Қожабекова Б.Қ. зейнеткер
Мен 25 жыл еңбек өтілі бар зейнеткермін, бүгін дауыс беру үшін зейнеткерлікке шыққан «Островский атындағы» мектебіме келдім. Барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын. Болашағымыз жарқын болсын, еліміз тыныш болсын – деді Бахытжан Қожабекова.
Сонымен қоса, Қожабекова Б.Қ.: «Жаңа енгізілген, өзгерістер елімізді тек жақсылыққа әкеледі деген ойдамын. Жаңа заман, жаңа талаптар жаңа өзгерістерді талап етеді» - деді.
8.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруді бастаған референдум учаскелері - 9 964
8.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруді бастаған референдум учаскелері - 9 964.
Еске салайық, Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беру Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстандықтарды Конституцияға президент Тоқаев ұсынған және жұмыс тобы әзірлеген түзетулерге «жақтап» немесе «қарсы» дауыс беруге шақырады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1654395933
Аудандық мәслихат хатшысы А.Әлжанов дауыс берді
Аудандық мәслихат хатшысы А.Әлжанов № 486 учаскеде дауыс беріп, референдум барысымен танысып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Секретарь районного маслихата А. Альжанов проголосовал на участке № 486, ознакомился с ходом референдума, поздравил присутствующих с праздником.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов дауыс берді
5 маусым-ел тарихының жаңа бетін ашатын күн. Таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне қала тұрғындары тартылды. № 483 учаскеде бірінші болып Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов дауыс берді, ол барлығын мерекемен құттықтап, елімізге және оның тұрғындарына амандық, бақыт және гүлдену тіледі.
Жарқайың ауданында сайлау учаскелері ашылды
Жарқайың ауданында сайлау учаскелері ашылды. Дауыс беруге келген ауданның алғашқы тұрғындары шағын сыйлықтармен марапатталды. Аудан бойынша барлығы 24 сайлау учаскесі бар.
____
В Жаркаинском районе открылись избирательные участки. Самые первые жители района, пришедшие на голосование, были отмечены небольшими подарками. Всего по району 24 избирательных участков.