г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Жарқайың ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18мамырдағы № А-5/215 ҚАУЛЫСЫ

14.06.2022, 05:35

Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 «Тұрғын  үй  қатынастары  туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
  2. Жарқайың ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жарқайың ауданыәкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитов

Жарқайыңауданыәкімдігінің

2022 жылғы 18 мамырдағы

№ А-5/215 қаулысымен бекітілген

Жарқайың ауданына  бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1) бірыңғай сәулеттік стиль - құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс салу ауданына, оның ішінде жеке құрылыс салуға тән бірыңғай белгілер жиынтығы. Сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары негізгі өлшемдер болып табылады. Жеке құрылыс салу ауданы үшін сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулары, жабын түрі мен учаске аумағындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы негізгі өлшемдер болып табылады;

2) кондоминиум объектісі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу - мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу - көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану, санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер кешені;

7) көппәтерлі тұрғын үй - ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;

8) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі - кондоминиум) - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;

9) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы.

2-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі

  1. Жарқайың ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ауданға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін қасбеттерге, шатырларға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.

4.Жарқайың ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»   мемлекеттік мекемесі Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін ауданның бірыңғай сәулеттіккелбетін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.

  1. Жарқайың ауданының әкімдігімынадай іс-шараларды ұйымдастырады:

1) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің,тұрғын емес үй-жайларының (олар болған жағдайда) меншік иелерін ауданның бірыңғай сәулеттік келбетінің жобасымен әкімдіктің ресми интернет-ресурсында таныстыру;

2) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының (олар болған жағдайда) меншік иелерін жоспарланатын жұмыстар және оларды өткізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттандыру;

3) көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетіне, шатырына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне келісу немесе келіспеу туралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың (олар болған жағдайда) меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу.

  1. Жиналыс пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жалпы санының үштен екісінен астамы болған жағдайда шешім қабылдайды.
  2. Жиналыста теріс шешім қабылданған жағдайда, көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін, шатырын жөндеу жөніндегі бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жұмыстар жүргізілмейді.
  3. Жиналыстың оң шешімі қабылданған жағдайда, Бөлім құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыс көлемін, жөндеу түрін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау және олардың физикалық тозу дәрежесін белгілеу үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетінің, шатырының техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.

3-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі

  1. Жұмыс көлемін, жөндеу үлгісін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетінің, шатырының техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі ұйымды таңдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Көппәтерлі тұрғын үй қасбетінің, шатырының техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша Бөлім бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған қасбетті, шатырды күрделі жөндеуге ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстарын ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сараптама қорытындысын алады.
  3. Сараптаманың оң қорытындысын және ағымдағы жөндеудің сметалық құны немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін Бөлім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.
  4. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды Бөлім мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
  5. Бөлім бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып,жүзеге асырады.

4 -тарау. Қорытынды ереже

  1. Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2022" конкурсына қатысу өтінімдері қабылданады

14.06.2022, 05:20

Конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министирлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Казахстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы болып табылады.

Келесі номинациялар бойынша:

  • «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;    

  • «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

 Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

  • "Үздік ұжымдық шарт".

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

  • "Экологияға қосқан үлесі үшін".

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:

1) (қосымшаға сәйкес) толтырылған өтінім;

 2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады  (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат)

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

  • (қосымшаға сәйкес) толтырылған сауалнама

Жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді

қабылданады.

Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.

Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады.

Біздің мекен-жайымыз: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Школьный 24 қиылысы, тел.9-21-83.

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету

14.06.2022, 05:18

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың  2022 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 19 мамырынан 25 мамыры аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

Жарқайың ауданының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы Ш. Қарин «BIRLIK» жастар қозғалысының басшысымен Жарқайың ауданының жастары арасында сайбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі проблемалары және әрі қарай жоспары туралы кездесу өткізді.

Жергілікті «Сарыарқа ТВ» теледидарында «Басшы сағаты» бағдарламасында аудандық полиция бөлімінің қызметкері Д.Қ.Жұматаева парасаттылық мәдениеті және адалдық туралы дәріспен сөз сөйледі.

2022 жылдың 25 мамырында «Жарқайың ауданының Уәлиханов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «Мемқызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді, онда мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жақтырмау мәселелері қарастырылды

Қоғамымыздағы сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдыққа қарсы тұру тек бір ұйымның ғана емес, әрқайсымыздың міндетіміз. Жарқайың ауданы әкімі орынбасарының м.а. А.Баймулдинов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша әлеуметтік сала басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір мемлекетіміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес субъектісі болып табылады, бұл нені білдіреді? Бұл бүгінгі таңда әрбір азамат осы әлеуметтік зұлымдыққа тойтарыс беруге, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге міндетті екенін аңғартады.

Сыбайлас жемқорлық қылмысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жкмқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында, Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ қызметкерлерінің арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Бизнес-қауымдастық іс-шараларын өткізу мақсатында,  бас маман Т.Шпанов 2022 жылдың 25 мамырында жеке кәсіпкерлер арасында "Мемлекет пен бизнес арасында сенім қатынас" тақырыбында әңгімелесу өткізді. Әңгімелесудің аяқталғанынан кейін сараптаманы бағалау үшін сауалнама өткізді.

«Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 24 -25 мамырында Тасөткел ауылының әкімі С.Т.Саухимованың және Отрадный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Есентаевтың қатысуымен«Ауыл әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету» және «Медиация туралы» тақырыбында дөңгелек столдары өткізілді.

«Жарқайың ауданы Костычев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі Ғ.Байдильдинмен азаматтық қауімдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Иттерді ұстау бойынша

14.06.2022, 05:17

Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы "Жарқайың ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ КМК сіздің назарыңызға қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша функцияларды орындау шеңберінде 2022 жылдың басынан 19,0 млн.теңге сомасына 191 қаңғыбас ит ауланғанын және жойылғанын, ағымдағы жылға бөлінген қаржы қаражатының 49% игерілгенін жеткізеді.

 "Жануарларға жауапты қарау туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 2022 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енуіне байланысты ветеринариялық станциялар бұдан әрі қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізе алмайды, бұл қаңғыбас жануарлар санының өсуіне және жануарлардан аса қауіпті аурулардың таралуына әкеледі адамға.

Заңға сәйкес қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау пункттерінде немесе жануарларға арналған баспаналарда ұстау, сондай-ақ қаңғыбас жануарлардың иелерін таңдау қарастырылған. Қаңғыбас жануарлардың санын уларды немесе өзге де химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен жансыздандыру жолымен реттеуге заңмен тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2022 жылғы 18 мамырдағы жануарларды аулаудың, уақытша күтіп-бағудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекітті, олар ағымдағы жылдың шілде айында күшіне енеді .

Айта кету керек, қазіргі уақытта ауданда жануарларды уақытша ұстау пункттері мен баспаналары жоқ.

Ақпарат және шешім қабылдау тәртібімен енгізіледі.

Балалар – өмірдің гүлі!

14.06.2022, 04:50

Балалар үшін нағыз мереке Тасөткел ауылында өтті. Мұндай мерекені ұйымдастырушылар – КДК басшысы Сағдат Қырқанов пен мәдени ұйымдастырушы Іңкәр Мақан. Мерекелік шараның өтуі барысында ұйымдастырушылар балаларға ән айтып, би билеп, түрлі ойындар өткізіп тәттілерді таратты, онсыз қалай болар еді. Ал балаларға іс шараны өткізу үшін демеушілік жасағандар ауылдың жеке кәсіпкерлері мен ауылшаруашылық құрылымдары болды. Ауылдың ең кішкентай тұрғындары үшін кешкі сағат 10-ға дейін би кеші ұйымдастырылды.Ауылда балалардың бос уақытын өткізу үшін ойын алаңы, хоккей корты және спорт алаңы, шаңғы базасы, коворкинг орталығы, кітапхана бар. Олар қай жерде өмір сүрсе де, қала болсын, ауыл болсын, бақытты балалық шақ үшін барлық жағдай жасалуы керек, ал біз, ересектер, бұл үшін бар күш-жігерімізді салуымыз міндет. Ертең мемлекет тізгінінде болып, оны басқаратын да, бізге лайықты қарттықты қамтамасыз ететін де бүгінгі балалар.

Тасөткел ауылының әкімі С.Саухимова.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…