, экспозициялар, мерекелік концерттер және т.б. өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда. Халықтың барлық нысаналы топтарын қамтуға және мерекенің жалпыхалықтық атмосферасын құруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ішкі саясат басқармасының орынбасары Нариман Әбдірахманов.

 

 

Республика күні идеологиясының негізінде бірігу принципі жатыр, бұл күнді атап өту бірлік пен тату көршілік құндылықтарын нығайтуға барынша ықпал етуі тиіс.

 

#BirRespublika хэштегімен түрлі этностардың Республика күнімен құттықтау бойынша бейне челлендж, "Республика әні" авторлық әндер байқауы, "Ұлы даланың ұлттық тілі" облыстық форумы өтеді. Облыстық "Қазақстан – мақтанышым" балалар вокалдық ұжымдарының фестивалі, "Ұлттың ұлы ұстазы" өңірлік ақындар айтысы, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды құрметтеу және көтермелеу өткізіледі.

 

"Бүгінде елді мекендерді тақырыптық көрнекі-визуалды безендіру бойынша жұмыс жүргізілді", - деп толықтырды Нариман Әбдірахманов.

 

Республика күніне орай бірқатар нысандардың ашылуы орайластырылды: мысалы, Бестөбе ауылының №2 ОМ өлкетану мұражайының ашылуы, Сандықтау ауданында 36 пәтерлі екі тұрғын үй және Балкашино ауылындағы "Урожай" стадионы сияқты 7 нысанның іске қосылуы. Мәдениет ауылында 200 орындық қоғамдық моншаның ашылуы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты, пошта бөлімшесі, күрделі жөндеуден кейін фельдшерлік акушерлік пункт, Целиноград ауданы Қоянды ауылында медициналық орталықтың а

Пятница, 14 октября 2022 06:16

Хабарландыру

Уважаемые жители Акмолинской области!

С 1 октября Министерство труда и социальной защиты населения РК запустило информационную систему «Цифровая карта семьи» в пилотном режиме.

Граждане, имеющие право на государственную поддержку, могут оформить без заявления 9 видов пособий и социальных выплат:

- адресную социальную помощь для малообеспеченных семей;

- выплату на случай потери дохода, в связи с беременностью и родами;

- выплату на случай потери дохода, в связи с уходом за ребенком;

- выплату на случай потери работы;

- выплату по потере кормильца;

- пособие родителю (опекуну), воспитывающему ребенка с инвалидностью;

- пособие по инвалидности;

- пособие многодетным семьям;

- пособие многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа».

В этом случае единый контакт-центр 1414 направляет SMS-уведомление следующего характера:

Уважаемый (ая)________!

По данным системы МТСЗН РК Вы являетесь потенциальным получателем адресной социальной помощи.

В случае Вашего согласия на проведение обследования материального положения семьи к Вам будет направлена участковая комиссия.

Для возможности зачисления назначенной суммы укажите 20-значный номер Вашего банковского счета (IBAN).

Для согласия введите 1#номер счета. Пример: 1#KZ123456789123456789.

Если не согласны, введите номер: 1#2.

Ваш ответ ожидаем в течении 3 рабочих дней.

В случае согласия Вы подтверждаете сбор и обработку персональных данных.

По всем вопросам можете обратиться в Call – центр по номеру 1414. Звонок бесплатный.

Гражданину, получившему SMS, необходимо обязательно ответить на него. Оформление заявления производится в автоматическом режиме, назначение социального пособия будет производиться в соответствии с действующим законодательством РК.

КГУ «Центр занятости населения акимата Жаркаинского района»

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

1 қазаннан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін пилоттық режимде іске қосты.

Мемлекеттік қолдауға құқығы бар азаматтар өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдей алады:

- аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек;

- жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төлеу;

- бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төлеу;

- жұмысынан айырылған жағдайда төлеу;

- асыраушысынан айрылу бойынша төлем;

- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) берілетін жәрдемақы;

- Мүгедектігі бойынша жәрдемақы;

- көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқа»алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға арналған жәрдемақы.

Бұл жағдайда 1414 Бірыңғай байланыс орталығы келесі сипаттағы SMS-хабарлама жібереді:

Құрметті ________!

ҚР ЕХӘҚМ жүйесінің деректері бойынша Сіз атаулы әлеуметтік көмектің әлеуетті алушысы болып табыласыз.

Отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келіскен жағдайда Сізге учаскелік комиссия жіберіледі.

Белгіленген соманы есепке алу мүмкіндігі үшін банктік шотыңыздың 20 таңбалы нөмірін (IBAN) көрсетіңіз.

Келісім үшін 1#шот нөмірін енгізіңіз. Мысал: 1#KZ123456789123456789.

Егер келіспесеңіз, нөмірді енгізіңіз: 1#2.

Сіздің жауабыңызды 3 жұмыс күні ішінде күтеміз.

Келіскен жағдайда сіз дербес деректерді жинауды және өңдеуді растайсыз.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call – орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

SMS алған азамат оған міндетті түрде жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу автоматты режимде жүргізіледі, әлеуметтік жәрдемақы тағайындау ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен ашық отырыста комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер қанша кандидаттың талапқа сай болып шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы 12 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Біз өз кезегімізде құжаттардың сәйкестігін тексеріп, заңға сүйене отырып бүкіл жұмысты жүргіздік. Бүгін 3 үміткер талапқа сай болмай шықты. Тағы бір үміткерге сот ұйғарымы бар, оған қатысты шешім кейін шығады. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Біз оны тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Ал жалпы қалған бүкіл үміткерлердің сәйкестік мәселесін толық қарадық», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Қоса кетсек, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі үміткерлерге сайлау жарнасы қандай жағдайда қайтарылатынын түсіндірген болатын.

Сабила Мұстафинаның сөзінше, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, кандидатқа 3 жағдайда жарнасы қайтарылады.

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина сайлау жарнасы кандидатқа қандай жағдайда қайтарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңында қандай жағдайда сайлау жарнасы қайтарылатыны көрсетілген. Біріншіден, егер кандидат жеңіске жетсе оның жарнасы қайтарылады. Екінші жағдай – үміткер сайлаушылардың 5 пайыздан кем емес дауысын жинауы тиіс. Сонымен қатар, кандидат қайтыс болған жағдайда сайлау жарнасы оның отбасына қайтарылады», - деп түсіндірді Сабила Мұстафина.

Спикердің айтуынша, аталған талаптан басқа жағдайларда кандидаттың сайлау жарнасы мемлекеттік қазынада қалады.

Бүгінгі таңда сайлау жарнасының мөлшері - 3 миллион теңге.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы соңғы болып құжат тапсырған үміткерлердің бірі Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы барлық талаптарға сай екенін мәлімдеді.

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаевтың барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, оның кандидатурасын 3 қазанда «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Ал 11 қазанда Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжаттарын тапсырған болатын.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның дерегінше, үміткер «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, өмірбаян деректері, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырған.

Ұсынылған құжаттарды растау мақсатында Орталық сайлау комиссиясы Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және ҚР Әділет министрлігіне тиісті сұраулар жіберілген.

Оның нәтижелерін баяндаған Сабила Мұстафина үміткердің «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының 54 және 56-баптарына сай қойылатын талаптарға толық сәйкес келетінін мәлімдеді.

Тиісінше, Орталық сайлау комиссиясы Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы барлық талапқа сәйкес екенін растайтын қаулы қабылдады.

Еске салайық, ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырған болатын.

Лингвистикалық комиссияның мәліметінше, аталған үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

АСТАНА. ҚазАқпарат – Лингвистикалық комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер кандидаттардың мемлекеттік тілден тапсырған емтиханының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «ҚР Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін анықтайтын линвистикалық комиссияның құрамына көрнекті лингвист ғалымдар, профессорлар, академиктер, филология ғылымдарының докторлары және ішінде филология ғылымының бір кандидаты бар. Комиссия мүшелері алқалы талдау өткізіп содан кейін ғана шешім қабылдады. Емтихандар әділдік пен шынайылықты сақтай отырып, тең құқылы негізде жүзеге асты. Кандидаттардың емтиханға дайындалуына, комиссия алдында жауап беруіне қажетті жағдай толық жасалды. «Ауыл» партиясының атынан түскен [Жигули Дайрабаев] азаматта қате өте аз болды. Өйткені, тілі жүйрік екен. Ол ауылда туып-өскен азамат болғаннан кейін барлық тақырыпта таза сөйлеп, ойын еркін жеткізді. Мысалы, әйел кандидаттардың ішінде де ондай азаматтарды байқадық. Ой-өрісі кең, ойын анық жеткізе алады. Біз тек емле қателерін ғана емес, олардың тәжірибесін, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, тақырыпты аша білуін жан-жақты талдай отырып бағаладық», - деді лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов.

Сонымен қатар, лингвистикалық комиссия мүшесі Анар Фазылжанова емтихан тапсырған бүкіл үміткерде емле қателері болғанын атап өтті.

«Жасыратыны жоқ, үміткерлердің ішінде бір де бір емле қатесін жібермей мәтін жазғаны болған жоқ. Бұл үміткерлеріміздің жазу дағдысының осалдығын білдірмейді. Бұл жазу коммуникациясының тілдің ең күрделі саласы екенін білдіреді», - деді Анар Фазылжанова.

Айта кетейік, бұған дейін құжат тапсырған 12 кандидаттың 8-і мемлекеттік тіл сынағынан өтіп, барлығы қазақ тілін еркін меңгергенін растады.

Ал халықтық коалиция атынан ұсынылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлеттік тілден емтихан тапсырмайды.

Сонымен қатар, бүгін Орталық сайлау комиссиясы құжат тапсырған 3 кандидатты тіркеуден бас тартты. Жауапты орган мәліметінше, олардың кандидатурасы заң талаптарына сай келмейді.

АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы сәттерде құжат тапсырған ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев әр тапсырма бойынша тақырыптарды өзі таңдады. Бірінші, жазба тапсырмада «Экология – бүгіннің басты мәселесі», екінші, ауызша оқу тапсырмасында Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» шығармасынан үзінді оқыды. Үшінші, жұрт алдында сөйлеу тапсырмасы «Бабалар аманаты» тақырыбына өз ойын білдірді. Нәтижесі бойынша ойын еркін жеткізе алады, мәтін мазмұнын түсінікті жеткізді, тақырып идеясы ашылды. Бірақ емле қателері болды. Осыған сәйкес, лингвистикалық комисссия Бақыт Жаңабаевтың мемлекеттік тілді меңгергенін дауысқа салғанда, комиссияның 1 мүшесі қалыс қалды, 5 мүшесі қолдады. Нәтижесінде ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілді меңгерген делінген қорытынды жасалды», - деп емтихан қорытындысын жариялады лингвистикалық комиссияның төрағасы Әділ Ахметов.

Еске салайық, Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжат тапсырған болатын. Оның кандидатурасын «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

ОСК Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиевті, қандастар қауымдастығының кандидаты Хайрулла Ғабжалиловты және "Практикалық психология" ҮЕҰ кандидаты Фатима Бизақованы тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың талаптарға сай келмейтінін хабарлады.

Хайрулла Ғабжалилов тумысынан Қазақстан азаматы емес және мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.

Президенттікке ұсынылу үшін кемінде бес жыл мемлекеттік қызмет өтілі болуы керек. Талғат Ерғалиевтің үш жарым жылдық тәжірибесі бар.

Фатима Бизақованың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.

12 қазанда "Мұқамас" қауымдастығы сот арқылы Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын жарамсыз деп тануды талап етті.

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Страница 70 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…