Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2022" конкурсына қатысу өтінімдері қабылданады
Конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министирлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Казахстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы болып табылады.
Келесі номинациялар бойынша:
- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
- "Үздік ұжымдық шарт".
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
- "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
1) (қосымшаға сәйкес) толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат)
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
- (қосымшаға сәйкес) толтырылған сауалнама
Жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді
қабылданады.
Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.
Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады.
Біздің мекен-жайымыз: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Школьный 24 қиылысы, тел.9-21-83.