
zharkain
Заңгер Әлтаевты президенттікке ұсыну хаттамасының жарамсыз деп танылуына пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова соттың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
РЕКЛАМА
«Өте әділ шешім. Дәлел базасы еш күмән келтірмейді. Олар Әлтаев ұсынылды делінген «Мұқалмас» РҚБ отырысының видеосын ұсынған болатын. Іс жүзінде, бұл жайт жазбада жазылған. Басым көпшілігі Әлтаевтың ұсынылуына қарсы шыққан», - деді Индира Әубәкірова ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.
Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.
Бүгін Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды.
Әлтаевті президенттікке кандидат ретінде ұсыну хаттамасын сот жарамсыз деп таныды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды. Бұл туралы Астана қалалық сотының ресми сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының соты республикалық қоғамдық бірлестіктің (РҚБ) жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Талапкерлер өз талаптарын 2022 жылғы 6 қазандағы РҚБ жиналысының қорытындысы бойынша Ә. және оған жақын адамдар РҚБ-ның басқа мүшелерінің көмегімен бірлестік мүшелерінің дауыс беруінің бейнежазбасын негіздемеге қоса бере отырып, ҚР Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге өз еркімен Ә.-нің кандидатурасын беруге ниеттеніп, дауыс беру қорытындысы мен хаттаманы бұрмалап жібергеніне негіздеді.
Жауапкер талаппен келіспеді және талапкердің дәлелдеріне қарамастан, РҚБ мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен көпшілік дауыспен Ә.-ні РҚБ атынан ұсыну туралы шешім қабылданды деп өз ұстанымын талап етті», - деп жазылған ресми мәліметте.
Ресми сайттағы мәліметке қарағанда, республикалық қоғамдық бірлестік атынан президенттікке кандидат ұсыну кезінде бірлестіктің Жарғысына қайшы әрекеттер жасалған.
«Жарғының 33-тармағына сәйкес барлық шешімдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Жарғының 31-тармағында, егер оның жұмысына бірлестіктің өңірлік филиалдарының (өкілдіктерінің) жартысынан астамының өкілдері қатысса және жиналысқа қатысушылардың жалпы саны кемінде 40 адамды құраса, жалпы жиналыс заңды деп танылады.
Сотта жалпы жиналыста Ә-нің кандидатурасын ұсынуға – 6 адам, қарсы – 11 адам дауыс бергені анықталды.
Осылайша, жалпы жиналысты өткізу кезінде РҚБ мүшелерінің көпшілігі кезектен тыс президент сайлауында РҚБ атынан кандидат ретінде Ә-нің ұсынылуына «қарсы» дауыс берді.
Сот жалпы жиналыс хаттамасы РҚБ Жарғысының 31 және 33-тармақтарының талаптарына қайшы келеді және шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, жалпы жиналысқа РҚБ мүшелері болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ адамдар қатысты және дауыс берді», - деп жазады Астана сотының сайты.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.
Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.
Жигули Дайрабаев: «Дайындыққа уақыт аз болды» деу – жалқаудың тірлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы кезектен тыс президент сайлауында кімді қолдайтынын Қазақстан сайлаушылары шешеді. Мұндай пікірді 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына «Ауыл» партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат болып тіркелдім. Қазір куәлігін Әбдіров мырза тапсырды. Ең алдымен ОСК мүшелеріне, екіншіден санаулы күннің ішінде сайлаушылардың 1 пайыздан астам қолын жинап берген «Ауыл» партиясы мен Қазақстан фермерлері қауымдастығының мүшелеріне ризашылығымды білдіремін. Президент сайлауына кандидат ретінде қатысу үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазақстанның патриоты ретінде оны өте жақсы сезінемін, жауапкершілікті түсінемін. Осы сайлауда кандидат ретінде алға қойған жоспарларым бар. Оның бәрін заңға сәйкес 21 қазан күні кешкі сағат 18.00-ден кейін жариялаймыз. Қазір «Ауыл» партиясы кеңесінің мүшелерімен, белсенділермен сайлауалды бағдарламамызды, жоспарларымызды дайындап жатырмыз. Заңға сәйкес уақытында жариялаймыз», - деді Жигули Дайрабаев кандидат ретіндегі тіркелгеннен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Кандидат алдағы сайлауда кімді қолдайтынын, кімге дауыс беретінін Қазақстан сайлаушылары шешетінін баса айтты.
«Ауыл» партиясында 300 мыңнан астам, Қазақстан фермелер қауымдастығында 52 мыңнан астам мүше бар. Сайлау заңнамасына сай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, көпшіліктің қолдауына сенеміз. Әрбір сайлаушының дауысын алуға тырысамыз. Біз кез келген жағдайға 365 күн дайын болуымыз керек. «Дайындалуға уақыт аз болды, жетпей қалды» деу - жалқаудың тірлігі. Сондықтан әрекет еткен, тырысқан, талаптанған адамға бәрі шешіледі. Жасыратыны жоқ, өзім де қол жинадым. Жұбайым да көмектесті. Жеке өзім 450-500 қол жинадым», - деді ол.
Президент сайлауының барысын қадағалайтын 43 байқаушы аккредиттелді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 43 байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы 22 қыркүйекте ОСК 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс ҚР президенті сайлауына халықаралық байқау институтын ашқан болатын. ҚР-дағы сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады. СІМ сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерге тиісті шақырулар жіберді. Сонымен қатар екіжақты негізде ҚР ОСК атынан 28 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарына шақыру жіберілді. Бүгінгі таңда ОСК-ге Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», - деді отырыс барысында ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.
Оның нақтылауынша,ТМД-дан – 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан - 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылып отыр.
Осыған орай аталған байқаушыларды аккредиттеу туралы ОСК қаулысының жобасы әзірленген.
Комиссия мүшелері осы қаулыны бекіту туралы шешім қабылдады.
Біреудің орнына біреу дауыс беріп жібереді – Әбдірасұлов
Биыл елімізде Президент сайлауының алдында алғаш рет «Қазақстан заңгерлер одағының» бастамасымен «Адал сайлау үшін» штабы құрылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Штабтың міндеті халыққа сайлау заңын, олардың қандай міндеттері мен құқықтары барын түсіндіру, сайлаушылармен кездесу, қандай проблемалар болуы мүмкін екенін және оны шешу жолын көрсету, - деді штаб мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбдірасұлов.
«Адал сайлау үшін» штаб мүшелері бүгінгі брифингте Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну, тіркеу барысы мен Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған шешімдердің ашық әрі заң аясында болғанын атап өтті. Алайда алдағы насихаттау, дауыс беру кезеңдерінде көптеген сұрақтар мен мәселелер тууы мүмкін екенін де ескертті.
Мысалы, кейбір сайлаушылар тізімге кірмей қалады немесе біреудің орнына біреу дауыс беріп жібереді. Міне, сондай сұрақтар туып жатқанда Қазақстан заңгерлер одағы деген сайтқа кірсе, онда телефон, электронды пошта көрсетілген. Кезекшіміз телефон көтеріп, сұрақтарды алып, штаб мүшелерінің біріне береді, - дейді Әбдірасұлов.
Сондай-ақ ол сұрақ күрделі болса, штаб демалысқа қарамай, онлайн не офлайн түрде жиналып, ақылдасып, қандай жолы бар екенін айтуға дайын екенін жеткізді.
Сотқа жүгіну керек пе, прокуратураға айту керек пе кеңес береміз. Біздің мақсатымыз мемлекеттік органдарға туындаған мәселелерді көрсету. Оған қоса, біз заң консультанттарына тапсырма беріп, олар іс болса, оны жүргізу, арыз жазу бойынша көмек көрсетеді. Штабтың мүшелері жергілікті филиалдарда да бар, олармен тығыз байланыс жасап тұрамыз, - деді ол.
Айта кетейік, «Адал сайлау үшін» штаб мүшелерінің құрамында Ермек Әбдірасұловтан бөлек, Еркін Оңғарбаев, Индира Әубәкірова, Марат Башимов, Әбдікәрім Ақжанов бар.
Выборы усилят начавшиеся политические реформы в стране, считают эксперты.
Эксперты высказались о предстоящих выборах в Казахстане, передает BaigeNews.kz.
Изменения сроков президентства сделают политическую систему более качественной
Главный научный сотрудник Центра политических исследований Института философии, политологии и религиоведения Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК Рустем Кадыржанов полагает, что новшества, касающиеся изменения сроков президентства, сделают политическую систему более предсказуемой и качественной.
"Установление конкретных сроков позволит политическим силам планировать свои действия. Это переход совершенно на другой уровень, который поспособствует усилению общего вектора развития политического процесса", - считает Кадыржанов.
Выборы усилят начавшиеся политические реформы в стране
В свою очередь эксперт Казахстанского института общественного развития Серикказы Какыбаланов отметил, что в обществе предстоящие выборы обсуждаются весьма активно и мнения о политическом событии разные.
"Конечно, звучит определенная критика, задаются вопросы о целесообразности проведения президентских выборов досрочно. Я полагаю, что ответить на этот вопрос достаточно просто, если посмотреть на то, что происходит сейчас в мире. То есть, свое непосредственное влияние оказали ряд моментов как геополитического, так и внутреннего характера. События, случившиеся в начале года, привели к реформам, и сегодня власть идет на такой шаг, чтобы улучшить общественно-политическую ситуацию в стране путем усиления реформ", - сказал Серикказы Какыбаланов.
Президентские выборы как символ демократических преобразований
Заместитель председателя правления КИОР Асем Кайдарова добавила, что предстоящие выборы – это символ демократических преобразований, которые начаты в Казахстане.
"Основной смысл в предстоящих выборах – трансформация, как неотъемлемая часть работы по решению волнующих проблем в социальном секторе и экономике, без преодоления которых невозможно добиться значительного улучшения качества жизни казахстанцев. Нам необходимо сформировать устойчивый фундамент развития человеческого капитала страны", - пояснила Кайдарова.
Факт начала новой политической эпохи неоспорим и вызывает оптимизм
Выборы станут проверкой всей политической системы на прочность, устойчивость, а также дают шанс различным политическим силам озвучить свои идеи и предложения по реформам в стране, внести свой вклад в укрепление государственности.
"Выборы показали активность целого ряда общественных объединений в ходе кампании по выдвижению кандидатов. Конечно, сейчас рано делать выводы о том, что эти РОО всегда будут активны на политическом пространстве, ведь они могут условно "пробуждаться" от выборов к выборам. Уверен, что возможны как положительные, так и негативные явления, которые будут выявлены в ходе выборов, исправлены и закреплены уже к выборам в Парламент. А сам факт начала новой политической эпохи неоспорим и вызывает оптимизм", - заверил политолог Джабраил Мархиев.
Досрочные выборы – шаг в политическом проектировании "Нового Казахстана"
Политолог Айдар Амребаев отметил, что государство должно стать поистине "вслушивающимся" в пульс актуальных вопросов, волнующих казахстанцев.
"Инициатива, выдвинутая Президентом по проведению досрочных президентских выборов, является последовательным шагом в контексте всего процесса политического проектирования "Нового Казахстана". Госорганы в данной ситуации должны проявить исключительные навыки экспертной объективности и политической деликатности при решении возникающих социальных проблем!, - считает руководитель Центра политических исследований Института философии, политологии и религиоведения КН Министерства науки и высшего образования РК Айдар Амребаев.
Напомним, президент Касым-Жомарт Токаев ещё до сентябрьского Послания объявил о реформах по многим направлениям. Озвучивая само Послание, глава государства предложил еще одно важное новшество – полномочия Президента должны быть продлены до семи лет, но один человек не может баллотироваться больше одного раза.
Поправки в Конституцию вступили в силу 17 сентября, выборы были назначены на 20 ноября.
ОСК Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты президент сайлауына кандидат ретінде ресми тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ОСК-нің кезекті отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына үміткер Жигули Дайрабаевтың кандидатурасының заң талаптарына сай келетіні және оны кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды.
ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың дерегінше, үміткер «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, өмірбаян деректері, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырған.
«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау мақсатында Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 азаматтың қолы жиналды. Бүгінгі күнге олардың 122 246-сы тексеріліп, 119 975-і анық деп танылды. ОСК-нің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен белгіленген ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау үшін анық қолдардың санының жиналуына, яғни, 118 273-тен кем болмауына байланысты тиісті қолдарды одан ары тексеру тоқтатылды. Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажет бүкіл құжаттар ОСК-ға ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді», - деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің атап өтуінше, сайлау заңнамасының 59-бабының 5-тармағында көзделген барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде алынған.
«Осылайша, ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тірке үшін барлық қажетті рәсім сақталды», - деді ол.
Осыдан кейін комиссия Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы барлық талапқа сәйкес екенін растайтын қаулы қабылдады.
В штабе «За честные выборы» прокомментировали ход выдвижения кандидатов в Президенты РК
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - 15 октября в офисе Республиканского общественного объединения «Казахстанский союз юристов» состоялся брифинг членов штаба «За честные выборы» по вопросам выдвижения кандидатов в Президенты РК, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу штаба.
Внеочередные президентские выборы в Казахстане назначены на 20 ноября 2022 года. По новому законодательству Президент выбирается только на один семилетний срок.
Согласно Конституционному закону Республики Казахстан «О Выборах в Республике Казахстан» право выдвижения кандидатов в Президенты
принадлежит республиканским общественным объединениям.
Кандидаты в Президенты выдвигаются республиканскими общественными объединениями в лице их высших органов. Общественное объединение вправе выдвигать лишь одного кандидата в Президенты.
Члены штаба, известные в Казахстане и за рубежом юристы Онгарбаев Еркин Ануарович, Абдрасулов Ермек Байахметович, Аубакирова Индира Ураловна, Марат Советович Башимов, Акжанов Абдыкарым Арынович прокомментировали текущую ситуацию о ходе электорального процесса, пользуясь доступными источниками в публичном поле.
Онгарбаев Е.А. кратко доложил о работе штаба, отметил активность членов штаба по правовому сопровождению положений
конституционной реформы, разъяснению основных положений выборного законодательства, оказание правовой помощи участникам выборного процесса в регионах. Спикер также рассказал о ходе выдвижения кандидатов в Президенты Республики Казахстан.
Профессор Абдрасулов Е.Б. отметил прозрачность принимаемых решений ЦИК, основным источником которых является сайт ЦИК, где все наши граждане могут ознакомиться с принятыми решениями в отношении кандидатов в Президенты Республики Казахстан. Он подробно остановился на решениях ЦИК по оценке кандидатов на соответствие требованиям законодательства, причинах отказа в регистрации отдельных кандидатов Центризбиркомом.
Аубакирова И.У. сообщила о сокращении
Центризбиркомом сроков проверки территориальными избирательными комиссиями, достоверности подписей в поддержку кандидата в Президенты с 10 до 5 дней.
Профессор М. Башимов рассказал, что весь избирательный процесс доводится до сведения избирателей посредством СМИ, встреч с трудовыми коллективами в регионах, как в офлайн так и онлайн-формате. Также он напомнил об ответственности за нарушения выборного законодательства.
По окончании участники брифинга ответили на вопросы СМИ.
ОСК-ның бірнеше кандидатты тіркеуден бас тартуы заңды ма – Заңгерлер одағы пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық бірлестігі Орталық сайлау комиссиясы таратқан ашық ақпаратқа сүйене отырып, ҚР Президенттігіне үміткерлердің талапқа сәйкестігін бағалау процесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20 қарашаға жоспарланған кезектен тыс президент сайлауына 12 үміткер ұсынылғанын бұған дейін де жазған едік. Орталық сайлау комиссиясы солардың сегізін ғана келесі кезеңге өткізгені де баршаға мәлім.
Олардың тізімін тағы бір еске салып кетейік.
1. Жигули Дайрабаев - «Ауыл» халықтық-
демократиялық патриоттық партиясы;
2. Қасым-Жомарт Тоқаев – саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің халықтық коалициясы;
3. Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
4. Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі;
5. Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі;
6. Талғат Ерғалиев - «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі;
7. Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі;
8. Нұржан Әлтаев – «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі;
9. Жұматай Әлиев – «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі;
10. Хайрулла Ғабжалилов - «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі;
11. Бақыт Жаңабаев – «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігі;
12. Фатима Бизақова - «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Бұлардың 8-і Орталық сайлау комиссиясының ұйғарымы бойынша сайлау туралы заңнама талаптарына сай деп танылған болатын.
https://www.inform.kz/kz/saylauga-tuskisi-kelgenderdin-ishinde-8-kandidat-kana-talapka-say-bolyp-shykty_a3990306
Атап айтсақ, Жигули Дайрабаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова, Жұматай Әлиев пен Бақыт Жаңабаев Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес екендігі туралы қаулылар қабылданды.
Ал Хайрулла Ғабжалилов пен Талғат Ерғалиевтің, Фатима Бизақованың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес еместігі ресми мәлім етілді.
«Қазақстан заңгерлер одағы»
республикалық бірлестігінің өкілдері Орталық сайлау комиссиясының бұл шешімі заң талаптарына сай екенін айтып отыр.
Атап айтсақ:
1. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, Хайрулла Ғабжалилов туғаннан Қазақстан Республикасының азаматы емес.
Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, Хайрулла Габжалиловтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда еңбек өтілі жоқ. Осыларды ескеріп, ОСК мүшелері оның құжаттарын кері қайтаруға бірауыздан дауыс берген көрінеді.
2. Орталық сайлау комиссиясының Талғат Ерғалиевке де құжаттарын қайтарып
беруіне осыған ұқсас себеп негіз болған. Оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі тек үш жыл төрт ай екені айтылып отыр. Бұл тіркеуден бас тартуға негіз болып саналады. Өйткені президенттікке кандидаттарға қойылатын талап бойынша, мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл тәжірибесі болуы керек.
Оның үстіне Талғат Ерғалиевті президенттікке ұсынған «Қазақстан құрылысшылар одағы» – заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі. Ал «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 55-бабы 1-тармағының талаптары бойынша, Президенттікке үміткерді республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынуға құқылы.
3. Фатима Бизақованың да мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда қажетті мөлшерде өтілі жоқ деген мәлімет тіркелген. Осыған байланысты ОСК оны
да президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан.
Осының бәрін алға тартқан «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық бірлестігінің өкілдері Орталық сайлау комиссиясының қорытындыларын негізді және Конституция мен қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес деп тауып отыр.
Қазақстан заңгерлер одағы Нұржан Әлтаевтың төңірегіндегі дауға толық түсініктеме беру үшін оның ОСК-ға өткізген құжаттарын көру керек деп отыр. Бұған дейін «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органының Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат етіп ұсынғанын теріске шығаратын даулы мәліметтер тарап, іс сотқа жеткен болатын.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабы
бойынша, ОСК сот актісін орындау үшін президенттікке кандидат Нұржан Әлтаевты тіркеуді тоқтатты.
Заңгерлер одағы осыны алға тартып, Орталық сайлау комиссиясының бұл шешімі де негізді әрі заңды деп бағалаған.
Заңгерлер Нұржан Әлтаевтың сайлау науқанының келесі кезеңіне өтуі енді сот тәртібімен ғана шешілетінін айтып отыр.
Еске салсақ, президентікке үміткерлер Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес болса ғана, сайлау науқанының келесі кезеңіне жіберілеуі керек еді.
Ол талаптар мынандай:
- тумысынан Республика азаматы болуға тиіс;
- ҚР аумағында соңғы он бес жыл бойы тұруға тиіс;
- ҚР аумағында соңғы он бес жыл бойы тұруға тиіс;
- жоғары білім;
- қырық жасқа толған;
- белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс;
- мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға тиіс;
- мемлекеттік тілді еркін меңгеруi тиіс.
Жалпы, үміткер ұсынуға ұзын саны 19 күн берілсе, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтауға 29 күн көзделген, яғни бұл шара 21 қазанға дейін
жалғасады.
Осы аралықта сайлау заңнамасына сай толық іріктелген кандидаттар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1% қолын жинау қажет. 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы сайлаушыларының тізіліміне дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азаматты енгізген. Осылайша, әр кандидатты қолдау үшін сайлаушылардың 118 273 сенім қолы жиналуы керек.
Ол жиналған қолдардың дұрыстығы да 21 қазанға дейін тексеріліп бітуі керек.
Сайлау - 2022: Мейрам Қажыкен халық қолының түгел есептелмеуіне қатысты пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен орталық сайлау комиссиясы оның кандидатурасын тіркегеннен кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алдымен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігінің маған сенім артқанына алғыс айтамын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, айтулы сынақ», - деді Мейрам Қажекен ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, Президенттікке кандидат халықтан қол жинауда барлығының есептелмеуіне қатысты пікір білдірді. Осы тұста айта кетсек, М. Қажекенке
сенімділік танытқан 122 184 қол жиналып, оның 120 055-і расталып, қабылданды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.
«Мүмкін, қате кеткен шығар. Әлде біреулер ЖСН-ның орнына жеке куәлік нөмірін жазып жіберді ме? Жеке өз басым 230 қол жинадым. Штаб және кәсіподақ мүшелері өңірлерді аралады. Әрине, қол жинаудың алғашқы сәтінде қиындық болды. Әсіресе ұйымдастыру жағынан. Себебі мұндай жұмысты алғаш рет өткіздік. Кейін жұмыс жүре бастады», - дейді ол.
Оның айтуынша, сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмысына дайын.
«Бүгін демалып, дүйсенбіден бастап Қазақстан бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізудің жоспарын құруға кірісемін. Оған заңмен тыйым
салынбаған. Үгіт-насихат барысында қол жинау кезінде жіберілген қателіктерді қайталамауға тырысамыз», - деді Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен.
Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркеді.